Ойлау іс-әрекет ретінде.
Ойлаудың жеке адамдық сипаты. Ойлауды таным сатысы мен процесі ретінде түсінушілік адамның ақыл-ой қызметі туралы толық мағлұмат бере алмайды. Өйткені ойланатын ойдың өзі емес, белгілі мөлшерде дәл, мағыналы және өзгермелі білім қоры бар нақты мәселелерді шешуге бағытталған. Әр адам бірқатар мамандық, тілекке, мүддеге ие, темперамент, мінез, жас ерекшеліктеріне ие.
Жеке адамдық ерекшелік адамның барлық танымдық әрекетінен, соның ішінде оның ойлауынан айқын көрінеді. Ойлаудың субъективті факторы адамның зейінін қандай мәселенің өзіне аударатындығынан, олардың әрқайсысын ол қалай шешетіндігінен, мәселені шешкенде қандай сезімде болатындығынан, шешімді қалай және қай бағытта іздейтіндігінен, сәттілік пен сәтсіздікке деген реакциясының қандай екендігінен көрініс береді. Субъективті жайт адамның өзінің танып білетіндеріне байланысты қалыптасқан қатынастан да сол процесс өтіп жатқан жағдайдан да, пайдаланылатын әдістерді жетілдіруден де, ілімнің молдығынан және оларды сәтті пайдаланудан да көрініс тауып отыр.
Ойлау — өзіндік ішкі қарама-қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. яғни ойлау осы қарама-қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбиді. Ойлау танымдық теориялық іс-әрекет ретінде әрекетпен тығыз байланысты. Адам әсер ету арқылы ақиқатты таниды, дүниені өзгерту арқылы оны түсінеді. Әрекет ойлау жүзеге асуының бірінші ретті формасы болып табылады. О. операцияларының барлығы (салыстыру, анализ, синтез, жалпылау, абстракция, нақтылау, категоризациялау, жүйелеуді қараңыз) ең алғашында практикалық операциялар түрінде пайда болып, содан соң барып, теориялық ойлаудың операцияларына айналды. Яғни ойлау еңбек іс-әрекеті барысында практикалық операция ретінде немесе практикалык іс-әрекеттің бір компоненті ретінде туындап, содан кейін барып, дербес теориялық іс-әрекетке айналады. Бірақ тәжірибе әрқашан да ойлау ақиқаттығының негізі, мәнді критериі болып табылады. Бірақ егер де біз бір есепті тек практикалық түрде ғана шешетін болсақ, онда оның тек көрнекі жеке мазмұнымен әрекет жасап, оны тек берілген жеке жағдаятты ескере отырып шешеміз. Ал әрбір келесі жағдайларда қайтадан есепті шешуге тура келеді және тағы да бұл жеке міңдетті ғана шешу болып табылады.
Ойлауды психологиялық талдау үшін адамның ойлауының ерекше қасиеттерін сипаттайтын тағы екі ерекшелігін - ойлаудың іс-әрекет пен сөйлеу арасындағы байланысын көрсету керек. "Ойлау іс-әрекетпен тығыз байланысты. Адам шындықты біледі, оған әсер етеді, әлемді түсінеді, оны өзгертеді. Ойлау тек әрекет немесе әрекет-ойлау арқылы ғана жүрмейді; әрекет - бұл ойлаудың негізгі формасы. Ойлаудың негізгі түрі-бұл іс-әрекеттегі ойлау, іс-әрекетте орындалатын және іс-әрекетте анықталатын ойлау" (С.Л. Рубинштейн).
Достарыңызбен бөлісу: |