Өлкетанудың мәні мен мақсаттары



Дата06.02.2022
өлшемі24,54 Kb.
#81142
Байланысты:
Дәріс 2 Өлкетану


Дәріс 2
Өлкетанудың мәні мен мақсаттары
Адам-табиғат перзенті. Туған өлкенің, өскен жердің, тау-тасы, алтыннан да ардақты, жаныңа сондай ыстық сезіледі. Неғұрлым табиғатқа жақын болған сайын адам жаны соғұрлым табиғатқа, жаңалыққа жақын тұрады. Тарихпен тілдесіп, табиғат төсінде әрі демалып, әрі денсаулықтарын шыңдап, сондай-ақ ұлы жердің ұлағатын бойларына сіңіре білген адамның да ойы сергек, көңілі көтеріңкі болады.
Елбасымыздың халыққа жолдауынан, біз республикада болып жатқан өзгерістерге өзіміздің қатыстылығымыздың бар екенін сезінеміз. Қазақстанның даму болашағын көріп, өткенді ұғынамыз, олай болса жастар біздің болашағымыз, бүгінгі тәрбиелі ұрпақ-қоғамымыздың ертеңгі саналы азаматы. «Мен табиғаттан өткен тәрбиешіні көрген емеспін» деген Макаренконың сөзіне қарасақ, жас өрендерді табиғатпен сырласуға саяхатқа алып шығып, олардың бойына туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін оятуға баулу, табиғат аясында тәрбиелеу бағытында жұмыс атқару-қосымша білім беру педагогтарының тынымсыз еңбектерінің арқасы. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметтің басты мақсаты-жеке тұлғаның шығармашылық белсенділігін дамыту, кәсіптік мансабын таңдауда тұлғаның бостандығына жағдай жасау. Өз туған жерін, өлкесін, өз тамырын, өз елін оқыту және үйрену әр педагогтың, оқушының игі міндеті, ал өзін-өзі танудағы ең үздік жол- бұл туристік жорықтар, саяхаттар, экскурсиялар және экспедициялар.
Өлкетану деп елдің, облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың белгілі бір бөлігін, осы аймақ туған өлкесі болып табылатын жергілікті халықтың зерттеуі табылады. Кіші аумақ - әкімшілік аудан, қала, ауыл. Туған өлке – облыс немесе көлемі кіші республика.
Өлкетану мен туризм бір – бірімен байланысты. Нақты және әртүрлі өлкетанулық ақпаратсыз туристік маршруттар мен экскурсияларды ұйымдастыру мүмкін емес. Сондықтанда туристік - өлкетанулық жұмыстардың негізін және өлкетанулық зерттеулерді жүргізу әдістерін білу, туризм саласында кәсіби мамандарды даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады.Шағын аймақты кешенді зерттеу, оның тарихын, этнографиясын, мәдениетін, археологиясын, табиғатын, халқын, шаруашылығын және т.б. ауқымды сұрақтарды қамтиды. Туған өлкені жан – жақты зерттеу деп:
1) табиғатын және оның барлық элементтері (геология, жер бедері, жер қойнауы, топырағы, су қоймалары, өсімдік, жануарлар) мен оның байланысын ;
2) тарихы мен демографиясын (қала мен ауыл этнографиясын, топонимика және т.б.)
3) экономикалық өмірін, қоршаған орта мен шаруашылық арасындағы байланысты, шаруашылықтың жеке салалары арасындағы байланысты;
4) халықтың мәдени және рухани өмірін, шығармашылығын (халықтың кәсібін, өнерін, фольклорын, сәулетін).
Туристік-өлкетанулық жұмыстар туризм саласында кәсіби мамандарды даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Оған туған өлке туралы білім алу, мәліметтерді жинақтай білу, бақылау әдістерін үйрену, алынған мәліметтерді өңдеу дағдылары мен сараптай білу, алынған дағдыларды туристік фирма жұмысының тиімділігін арттыруда қолдана білу жатады.
Өлкетанудың ұстанымдары: ғылыми, жүйелілік және реттілік, кешенділік және аймақтылық.Өлкетанудың деректері: әдеби, картографиялық, мұрағаттық, статистикалық, құжаттық (деректік), бақылау.
Қорыта айтқанда – туристік жорықтар шынықтыру, сауықтыру және тәрбие мәселелерін түбегейлі шешуді және танымдық , білімдік мақсаттарды қамтуды көздейді.
Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ұжымдық тәрбиенің ықпалы зор. Туризм тарихты және дүниетанымды қалыптастыруда үлкен көмек көрсетеді, табиғат байлықтарын белсенді түрде қорғау мен қадірлеуді үйретеді. Туристік жорықтар, саяхаттар, көбінесе ұжымда жүргізілетіндіктен , бірінің екіншісіне тәуелді болуы кезінде міндетті түрде бір-біріне деген мұқият қарым-қатынас, өзінің жеке мүддесін ұжымның мүддесінен жоғары қоя алмаушылық, міне, осылардың барлығы ұжымшылдық рухында қарқынды тәрбиелеу үшін, өзіне деген сенімділік, шыдамдылық, дербестік, табандылық, көмекке келуге әрдайым дайын тұрушылық және т.б. сияқты мінез-құлықтың құнды ерекшеліктерін қалыптастыру үшін үлкен мүмкіншіліктер береді. Тәрбиенің жемістілігі туристік жорық кезіндегі әсердің қаншалықты терең және қиындық дәрежесіне байланысты. Студенттердің өздерінің саяхаттары мен туристік жорықтары кезінде өзінің туып өскен өлкесінің табиғаты мен байлығы, адамдары мен олардың өмірі, ұлттық мәдениетімен танысады. Дұрыс ұйымдастырылыған саяхат немесе жорықтар жалпы білім беруді дамытуда маңызды үлес қосады. Білім беруде студенттің тұлғасын мақсатты түрде туристік өлкетану қызметі арқылы мәдениетін қалыптастыруда жан-жақты терең түсініп оларға барынша толық мағыналы-мәнді қылып түсінуіне жол ашып беру бүгінгі заман талабы. Қарым-қатынас өзара әрекет үрдісімен тығыз байланысты. Өзара қарым-қатынас эмоциялық бояуға толы жауап, реакция сипатын алады. Туристік өлкетану қызметі жағдайларында қарым-қатынастың барлық белгілері неғұрлым айқын ашылады. Табиғатпен қарым-қатынаста жасөспірім салыстырмалы дербестікке ие. Жағымды эмоциядан қалыптасқан қарым-қатынас адамгершілікке жатады. Өйткені, адам мен табиғат-бүгіннің бөлшектері. Адамгершілік қарым-қатынастың негізінде ізгі таңдау пайда үшін емес, ар өмірімен, әділет пен мейірім тұрғысынан жасалған таңдау жатады. Жағымды эмоция ұятқа қозғау салады, ал ұят адамның жеке іс-әрекетін реттеуші. Студенттердің дала жағдайындағы мінез-құлық ережелері, туристік ұжымның дәстүрлері мен заңдары жат қылықтар жасауға жол бермейді. Табиғатты аялауда саналы, үйлесімді, жағымды қарым-қатынастарға негізделеді. Ұжымдық іс-әрекетте әрбір студенттің іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану не ренжу, мақтану не намыстану сияқты әртүрлі қатынастар жүйесін туғызады. Адамның көңіл-күй жағдайының тәрбиелік мәні арта түседі. Ұжымдық іс-әрекеттер туристік жорық уақытында ортақ мақсатты орындауға барлық топ мүшелерінің ықыласты болуы, ортақ пікірі, ұйымшылдығы, бір-біріне көмек беруге дайын тұруы, жанашырлығы, ұжымдық қауіпсіздік шараларын қолдана білулері әрбір қатысушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді. Жыл бойы өткізген жарыс, жорық, саяхат, сайыс т.б. іс-шаралары студенттің өзін көрсете алуына мүмкіндік беріп, студенттің жеке және жан-жақты дамуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағытталды. Қорыта келе, барлық нәрсенің өлшемі-адам, оның жан-жақты тәрбиесі педагогикалық-психологиялық талаптар процесінің бұлжымас заңына айналып, тұтас педагогикалық процестің заңды бір құралы болуы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1.Өлкетану түсініктеріне анықтама беру.
2.Туристік-өлкетану жұмыстарының мағынасы неде?
3.Өлкетанудың түрлері қандай негізде бөлінеді?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет