Тақырыбы: 1) Таным және әлемнің қайта құруындағы ойлау рөлі. 2) Ойлау және сөйлеу. 3) Ой және сөз (Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн). 4) Ойлау мәселелерді шешу процесі ретінде: ойлау процесінің құрылымы мен динамикасы


П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің жоспарлы қалыптасу теориясы



бет7/16
Дата07.04.2023
өлшемі106,06 Kb.
#173948
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Та ырыбы 1) Таным ж не лемні айта руында ы ойлау р лі. 2)
7 практика
П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің жоспарлы қалыптасу теориясы.

Ақыл ой әрекетін жоспарлы қалыптастыру теориясы — ғалым-психолог П.Я. Гальперин жасаған және оның шәкірттері дамытқан түжырымдама. Бұл ақыл-ойдың алдын ала белгілі жоспар бойынша біртіндеп, сатылап берілген білімді, икемділікті және дағдыны дамытудың жалпы психолоғиялық негіздерін қарастыратын теория.
Психологияда 50 жылдары бұл проблемамен П.Я. Гальперин мен оның шәкірттері айналысып, олар ақыл- ой әрекетінің қалыптасу процесін зерттеуден бастаған болатын. "Адамның санасынан тыс болып келген сыртқы, қандай жолмен ішкі ақыл-ойға айналады, яғни оның санасының мүлкіне, оның ақылына тән болуы қандай жолмен жүзеге асады? "- деген сұраққа жауап іздеуде бірте -бірте бұл мәселеге қорытынды шығарылып, бұл П.Я. Гальпериннің ақыл-ой іс-әрекетінің қалыптасуының жоспарлы сатылық концепциясын құрады.

Бұл концепция кең жалпы психологиялық маңызға ие, себебі ол жоғарыдағы сұраққа жауап беріп қана қоймай, психология пәнін оқытуда бағыттаушы қызмет атқарады; жануарлардың психикалық дамуынан принципті ерекшеленетін адам психикасының эволюциясы туралы білімді; психикалық іс-әрекеттің түрлері мен формаларын (қабылдау, ойлау, зейін т.б.) және олардың қалыптасу заңдылықтарын оқыту; сондай-ақ идеалды іс-әрекет пен образды т.б. психикалық іс-әрекеттің негізгі элементтерінің қалыптасу заңдылықтары туралы оқыту, яғни бұл ақыл- ой әрекеті мен түсініктің қалыптасуы туралы оқыту болып табылады. Ал бұл педагогика тілінде "білім- икем-дағдыны" білдіреді. Бұл психологиялық дұрыс оқытуды үйрететін қазіргі кезеңде қызығушылық тудырып отырған соңғы теориялық негіз болып отыр және әдебиеттерде оқу- "ақыл-ой іс -әрекетінің сатылық қалыптасу теориясы" ретінде танымал.

Осы теорияға сәйкес оқу саналы іс-әрекетті қалыптастыратын іс-әрекет ретінде қарастырылады. "Саналы іс-әрекет - адамның практикалық, танымдық әрекетінің негізгі бірлігін құрайды, ол жеке тұлғаның тәжірибесінде бірнеше өзгерістер мен жағымды (немесе жағымсыз ) құрамын өзіне қосу арқылы қалыптасады."

Гальпериннің концепциясында оқу- қатысушыға жаңа білім мен қабілет беретін іс-әрекеттердің спецификалық түрлерінің жүйесі ретінде қарастырылады. Сондықтан бұл теорияны жақтаушылар оқудың мақсаты жұмыс туралы біліммен әрекет ету қабілеті деп санайды. Кез-келген оқу адамға "бір нәрсені істеуге" үйрету үшін қолданылады, ол ізденушіге іс-әрекетінің дұрыс орындалуын қадағалап, бағыттап, дәл, анық білім беруден бұрын, ол үшін нені қалай істеу керек, неліктен тура солай істеу керектігі туралы білім керек. Сонымен қатар маманға жүзеге асқалы жатқан іс-әрекеттің қайсы элементтері әрдайым кәсіби іс-әрекетті қатесіз жүзеге асыратын сенімді бағыт болатынын анықтай білуі қажет. Бұл бағыттырдың элементтердің жиынтығы оқушыға бұл қызметтті оқып-үйренуде ең негізгі әрекеттің нысаналы негізі болуы тиіс. "Әрекеттің нысаналы негізі- бұл адамның әрекетті жүзеге асырудағы шынайы сүйенетін талаптардың жүйесі болып табылады. "Оқушы аталмыш әрекетті білмегендіктен, ол оған енді ғана үйрене бастағандықтан, оқытушы оқушының "қолына" іс-әрекеттің нысаналы негізін ұстатуы тиіс, осыдан кейін ғана оқушы осыған сүйене отырып, өзінің әрекетін орындайды. Басқаша айтқанда адам егер әрекеттің нысаналы негізін (ООД)- қатаң қадағалып, соның бастауымен жұмыс істесе, бұл аталмыш әрекетпен алғаш кездескен адамның өзі де қатесіз жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Осы арқылы ол кез-келген жаңа жұмыс, жаңа қызмет түрі болсын, бұл тіпті тригонометриялық есептерді шығару болсын, хатты орфографиялық сауаттылықпен жазу немесе жаңа самолетті жинау болмаса психологиялық құбылыстарды анализдеу болсын кез-келген әрекетке үйренісіп кете алады.


"Кез-келген адамның іс-әрекетінде,-де жазды П.Я.Гальперин ,- нысаналы, атқарушы және бақылаушы бөлігі бар. "Оқушы оқытушы қамтамасыз ететін нысаналы бөлігіне сүйене отырып, оқушы оқу процесінде әрекеттің атқарушы бөлігінде оқиды.

Оқытудың нақты методикаларының негізінде жүзеге асырылған ақыл-ой әрекетінің этаптық қалыптасуының психологиялық концепциясы оқу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді: мұның нәтижесін оқушының қалыптасқан қызметін қатесіз орындау икемімен, оның басқалармен салыстырғанда уақыт (кейде тәртіп) жағынан әрдайым біршама ерте аяқтайды. Ал жиналған білімнің шыдамдылығы мен сапасы, икемі мен дағдысы басқалардан жоғары тұрады және негізгісі - бұл ешқандай қосымша материалдық, қаржылық, адами (кадрлық) ресурстарды қажет етпейді.



Осы концепция негізінде оқу іс-әрекетінің құрылуының нәтижелілігі гальпериндік топпен ғана дәлелденіп, зерттелген жоқ, бұл П.Я.Гальпериннің мектебімен, оның шәкірттері, жақтаушылары мен жалпы оқытудың практикадағы жолын қуушылар да өз үлесін қосты.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет