Пән: Қазақ әдебиеті Сынып: 7-сынып Бөлім



Pdf көрінісі
Дата15.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#135539
түріСабақ
Байланысты:
С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»
241, 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, Тіршілік.pdf, 239716-143088-22-334512


Автор: Барсаев Жамбул Дуйсенбиевич
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 7-сынып
Бөлім: Балалар мен үлкендер
Тақырып: С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні 7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас
бөлшектерін талдау
Сабақтың мақсаты:
Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау; Шығарманы композициялық құрылысына қарай
талдау.
Тілдік мақсаттар:
Тәмпіш
Күтілетін нәтиже:
«Мәңгілік ел» құндылығы:  Тіл және мәдениет НЗМ құндылықтары: • Өзіне және айналадағы
адамдарға құрмет; • Ынтымақтастық; • Жауапкершілік; • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға
деген құрмет
Бағалау критерийлері:
Шығарманың мазмұнымен таныс; Бөлімдердің ретін біледі; Маңызды оқиғаларды біледі; Әдеби
шығарманың жанрын анықтайды; Композициялық құрылысына қарай талдай алады.
Құндылықтарды
дарыту:
«Мәңгілік ел» құндылығы:  Тіл және мәдениет НЗМ құндылықтары: • Өзіне және айналадағы
адамдарға құрмет; • Ынтымақтастық; • Жауапкершілік; • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға
деген құрмет
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
Таныстырылым
Пәнаралық байланыс:
АКТ, өзін-өзі тану
Бастапқы білім:
Алдыңғы білім Бұл бөлімде оқушылар ІІ тоқсанда меңгерген тілдік дағдыларын одан әрі дамытады.
Сабақ оқушылардың ғаламтор, әлеуметтік желі туралы ақпараттармен өрбиді 


Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту. «Тәмпіш» сөзіне ассоциация жасау. «Тәмпіш»
ТӘМПІШ сөзінің мағынасы. 1) Кiшкене келген, қысқа, келте
(мұpын).~мұpын (танау). Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбесі,
оқиғаның тұтас желісі. Бүгінгі сабақта біз сюжеттің құрамдас бөліктері,
композициялық құрылысына талдау жасаймыз.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма. (Жеке жұмыс) Шығарма бөлімдерін рет-ретімен жазып
шығыңыздар. Бөлімдері: • «Танысу» • «Тілеп алған азап» • «Әзілі ме
шыны ма?» • «Өкініш» • «Теке қарт» • «Не болды бізге?» • «Бұдан кейінгі
күндерде …» • «Ойламаған жерден» • «Үш күн қалғанда» Оқушылардың
жұмыстарын тексеру үшін әр оқушы өз жазбаларымен топ мүшелерін
таныстырады. Дескрипторлары: 1. Шығарма бөлімдерімен таныс; 2.
Бөлімдердің ретін біледі. 2-тапсырма. (Топтық жұмыс) Әр бөлімге
қатысты басты оқиғаларды бір-екі сөйлеммен жазып шығыңыздар. •
Шаншатайдың ауылға келуі. • Балаларды егін басына ертіп баруы. • Егін
басындағы балалардың өнері. • Балалардың «Октябрь балалары»
газетімен танысуы. • Балалардың қырман басынан қайтардағы
қырманшыларға өнер көрсетуі. • Шаншатайдың «доп қуу» ойынын
ұйымдастыруы. • Шаншатай мен Иманбектің төбелесі. • Балалардың
Теке қартпен кездесуі. • Келдібай директордың балаларға пионерлік
тапсырма беруі. • Ауылға радио келуі. • Иманбектің кешірім сұрауы. •
Ауыл балаларының мәдениеттілігі. • Ауылға газет келуі.
Дескрипторлары: 1. Шығарманың мазмұнымен таныс; 2. Маңызды
оқиғаларды біледі.
Сабақтың соңы
Эпикалық жанр түрі – повесть. Шығарманың негізгі ойы — жас
жеткіншектерді адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымдылыққа
тәрбиелеу. Шығарманың композициялық құрылысы: Басталуы.
Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы. Байланысуы.
Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі,екеуінің айырылмастай дос
болуы. Шиеленісуі. Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке
баруы, түрлі ойын – сауық ұйымдастырулары, Шаншатайдың ауыл
балаларының газетке деген қызығушылықтарын оятуы. Шарықтау шегі.
Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы,
Шаншатай мен Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім сұрауы.
Шығарманың шешімі. Ертайдың салған суретінің «Октябрь
балалары»газетіне шығуы. Тәрбиелік мәні: Шаншатайға тән әдептілік,
ұқыптылық, еңбек сүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге
құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады.
Дескрипторлары: 1. Әдеби шығарманың жанрын анықтайды; 2.
Композициялық құрылысына қарай талдай алады. 4-тапсырма Төмендегі
сұрақтарды жұпта талда: • Достыққарым-қатынасдегеніміз не? •
Шаншатай мен Иманбектіңарасындағыдостыққандай? Төмендегі ой
қорытындысын топта талда «Әр адамның болашағы оның өзінің қарым –
қатынастарын дұрыс жолға қоя алу қабілеттілігіне, маңындағы
адамдармен тиімді қатынас жасай білуіне тәуелді болады. « -деген
тұжырымды оқи отырып, әңгімедегі кейіпкерлердің басқалармен қарым-
қатынасына қандай баға берер едің? Шығармаға сүйене отырып,
басқаларға сындарлы қарым-қатынас бойынша кеңес жаз.


Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Рефлексия
Рефлексия. Бүгінгі сабақ несімен ұнады? Оқу мақсатына жеттім деп
ойлайсыз ба? Қай тапсырма сізге көбірек ұнады?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет