Педагогика СӨЖ - 1 Тақырыбы: Педагогикалық үдеріс ұғымының дамуы
Тексерген: Байсултанова С.Ч.
Орындаған: Бекқулиева Б.Р.
Алматы 2021
Тұтас педагогикалық процесс ұғымының қалыптасуы мен даму тарихы
Қойылған мақсатқа жету үшін тұлға дамуын ұйымдасқан түрде жүргізу қажет. Басқаша айтқанда, белгілі бір нəтижеге жету үшін тəрбиеге мұғалімдер мен оқушылардың өзара əсерлесуі біріктірілген, басқарылатын үдеріс пішінін беру керек. Мұндай үдерісті оқу-тəрбие немесе педагогикалық процесс деп атайды. Бұл үдеріс алдын ала анықталған мақсатқа қол жеткізуге жəне алдын ала белгіленген өзгерістерге, тəрбиеленуші қасиеттері мен белгілерін түрлендіруге алып келеді. Педагогикалық процесс – тəрбиешілердің əлеуметтік тəжірибесі тəрбиеленуші тұлғасының қасиеттеріне айналатын өзара əсерлесуі. Педагогикалық процестің ең басты ерекшелігі – оның тұтастығы. Пайда бола бастаған кезден тəрбие тұтас үдеріс ретінде қалыптасты. Алғашқы кездегі тəрбие формаларының өзінде-ақ – салт, ритуал, ойындар барысында аға ұрпақ білімдері мен іс-əрекет тəжірибелерін беруге ғана емес, мінез-құлықты қалыптастыруға да мəн беріп отырған. Келесі кезеңдерде тəрбие оқытудың құрамды бөлігі ретінде қарастырылды. Қоғамдағы еңбектің əрі қарай бөлінуі оқыту мен тəрбиелеудің жіктелуіне алып келді. ХІХ ғасырдың өзінде-ақ оқыту мен тəрбиелеу бірлігін дəлелдейтін фактілер пайда бола бастады. Олар И.Ф. Гербарт, К.Д. Ушинский, Н.Ф. Бунаков, В.П. Вахтеров т.б. еңбектерінде талдана бастады. Педагогикалық үдеріс тұтастығын дамытуға Н.К. Крупская, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко, А.П. Пинкевич көп үлес қосты. Бірақ 30-жылдары оқыту мен тəрбиелеу ерекшеліктерін тереңдете зерттеу үшін оларды бөліп қарастыру көзқарасы басым болды. Тұтас педагогикалық процесс мəселесіне 70-80-ші жылдар аралығында Ю.К. Бабанский, М.А. Данилов, В.С. Ильин, В.В. Краевский, Б.Т. Лихачев жəне т.б. көңіл бөле бастады. Ғалымдар мен педагогтер тұлғаны дамытуға жан-жақты амал жасау тек педагогикалық процесс тұтастығы негізінде жүзеге асырылатындығын баса көрсетті. Қазақстанда тұтас педагогикалық процесті дамыту мəселесін кеңінен қарастырған ғалым-педагог Н.Д. Хмель жəне оның шəкірттері болып табылады. Жоғарыда аталған ғалым-педагогтер еңбектерінде тұтас педагогикалық процестің барлық мүмкіндіктері зерттелді.
Қазіргі қайта құру кезеңінде тұтас педагогикалық процестің мəні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тəрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді. Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру жəне тəрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесі деп атайды. Білім беру мен тəрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде əрбір тақырып бойынша оқуды тəрбиемен үйлестіріп өткізу – оқу-тəрбие процесінің басты шарты. Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы жəне оқушылар коллективі бір жағынан тəрбие обьектісі, екінші жағынан тəрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу тəрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың творчестволық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Тəрбиенің субьектілері мен обьектілері арасында əр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тəрбиешілер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-əрекеті т.б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі əсер етеді. Тұтас педагогикалық процестің өзіне тəн компоненттері бар. Олар оқыту мен тəрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен əдістері, сонымен қатар нəтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана оң нəтиже береді. Тəрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тəрбиелеу жəне өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тəрбие, білім беру жəне даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн. Оқушы – педагогикалық процестің субъектісі. Педагогикалық процестің негізгі белгілері. Педагогикалық процесте педагог – объект жəне субъект. Объект ретінде – тəрбиелік əсерлерге түседі жəне өзін жетілдіріп отырады. Бұл үшін оған өзінің диалектикалық ойлауын дамыту, өзіне жəне тəрбиеленушілерге эмоционалдық қатынас жасай білу қабілеттілігі, өз іс- əрекетіне сынай қарай білу қабілеттілігі қалыптасуы керек. Субъект ретінде – арнайы педагогикалық білім алады, адам тəрбиесіне қатысты жауапкершілікті мойнына ала алады, дүниетанымы, рухани-құлықтық белсенді қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін дамытады. Оқушы да педагогикалық процесте – объект жəне субъект. Объект ретінде – педагогикалық мақсаттарға сəйкес түрленетін дербестігі бар. Субъект ретінде – табиғи қажеттіліктері, нышандары, өз қажеттіліктерін, қабілеттіліктерін, қызығушылықтарын, ұмтылуларын түрлендіруге, өзгертуге педагогикалық əсерлерді белсенді меңгеруге немесе қарсы тұруға мүмкіндігі бар. Бұл жерде ескеретін нəрсе, оқу-тəрбие үдерісінің негізі ретінде оқытуда да, тəрбиелеуде де тұлғаның дамуы жүзеге асырылуы қажет. Демек, педагогикалық процесс оқыту тəрбиелеу тұтастығы негізінде тұлғаның дамуын жүзеге асыру болып табылады.
Педагогикалық процестің нəтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дəрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады. Оқыту мен тəрбие процестерін бір-бірінен ажыратуға болмайды, бірақ бұлардың əрқайсысының өзіне тəн ерекшеліктері бар. Тəрбие процесі – бұл күрделі диалектикалық процесс. Оған əлеуметтік ортаның, үй жағдайының, түрлі адамдардың ықпалы ерекше əсер етеді. Сондықтан тəрбие процесін, оқыту процесі сияқты тез іске асыру, тексеру жəне нəтижесін анықтау өте қиын. Мысалы, оқушылардың мінез-құлқындағы адамгершілік сезім мен сенімнің жəне дағдының бірлігін тексеруге бола ма? Əрине, тексеру өте қиын, өйткені мұндай қасиеттер балада жастайынан, бүкіл өмірі бойы қалыптасады.