Пән атауы: “Қазақ тілінің терминологиясы” Дәріс тақырыбы



бет1/4
Дата12.12.2023
өлшемі2,85 Mb.
#196503
  1   2   3   4
Байланысты:
Терминжасамның калькалау тәсілі (3)


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Филология факультеті Қазақ тілі білімі кафедрасы Мамаева Гүлнар Бейсенқызы
Филология ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.о.
Астана, 2023
Пән атауы: “Қазақ тілінің терминологиясы”

Дәріс тақырыбы: Терминжасамның калькалау тәсілі

  • Қарастырылатын мәселелер:
  • Калькалау тәсілінің терминжасам жүйесінде қолданылуы;
  • Калькалау тәсілінің түрлері.

01


Калька (фр. сalque- көшірме, еліктеу) – сөз немесе сөз тізбесі, өзге тілдегі сөздерді немесе сөз тізбегін ана тілінің сәйкес келетін сөздер немесе морфемалар құрамымен сөзбе-сөз аудару [6, 166].
02
Калькалау – өзге тілдердің терминдерінің жасалу үлгісі мен
мағынасын пайдалана отырып, ұлт терминде термин жасау.
А
Ә
Калькалау термин шығармашылығында айрықша орын алады, осының өзі оны терминжасамның жеке амалы ретінде қарастыруға негіз болады.
Калькалауды сөз алмасудың
байқалмайтын түрі, оны
«жасырын сөзалмасым» немесе «жабық сөзалмасым» деп түсінуі керек.
Калькалау терминдену, терминжасам және терминалмасым сынды негізгі үш тәсілдің бірігуінен (қиылысуы мен өзара әсерінен) тұрады [2, 162].
Кальканың тілдік табиғаты түрліше түсіндіріледі.
Б

Калькалау барысында бір тілден екінші тілге сөз мағынасы да, сөздің құрылымы


да алмасумен қатар нәтижесінде
қабылдаушы тілде жаңа термин жасалады.
Яғни мұнда тіларалық терминдену мен терминжасамдық сипат бар.
І.Кеңесбаев , Т.Жанұзақовтың «Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігіндегі» кальканың анықтамасы төмендегідей:
«Бір тілдегі сөз бен сөз тіркестерін я сөз мағынасын ауыстыру, көшіру. Мысалы: есімдік – орыс тілінің местоимения сөзінің калькасы» [5, 162].
Калька атануға қақысы бар сөздердің басты белгісі – басқа
тілдегі үлгілерді айнытпай ана тіліне
көшіру не сөзбе-сөз аудару.
Аударылған кальканың бастапқы
тілдегі мағыналық бөлшектері, оның
компоненттерінің орын тәртібі екінші
тілде түгел сақталуға тиісті [6, 166].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет