Пәндер тізімі Биологияны оқыту әдістемесі Биологияға кіріспе биологияны оқыту әдістемесі



бет1/4
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#76611
  1   2   3   4



Пәндер тізімі

1. Биологияны оқыту әдістемесі


2. Биологияға кіріспе
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1. Биологияны оқыту әдістемесі ғылым ретінде және оқу пәні ретінде: пән, мақсаты мен міндеттер
і, проблемалары мен даму тенденциялары. Ғылымның құрылымы, негізгі құрылымдық компоненттері. Психология, педагогика, жас ерекшелік физиологиясы, биология және т.б. ғылымдармен байланысы.
2. Жаратылыстануды оқыту әдістемесінің дамуы. А.Я. Герд, В.В. Половцов, Д.Н. Кайгородов, К.П. Ягодовский сынды ғалымдардың сол кездегі Ресей мен оның құрамындағы халықтардың жаратылыстану әдістемесінің дамуына ықпалы.
3. Б.Е. Райков, И.И. Полянский, Б.В. Всесвятский, П.И. Боровицкий, Н.А. Рыков, Н.М. Верзилин, В.М. Корсунская, Б.Д. Комиссаров, И.Д. Зверев, Т.М.Мұсақұловтардың жалпы және кәсіптік білім беретін мектептерде биологияны оқыту мен тәрбиелеу теориясының дамуына косқан үлестері.
4. Биологияны оқыту мен тәрбие теориясының қазіргі мектептегі проблемалары. Биологияны мектепте және арнаулы орта оқу орнында оқыту мен ол арқылы тәрбиелеу теориясының перспективалары.
5. Биологиялық білім беруді зерттеудің методологиялық проблемалары. «Методологиялық зерттеу» түсінігі. Биологиялық білім беру мен тәрбиені зерттеудің методологиялық мақсат және міндеттері, фунциялары және стратегиялары. Методологиялық зерттеулердің негізі.
6. Биологияны оқыту мен тәрбие теориясының педагогикалық ғылымдар жүйесінде алатын орны. Биологияны оқыту технологиясының педагогика, психология, биология және т.б. ғылыми пәндермен байланысы.
7. Биологиялық білім беру дамуының негізгі қағидалары. Биологияны оқыту барысында оқушыларда ғылыми функциональды сауаттылықты қалыптастыру.
8. Биологиялық түсініктер және оны дамытудың теориялық ғағидалары. Түсініктерді дамытудың жолдары. Мектеп биология курсында түсінік қалыптастырып және дамытудың жалпы тәсілдері. Түсініктер қалыптастыру динамикасы.
9. Қазіргі биологиялық білім берудың мақсат міндеттері мен қызметтері. Жалпыға міндетті орта білім беру стандарты. (2010ж). 12 жылдық мектептегі биологиядан білім беру концепциясы. Биологиялық білім берудің мазмұны, мақсат, міндеттері.
10. Мектептегі биологиялық «білім берудің вариативтілігі», оқу тізбектері, типтік оқу бағдарламалары, инвариантты бағдарламалар, оқулықтар, ОӘК.
11. Биологиялық білім берудің түрлері. Биологияны оқытуда жеке-тұлғаға бағытталған инновациялық тәсілдер.
12. Биологияны оқытудың түрлері. Биологины оқытудың дидактикалық принциптері.
13. «Педагогикалық технология» ұғымы. «Оқыту әдістемесі» мен «оқыту технологиясы» ұғымдарының арақатынасы. Биология курсын оқытудагы педагогикалық технологиялар. Педагогикалык технологиялардың деңгейлері.
14. Оқыту әдістерінің түсінігі. Биологияны оқытудағы әдістердің жүйесі. Н.М. Верзилин және Б.Е. Райков бойынша биологияны оқыту әдістерінің классификациясы. Биологияны оқытудың логикалық, ұйымдастырылған және әдістемелік түрлері. Оқыту әдістерінің негізгі функциялары.
15. Ауызша баяндау, әңгіме, түсіндіру, дәріс, диспут. Биология сабағында қолдану ерекшеліктері. Мұғалімнің сөйлеу мәденитеі.
16. Оқыту тәсілдерінің оқу-тәрбие процесіндегі маңызы. Оқыту құралдарының жүйесі. Көрнекілік құралдарының классификациясы. Тарауға, тақырыпқа сәйкес көрнекіліктер таңдау.
17. Сабақтың мазмұнын жоспарлау. Мектептің типтік бағдарламасы негізінде мұғалімнің жұмыс жоспарын тақырыптық жоспарлау. Биологияны оқыту процесіндегі жоспарлаудың маңызы.
18. Заманауи сабақ жоспары сабақтың технологиялық картасын жасау. Биологиялык білім беру сапасын бағалау технологиялары. Сабаққа дайындалу барысында мұғалімнің шығармашылығының маңызы.
19. Сабақ- білім берудің негізгі формасы: белгілері, қазіргі талаптар, сабақтың түрлері және оның құрылымы. Шағын жинақты орта мектептерде биологиядан бірлескен сабақтарды жүргізудің ерекшеліктері.
20. Сабақтың жүйесі. Сабақтың құрылымы. Сабақтың түрлері мен типтері. Кіріспе сабақтардың жалпы сипаттамасы, жаңа материалдарды игеру.
21. Зертханалық сабақ - оқыту формасының бірі. Зертханалық сабақты ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын талаптар.
22. Мектеп дәрісі биологияны оқыту формасы, оның түрлері мен белгілері. Мектеп дәрісін ұйымдастырып, өткізуге койылатын талаптар.
23. Семинар - жоғары сынып оқушыларының білім-білігін меңгеру формаларының бірі. Семинар сабағының методикалық ерекшеліктері.
24. Танымжорық биологияны оқыту формасы, оның белгілері. Биология пәні бойынша өткізілетін танымжорықтардың түрлері. Биология пәні танымжорықтың кұрылымы, мақсаты мен мазмұны. Табиғат аясында танымжорықты ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі.
25. Мектепте биологиялық экскурсия ұйымдастырудың принциптері мен ережелері. Ботаникалық және зоологиялық экскурсиялар, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
26. Биология сабағында оқушылардың білімін тексеру үшін мониторинг жүргізудің, диагностиканың технологиялары мен формалары. Биологиядан оқушылардың білімін тексерудің дәстүрлі және жаңа әдістері.
27. Оқушылардың үй тапсырмалары, олардың көптүрлілігі. Үй тапсырмаларын ұйымдастырудың ерекшеліктері. Үй жұмысының мазмұнына, сипаттамасына көлеміне қойылатын талаптар. Алдын ала берілген үй тапсырмалары. Үй тапсырмаларының тиімдігілі.
28. Оқушылардың сабақтан тыс жұмыстары: жазғы тапсырмаларды ұймдастыру және олардың ерекшеліктері, фенобақылау жүргізу, мектептәжірибе алаңында тәжірибе жүргізу.
29. Шағын жинақты орта мектептерде оқушылардың білім тексеру үшін жаңа материалды игеру барысында сыныпта өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру.
30. Тақырыптық және қорытынды, ағымдық, алдын ала бақылау. Шағын жинақты орта мектептерде оқушылардың білім, дағдысын, қабілетін тексеру үшін қолданылатын әдістердің түрлері.
31. Биология мұғалімінің қорытынды-бағалау әрекеті. Оқушылардың білімі мен қабілетін бағалау. Оқушылардың үлгерімінде бағаның алатын орыны. Биологиядан оқушылардың оқу жетістігін критериальды бағалаудың жүйесі.
32. Биологияны оқыту түрлері. Құзіреттілі-бағдарлы білім беру жағдайында биологияны оқыту аспектілері, инновациялық тәсілдер.
33. Биология курсы бойынша сабақтан тыс жұмыстар және оның түрлері. Мектепте биологиядан үйірме ұйымдастыру және өткізудің ерекшеліктері.
34. Биология курсы бойынша сабақтан тыс жұмыстар және оның түрлері. Мектепте биологиялық олимпиадалар мен байқауларды ұйымдастыру әдістемесі мен ерекшеліктері.
35. Биология курсы бойынша сабақтан тыс жұмыстар және оның түрлері. Сабақтан тыс жұмыстардың маңызы. Биологиядан жаппай сабақтан тыс жұмыстардың маңызы.
36. Оқытудың белсенді әдістері мен құралдары. Мектепте қолданылатын қазіргі көрнекілік құралдарының сипаттамасы. Оқыту құралдарының сипаттамасы: табиғи, жасанды, техникалық.
37. Биология кабинеті, оның ұйымдастырылуы мен жабдықталуы. Көрнекі құралдарды сақтау. Кабинеттің оқу тәрбиелік орыны.
38. Тірі табиғат бұрышы, оның ботаникалық зоологиялық бөлімі. Мектептегі биология курсынан өткізілетін сабақтарды тірі табиғат бұрышындағы, оқу тәжірибелік учаскедегі жұмыстармен байланыстыру жолдары. Тәрбиелік маңызы.
39. Биология сабағында оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері. Биологиялық білім беру құралдарының көмегімен оқушыларда продуктивті ойлауды дамыту. Жалпы биологиялық түсініктерді қалыптастыру.
40. Мектептегі тәжірибе алаңы. Жоспарлау және ұйымдастыру. Оқушылармен тәжірибе жұмыстарын жүргізудің әдістері.
41. Педагогикалық технология ұғымы. Технология мен әдістің байланысы. Педагогикалық технологиялардың классификациясы. Педагогикалық технологиялардың жағымды жағымсыз жақтары. Технологиялық сабақтың артықшылығы.
42. Биологияда проблемалап оқыту. Оқу проблемалары. Проблемалық сабақтың құрылымының түрлері. Сабақта проблеманы тудыру және шешу жолдары.
43. Биологияны жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиялары. Биологияны жеке тұлғаға бағыттап оқытудағы ынталандыру мен диагностикалау жүйесі.
44. Биология курсын оқытуда компьютерлік техника негізіндегі заманауи ОТҚ -ларды пайдаланудың психология педагогикалық негіздемесі.
45. Заманауи ақпараттық - коммуникациялық технологиялар: міндеттері, биологияны оқыту заңдылықтарын ескеруге беретін мүмкіндіктері. Технолгиялы сабақтың артықшылығы.
46. Мектептегі «Тірі организмдер» курсының мазмұны, құрылымы, мақсаты. «Тірі организмдер. Өсімдіктер және жануарлар» 6 сынып. 6 сыныпта биологияны оқытуда морфологиялық, анатомиялық, экологиялық, физиологиялық ұғымдарды қалыптастыруың әдістері.
47. Мектептегі 7 сынып биология курсының мазмұны, құрылымы, мақсаты. «Тірі организмдер. Жануарлар бөлімі». Жануарлармен жүргізілетін зертханалық жұмыстардың ерекшелігі. Сабақта жануарлар тақырыбындағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру.
48. Мектептегі «Адам және оның денсаулығы» курсы мазмұнының ерекшеліктері. Санитарлық-гигиеналық білімдер мен нормалары, салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы білім қалыптастырудың әдістері. Бақылау, өзін-өзі бақылау, тәжірибе жасаудың әдістері мен жолдары.
49. Мектептегі 9 сыныптарда «Жалпы биология» курсының мазмұны, құрылымы, міндеттері. Білім-білікті бағалаудың тәсілдері.
50. Мектептегі 10-11 сыныптарда жалпы биология курсының сипаттамасы, мазмұны, құрылымы, мақсаты. Дәріс-сабақ, семинар-сабақ, кіріккен-сабақты жүргізу әдістері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет