Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы



Дата07.02.2022
өлшемі86,58 Kb.
#85476
түріЛекция
Байланысты:
Лекция 2

Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы

Лекция 2

Топ: Шт 13-5

  • Толыбай Мейіржан
  • Ахметова Нурина
  • Түгелбай Перизат
  • Мусаева Хафиза

Жоспар:

  • Педагогика дегеніміз не?
  • Педагогикалық қызмет
  • Педагогтың кәсіби қызметінің негізгі түрлері
  • Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
  • Педагогикалық іс-әрекет
  • Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:
  • Мұғалімнің кәсіби негізгі қасиеттері

Педагогика (гр. 'παῖς', paіda — бала, гр. 'ἄγω', gogos — жетектеуші) — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым. Тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты.

Педагогикалық қызмет

Педагогикалық қызмет - педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін және шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет.

Педагогикалық қызмет-негізгі мәселе мұғалімнің талаптары мен мақсаттарының оқушының мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен, сәйкестігі. Педагогикалық қызмет сәтті жүзеге асыру мұғалімнің педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы игеруімен, оның кәсіби санасынын деңгейімен байланысты.

Педагогикалық қызмет үш моделі:

  • мәжбүрлеу педагогикасы (авторитарлық педагогикасы);
  • толық бостандық педагогикасы;
  • серіктестік педагогикасы.

Педагогтың кәсіби қызметінің негізгі түрлері


тәрбиелеу
оқыту
білім беру

Тәрбиелеу - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Тәрбиелеу - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі.

Білім беру - бұл оќушылар алып, меңгеретін білімдердің, ќабілеттердің және дағдылардың жүйеге келтірілген жиынтығы.

Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы

  • Ежелгі Вавилонда, Египетте, Сирияда мұғалімдер ең алдымен жрецы болды.
  • Ежелгі Грецияда – мұғалімдер өте ақылды, талантты азаматтардан алынды: педономдар, педотрибтар, дидаскалдар, педагогтар.
  • Ежелгі Римде император мұғалім ретінде мемлекеттік лауазымдағы адамдарды, ғылымды жақсы білген, саяхатшыларды, көп көргендерді қойды, яғни бұндай адамдар басқа халықтың тілін, салт-дәстүрін білетін адамдар.
  • Ежелгі Қытай жазбаларында біздің эрамызға дейінгі XX ғасырларда елде халық ағарту ісімен айналысатын министрлік болғаны айтылады.

Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:

  • Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.
  • Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет. 
  • Іс-әрекет субъект – субъектілік және субъект-объектілік сипатта болады. 
  • Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілетін педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелері болашықта ғана айқындалады. 

Педагогикалық іс- әрекет тәсілдері: 


түсіндіру
тренингтер
оқушы тәжірибесі
көрсету (иллюстрация)
оқушылармен бірігіп атқарылатын жұмыс

Мұғалімнің кәсіби негізгі қасиеттері


оқушыларға деген сүйіспеншілігі, 

педагогикалық процесті жүйелі жүргізе алуы, 

бақылағыштылығы, 

педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы, 

педагогикалық ойлаудың қалыптасуы, 

қарым-қатынас жасай алуы

ұжымшылдығы

шығармашылығы 

Педагог мамандығының негізгі міндеті – қоғамдық мақсатты түсініп, басқа адамдардың күш-жігерін сол мақсатқа жетуге бағыттау.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет