Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Білім беру жүйесі- сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады.
Яғни, білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі .
Үздіксіз білім беру жүйесі.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру.
Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді.
Жалпы орта білім - үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар).
Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда «Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының» жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге – рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген