Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (педагогтерді аттестаттауға қадам бойынша әдістемелік нұсқау хат)
Ескерту. Қағидалары мен шарттары жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 жылғы №561 бұйрығымен.
Педагогтерді аттестаттау "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.
Тиісті саланың уәкілетті органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттау үшін осы мемлекеттік органдардың бірінші басшысының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін комиссиялар құрылады:
"педагог" – білім беру ұйымдарында;
"педагог-модератор" ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімі органдарында;
"педагог-сарапшы" және "педагог-зерттеуші" облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органдарында;
"педагог-шебер" – білім беру саласындағы уәкілетті органның жанында.
Комиссия отырыстарында аудио- немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио бейнежазба аттестаттау рәсімін өткізген мемлекеттік органда кемінде үш жыл сақталады. Тиісті деңгейдегі Комиссия аттестатталушының құжаттарын жылына екі рет (тиісінше ағымдағы жылғы 5 мамырға және 5 қарашаға дейін) қарайды.
Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды: педагогтер үшін:
1) Біліктілік тестілеуі;
2) эссе;
3) біліктілік бағалауы;
4) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
Біліктілік тестілеуі білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде өткізіледі.
Ескерту:
Ұлттық біліктілік тестілеуіне қатыса отырып, мен жеке мәліметтерімді өңдеуге келісемін.
Мен тестілеуден өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдалануға тырысқаным үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасай отырып алып тастау туралы хабардармын.
Тыйым салынған зат табылған жағдайда бес жылға аттестаттаудан өту құқығынан айырылатыным хабарланды.
Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған кезде, сондай-ақ бейнежазбаны қарау кезінде анықталған кезде тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны хабарланды.
Тыйым салынған заттар:
ұялы байланыс құралдары (пейджер, Ұялы Телефондар, планшеттер, айпэд (iPad), айпод (iPod), айфон (iPhone), смартфон (SmartPhone), Смартчастар); ноутбуктер, плеерлер, модемдер (мобильді роутерлер);
радиоэлектрондық байланыстың кез келген түрлері (вай-фай (Wi-Fi), блютуз (Bluetooth), дест (Dect), 3G, 4G, 5G;
сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалар;
шпаргалкалар және оқу-әдістемелік әдебиеттер;
калькулятор және түзеткіш сұйықтықтар.
Пайыздарды балдарға ауыстыру шкаласы
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері үшін
Санат
|
Блок
|
Пәндер бойынша балл
|
Біліктілік тестінен өту үшін (%)
|
Біліктілік тестінен өту үшін (балл)
|
Педагог-
модератор
|
Мектепке дейінгі педагогика және психология
|
30
|
60%
|
18
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі
|
30
|
40%
|
12
|
Педагог-
сарапшы
|
Мектепке дейінгі педагогика және психология
|
30
|
70%
|
21
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі
|
30
|
50%
|
15
|
Педагог-
зерттеуші
|
Мектепке дейінгі педагогика және психология
|
30
|
80%
|
24
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі
|
30
|
60%
|
18
|
Педагог-
шебер
|
Мектепке дейінгі педагогика және психология
|
30
|
90%
|
27
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі
|
30
|
70%
|
21
|
Орта білім беру ұйымдарының педагогтері, білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін
Санат
|
Блок
|
Пәндер бойынша балл
|
Біліктілік тестінен өту үшін (%)
|
Біліктілік тестінен өту үшін (балл)
|
Педагог-
модератор
|
Оқу пәнінің мазмұны
|
70
|
60%
|
42
|
Педагогика,
оқыту әдістемесі
|
30
|
40%
|
12
|
Педагог-
сарапшы
|
Оқу пәнінің
мазмұны
|
70
|
70%
|
49
|
Педагогика,
оқыту әдістемесі
|
30
|
50%
|
15
|
Педагог-
зерттеуші
|
Оқу пәнінің
мазмұны
|
70
|
80%
|
56
|
Педагогика,
Педагогика,
оқыту әдістемесі
|
30
|
60%
|
18
|
Педагог-
шебер
|
Оқу пәнінің
мазмұны
|
70
|
90%
|
63
|
Педагогика,
оқыту әдістемесі
|
30
|
70%
|
21
|
Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, арнайы ұйымдардың, интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері үшін
Санат
|
Блок
|
Пәндер бойынша балл
|
Біліктілік тестінен өту үшін (%)
|
Біліктілік тестінен өту үшін (балл)
|
Педагог-
модератор
|
Педагогика,
оқыту әдістемесі
|
30
|
60%
|
18
|
Психология
негіздері
|
30
|
40%
|
12
|
Педагог-
сарапшы
|
Педагогика,
оқыту әдістемесі
|
30
|
70%
|
21
|
Психология
негіздері
|
30
|
50%
|
15
|
Педагог-
зерттеуші
|
Педагогика,
оқыту әдістемесі
|
30
|
80%
|
24
|
Психология
негіздері
|
30
|
60%
|
18
|
Педагог-
шебер
|
Педагогика,
оқыту әдістемесі
|
30
|
90%
|
27
|
Психология
негіздері
|
30
|
70%
|
21
|
Тестілеу аяқталған соң педагог эссе жазады. Берілетін уақыт – 30 минут. Қолданылатын сөз саны – 250-300 сөз. Жыл сайын эссе тақырыбын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Жазылған эссе педагогтің жеке кабинетінде ngt.testcenter.kz сілтемесі бойынша көрсетіледі.
Біліктілік тестілеуінің нәтижелері бойынша педагогтің өтініші (8-қосымша) негізінде (қолданыстағы санат мерзімі өткенге дейін) және біліктілік бағалауынан кейін одан әрі аттестаттау рәсімі жүргізіледі.
Педагогтерді біліктілік бағалауды білім беру ұйымдары жүргізеді және 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген құжаттар тізбесіне сәйкестігін қарауды қамтиды.
Қажетті құжаттар болмаған жағдайда педагог жетіспейтін құжаттарды 3 жұмыс күні ішінде әкеледі.
7-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |