Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Сөж-3
Тақырыбы: Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің принциптері
Орындаған: Маулен Мадина 210 топ
Тексерген: Исабаева Ж.Н
Алматы 2022 ж
Мазмұны:
1.Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің принциптері
2. Қазақстан Республикасы Президентінің атқарушы билік аясындағы өкілеттіктері
3. Заңдылықты қамтамасыз етуді қадағалау
1.Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің принциптері
Принциптер – бұл атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің аса маңызды саяси-құқықтық және ұйымдастыру-құқықтық негіздері.
Атқарушы билік органдарының түрлері.
Атқарушы билік органдары өз қызметінің мазмұны және нақтылы бағыты бойынша ажыратылады. Оларды төмендегідей түрлі топтарға бөлуге болады.
1. Қызметінің аумақтық көлемі бойынша атқарушы билік органдарының екі деңгейін бөлуге болады: республикалық және жергілікті. Бұл белгі унитарлық мемлекеттік құрылыспен және Қазақстан Республикасын әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлумен байланысты. Қазақстанның бүкіл аумағына Үкіметтің, республика министрліктерінің және өзге де республикалық атқарушы билік органдарының қызметі таратылады. Жергілікті: облыстардың, аудандардың, қалалардың, ауылдардың,селолардың, кенттердің атқарушы билік органдары өзінің қызметін тиісті аумақтың шеңберінде жүзеге асырады.
Республикалық атқарушы билік органдары жергілікті жерлерде өздерінің аумақтық органдарын басқармалар, департаменттер және т.б. құра алады, бірақ олар жергілікті атқару органдары жүйесіне кірмейді. Мұның сыртында, кейбір республикалық атқарушы билік органдарының аумақ аралық органдары болады. Олардың қызметі бірнеше аумақтарды қамтиды.Мысалы, темір жол, әскери құрылымдар және т.б.
2. Ұйымдастыру – құқықтық нысандары бойынша, бұл ең алдымен олардың аттарынан көрініс табады. Республика деңгейінде мыналар ажыратылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктері, агенттіктері, комитеттері, ұлттық комиссиялары, өзге де атқарушы билік органдары. Жергілікті жерлерде мұндай нысандарға әкімдер, әкімдіктер, комитеттер, басқармалар, департаменттер, бөлімдер және өзге де органдар жатады.
3. Атқарушы билік органдары құзыретінің сипатына байланысты мыналарға бөлінеді:
А.жалпы құзыретті, яғни мемлекеттік-басқарушылық қызметтің барлық немесе көпшілік бөлшектеріне таратылатын функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға. Бұлар аса маңызды органдар: Үкімет, әкімдер, әкімдіктер;
Ә. салалық құзыретті, яғни өздеріне тапсырылған басқару салаларының немесе қызмет аяларының шеңберінде функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға мысалы, денсаулық сақтауды, ішкі істерді т.с.с. Бұлар, әдетте, министрліктер, жергілікті салалық, функционалдық атқарушы органдар.
Б. салааралық құзыретті, яғни барлық немесе бірнеше салалық жүйелерге жалпы бірдей болатын олардың қарастылығына жатқызылған арнаулы мәселелер бойынша функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға мысалы, стандартизациялау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша т.с.с. Бұлар министрліктер де, агенттіктер де, ведомствалар да және т.б. болуы мүмкін.
Бұлардың арасынан кейде салалық және салааралық құзыретті органдар белгілерін қамтитын арнаулы және аралас құзыретті органдарды бөледі. Мұндай құзырет көпшілігінде әр түрлі ұйымдыққұқықтық нысандағы республикалық орталық атқарушы билік органдарына тәнді.
Достарыңызбен бөлісу: |