Пән бойынша бағдарламасының


Өлшем нәтижелерін графикалық өңдеу әдістері



бет6/6
Дата01.04.2017
өлшемі1,1 Mb.
#12852
1   2   3   4   5   6
Өлшем нәтижелерін графикалық өңдеу әдістері

Графикалық көрініс эксперимент нәтижесі барысында көрнекті үғым-түсінік береді, қарастырылатын ауысымды шаралардың функционалды тәуелділігінің жалпы ерекшелігін анықтайды.


2 – Сурет


Өлшем нәтижелерінің графикалық көрінісі үшін, ереже бойынша, тік бүрышты координаталар жұйесін қолданады. Егер графикалық әдіспен ), функциясы талданса, онда тік бүрышты координат мәні жүйесіне x1y1, x2y2, …, xnyn мәндері қондырылады.

Алынған графиктегі нүктелерді міндетті түрде икемді сызықпен жалғап, оның мүмкіндігіне қарай эксперименті нүктелерге жақын болуы қарастырылады.

Кей кезде графикті құруда бір-екі нүкте шүғыл түрде қисықтықтан ауытқиды. Бүндай жағдайларда ең алдымен жағдай мәні талданылады, егер функция өз ретінде қалып байқатпаса, онда бүндай шүғым ауытқуда үлкен қателік деп есептеуге болады. Бұндай жағдайларда міндетті түрде диапазондағы өлшемнің шұғыл ауытқуларын қайталаған дұрыс. Егер нәтижесінде жаңа деректерге қол жеткізілсе, графикке қондырылады, егер бұрынғы нәтижелер алынса, онда міндетті түрде жағдайдың физикалық мәнін талдау керек.

Эксперимент нәтижелерінің көріністерінің графикалық түрінде үш түрлі ауысымды b=f(x, y, z) мәнінде бөлу әдістері қолданылады, яғни өлшем интервалдары шамасының бірі бірнеше қалыпты мәндерді ұсынып, қалған екеуіне график құрады. Кейбір жағдайларда номограммалар күрады, олар кұрделі теоретикалық және эмпитрикалық формулаларды жүйелі есептеулерде қолдануды жеңілдетіп шамалардың белгілі шектік ыңғайын қарастырады.



Эмпирикалық формулаларды іріктеу әдістері

Экспериментті зерттеулер үрдісінде екі шама өлшемінің статистикалық қатары алынады әр мәнге у (х) аргументінің белгілі мәні сай келеді. Экспериментті деректер негізінде алгебралық функция , мәнін таңдауға болады, бұлар эмпирикалық формулалар деп аталады. Мұндай формулалар аргумент мәні шегіне қатысты іріктелінеді. Эмпирикалық формулаларды іріктеу қажеттілігі, мысалы, күрделі аналитикалық қағидалар барысында орын алады. Эмпирикалық формулалар өз мүмкіндіктеріне қарай анағүрлым қарапайым және экспериментті деректерге сай келуі керек. Осылайша, эмпирикалық формулалар аналитикалық ыңғайда белең алып, өзгеше көрініс болады. Нақты аналитикалық мәндер қарапайым түрде көрініс тапса, аппроксимация, ал функцияларды - аппроксимациялану үрдісі деп аталынады. Эмпирикалық формулалалрды іріктеу үрдісі екі кезеңнен тұрады:

1) аталмыш өлшемдерді тік бұрышты координаттар сеткасына орналастырады, экспериментті нүктелерді қисықтармен біріктіріп, формула түрін бағдарлай іріктейді;

2) формулалар параметрлерін есептейді, үздік үлгіде қабылданған формулаға сәйкес келеді. Эмпирикалық формулаларды іріктеуді міндетті түрде қарапайым мәннен бастаған дұрыс.

Регрессионды талдау

Регрессионды талдау деп заңдылықтарды зерттеп, қарастырудың үрдіс аралық байланыстарын айтамыз. Үнемі ауысымды x және y аралығында байланыс белең алады, бірақ нақты анықталым байқалмайды, бір x мәніне бірнеше y жиынтығы тән. Мұндай жағдайларда байланыс регрессионды деп аталады. Регрессионды тәуелділіктер ықтималдығымен және стохастикалық байланыстармен ерекшеленеді. Сол үшін y және x шамалары арасындағы регрессионды тәуелділіктердің орнығуы статистикалық өлшемдерге қатысты.

Статистикалық тәуелділік үрдістің математикалық моделдерімен сипат алады, яғни регрессионды мәндермен, x тәуелсіз мәні мен ауысымды y мәндерін байланыстырады. Модель мүмкіндігіне қарай қарапайым болып табылады.

Регрессионды талдау мәні регрессиялар теңдеуіне ұласады, яғни кездейсоқ шамалар аралығындағы қисықтық түрін бағалауда өлшем нәтижелерінің нақты дәлдігімен ерекшеленеді. x пен y аралығындағы байланысты қосымша анықтау үшін графикке нүктелер еңгізеді және корреляциялық өріс қүрады (сурет 3). Топтау тығыздығына орай нүктелер түзу мен қисық сызықтарда белең алып, сызық көлбеу бойымен корреляциялық байланысты аңғартады.



Теоретикалық шешімдердің адекваттылығын бағалау

Зерттеу гипотезасының жарамдылығын бағалау, сонымен бірге теоретикалық деректер шынайылығын нақтылауды теоретикалық қисықтықтың экспериментті деректерге сәйкестігін анықтауда, міндетті түрде көп жағдайларда теоретикалық- эксперимента зерттеулер талдауына сүйенеді. Адекваттылықты бағалау әдістері сенімді интервалдарды қолдауға да қатысты, берілген сенімді ықтималдықпен бағаланатын параметрлер мәнін айқындауға болады.

Мұндай тексеру мәні теоретикалық y=f(x) функциясын өлшем нәтижесімен салыстыруда қолайлы. Тәжірибеде түрлі статистикалық өлшемдер қолданылады.

Группа 61

Адекваттылықты калыптастыру – аппроксимация қателіктерін

аңғару. Адекваттылықты бағалауда Фишер, Пирсон, Романов, Колмагоров өлшемдері қолданылады.

Ұсынылатын әдебиет: [1,2].
6 Тақырып – Өлшеу жүйелерін жобалау. Эксперимент жоспары және сынау тізбегі

Жоспар

1 Өлшем нысанын ұйымдастыру және эксперимент нәтижесін өңдеу.

2 Экспериментті өлшемді жоспарлау (Э.Ө.Ж.) үшін қажетті шарттар.

Өлшем нысанын ұйымдастыру және эксперимент нәтижесін өңдеу

Арнаулы бағдарлама бойынша жүргізілген эксперимент кез келген зерттеудің шүбәсіздігін, сынын ішінде үлгілеуді пайдалануды береді. Эксперимент өткізудің өлшемді бағдарламасы (ойлау математикалық немесе физикалық) құбылыстарға таратылатын нәтижеге баға береді. Қорытылған өлшемдік байланыс түрінде, кездейсоқ, керексіз факторлар әсері алынып тасталады.

Кез келген эксперимент (физиалық немесе есептеу) дұрыс жасағанда және өнделгенде айқын өтеді.

Зерттеулер нәтижесін өлшемдік өңдеу мүмкіншілік береді факторлардын санын кеміту арқылы қажетті эксперимент санын азайтуға, ұқсас үрдістердің сансыз үлкен тобына өсіп эксперименттердің әрқайсысының нәтижесін таратуға.

Экспериментті өлшемді жоспарлау (Э.Ө.Ж.) үшін қажетті:

1) π1 мөлшерсіз кешен түрін анықтау, салыстырмалы бірлікпен

πрpl+1, ..., pl+n, көрсетілген, өлшемдік мақсатты қызметі (егер үрдістің дифференциалды теңеуі белгілі болса) бұл теңдеулерді бастапқы (шекті) шартқа өзгерту және жоғарыда жазылған әдіспен өлшемді түрге әкелу.

2) Мөлшерсіз кешен қозғалыс диапазонын анықтау өлшемсіз параметр қозғалысы берілген интервалы бойынша p1, ..., pl;

3) π1, ..., мөлшерсіз үстемділік кешенін анықтау, πm, елеу экспериментті өлшемді жоспарлау негізіне сәйкес тәжірибе (есептеу) жасау жолымен.

4) Полином коэффициентін анықтау мақсатымен белсеңді және еңжарлы экспериментті өлшемді жоспарлау негізіне сәйкес тәжірибе (есептеу) өткізу:


.
Егер эксперименттер нақты жүйеде немесе физикалық үлгіде өткізілсе Э.О.Ж. ұя қалпына, құрамында мөлшерсіз кешенді факторлары бар, тағы да параметлер мәжін p1, …, pl енгізу керек.

Аз тәжірибе (есептеу) өткізу нәтижесінде алынған полином мөлшерсіз кешенді байланыстыратын нақты байланысты білу ғана емес және осы тәжірибе нәтижесін үрдістің кең түріне тарату.

Ұсынылатын әдебиет: [2,3].
7 Тақырып – Ғылыми зерттеулерді талдау және безендіру

Жоспар

1 Ғылыми жұмыс нәтижелерін безендіру.

2 Аталмыш жаңалыққа қатысты өтініштерді қабылдау.

3 Аталмыш жаңалыққа қатысты өтініштерді қабылдау.

4 Ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу.

Ғылыми жұмыс нәтижелерін безендіру

Түйіндер мен жинақтау, тұжырым қалыптасқаннан кейін, дәлелдемелер ойлдастырылады, алынған нәтижелерді әдеби өңдеу, көркемдеу диссертация, есеп, баяндама, мақала, материалдар түрінде көрініс табады. Ғылыми қолжазбалар мазмұнына келесі талаптар қойылады: анықтық, жүйелілік материал берудегі қалыптылық. Қолжазба мәтінін абзацтарға, яғни ой түйіндеріне ажыратып, өзіндік ойластырылады оқтауландырады. Қолжазбаларда қайталаулар болмағаны дұрыс, бірінші ой тұжырымдалмай келесі жаңа ойға ойысу да өз нәтижесін бермейді. Созыңқы, ұғымға ауыр тіркестерді қолдану тиімсіз. Жұмыс сыни көзқарасқа лайық болғаны дұрыс. Артық сан, цитат, иллюстрациялармен жүктеу қажетсіз. Барлық көмекші материалдарды есепте қосымша ретінде енгізу керек. Шартты белгілер бірлігі сақталып, сөз, дыбыс қысқартылымында стандартқа сүйенген жөн.

Ғылыми есеп, баяндама, мақала жазуда келесі жоспар жүйесі сақталынады:

– атауы (жұмыстың аты);

– мазмұны;

– кіріспе (ғылыми жұмыс алғышарты орын алады);

– кіріспеде мәселенің тақырыбы, өзектілігі, зерттеу әдістері мен мақсат-міндеттері қарастырылады;

– қарастырылып отырған сауал төңірегінде әдебиеттерге шолу;

– негізгі бөлім (келтірілетін материалдарда әдістер, эксперименттік: деректер, жинақтау және зерттеуге қатысты түйіндер);

– тұжырымдар (қорытынды материал жеке тезистер ретінде, жекеше түрден жалпыға маңызды ойларға ұласады;

– қорытынды (ғылыми зерттеуге жинақтау, қорыту, сауалдарды ұсыну, ой білдіру);

– қолданылған әдебиет көздерінің тізімі;

– қосымша (көмекші таблица, графиктер, қосымша мәтіндер, басқа да материалдар).

Үнемі жұмыс мәтіні бойынша реферат немесе аннотация.

Әзірлеуге болады. Аңдатпа – есептің қысқаша түрі немесе мазмұн, форма және басқа да ерекшелік негіздерінің қысқартылған нұсқасы.

Реферат – бастапқы кұжаттың негізгі дерек, түйіндермен қысқаша берілу ыңғайлы. Реферат тақырып пен мәтінді қамтиды. Реферат мәтінің тақырыпты, пән нысанын, жұмыс ерекшелігі мен мақсатын, жұмыстың орындалу әдістерін, нақты нәтижелерді қамтиды. Аңдатпа ерекшелігін туындыға сипаттама беруден тұрады, негізгі тақырып, мақсат – нәтижені құрайды. Орташа көлемі 600 баспа белгісі. ҒЗЖ есебі аңдатпа мен реферат ішіндегіні қамтиды, зерттеу міндеттері мен алынған нәтиже, отандық және шетел ғылымында осы мәселеде қол жеткізген жетістіктер орын алады. Мәтін міндеті айқын техникалық тапсырмалар, белгілі әдістерге талдау, міндеттерді шешу жолдары, міндет әдістері бойынша қабылданған шешімдер есептеулер мен эксперимент нәтижелері, алынған нәтижелерге талдау, нәтиже бойынша қорытынды, пайдаланылу жолдарын көрсету. Жариялануға лайықты деп қабылданған жұмыстар қосымша рецензияланады. Рецензияланған мақала, баспа еңбекке жан-жақты талдау мен сыни баға беріледі. Әр рецензия рецензияланатын көздің тақырыбын құрайды, негізгі сауалдар қысқаша орын алып, рецензияланып отырған жұмыстың жетістіктері мен кемшіліктері орын алады. Рецензия соңында резюме келтіріледі, онда туындының өзектілігі бағаланып, теориялық, тәжірибелік мәні айқындалады, дәлелдемелер мен түйіндерге жалпы бағалау беріледі.



Аталмыш жаңалыққа қатысты өтініштерді қабылдау

Ғылыми зерттеу жұмыстары мазмұны көбіне көп жаңа құрылым, материал, технологиялық үрдістерге ие. Осыған орай өтініш әзірлеу керек. Жаңашылдық нысаны: құрылым, әдісамал, зат, бұрынға белгілі құрылымдарды әдіс-амалдарды пайдалану әрекеттерін қамтиды. Өнеркәсіптік меншік ашылымға, жаңашылдыққа, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі, тауар белгілері, формалық атауларға бөлінеді. Пайдалы модель-техникалық міндеттердің жаңа түрлері шешімін табуы. Өнеркәсіптік үлгілер ішкі өнеркәсіптік өнім белгілеріне қатысты, өнеркәсіптік жолмен орындалып, жаңашылдық мәнге ие болады. Тауар белгісі - тауардағы немесе жарнамадағы белгі, атылмыш тауарды басқа өндіріс тауарларынан ерекшелендіріп тұрады. Авторлық құқықты қорғаудың бірнеше формасы бар: авторлық куәлік және патенттер.

Авторлық куәлікті беруге немесе патентке өтініш ҚР-ның юстиция Министрлігінің интеллектуалды меншік Комитетіне ұсынылады. Авторлық құжат пен патентке өтініш беруде ұсыныс жазылады, жаңашыл дүние сипаттамасы, сызбалар, зерттеу актісі, әр автордың шығармашылық сайыстарға қатысқандығы туралы құжаттар қосылады. Аңдатпа енеді, онда жаңашыл үрдістің қысқа сипаты, қолданыс аясы мен мүмкіндігі ашылады, техникалық шешімнің жаңашылдығы барысында қорытынды, онда өткерілген патентті зерттеулер жайлы мәліметтер орын алып, күтіліп отырған технико-экономикалық тиімділік айқын байқалады. Жаңашыл дүниені сипаттауда оның тақырыбы және халықаралық жаңашыл дүниелердің қай класына енетіндігі де орын алады, прототип ерекшелігі, прототип сыны, зерттеу мақсаты, мәні, ерекше белгілері, графикалық көрініс фигураларының тізімі, нақты атқарылым үлгілері, техника-экономикалық тиімділік формула орын алады. Әр тарау сипаттамада жаңа жағдай беріледі. Жаңашылдық формуласы - белгілі ережелерге сай құрастырылған қысқаша ерекше белгі, оларда жаңашыл дүниенің нысандық белгілері, техникалық мәні орын алады. Жаңа дүниенің белгілері қатарында түсіндірлетіні түйін, құрылым бөлшектері, операциялар, режим параметрлері. Жаңашыл дүние параметрі ереже бойынша кіріспе бөлімнен түрады, онда жұмыстың өн бойына қатысты ақпарат беріледі.

Ақпаратты ауызша беру

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндамалар тұрғысында, семинар, симпозиум, конференцияларда баяндама, мәлімдемелер тұрғысында беріледі. Конференцияға қатысушылар баяндамаларын әзірлейді. Баяндама ғылыми зерттеу жұмысының апробациядан өтілу мүмкіндіктерін қамтиды. Баяндама алдында тезистер әзірленеді – онда қысқаша сөйленетін ой-тұжырым. Қажет болған жағдайда көрне кілік материалдар мен түрлі техниқаларды қолдануға болады.



Ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу

Ғылыми зерттеу жұмыстарының ақтық формасы оларды енгізу. Енгізу үрдісі екі кезеңнен тұрады: тәжірибелік-өндірістік және сериялы. Бірінші кезеңде сынақты зеотханалық және өндірістік жағдайларда жүргізеді тәжірибелі үлгі әзірленеді. Сынық нәтижесі бойынша әзір болған үлгі толықтырылуы шарт. Тәжірибелік-құрастырмалау жұмыстарының соңы – өндіріске жаңа технология енгізу, жаңа үлгідегі жабдықтар әзірлеу.

Ұсынылатын әдебиет: [1-3].
7 Практикалық сабақтардың мазмұны – 15 сағат

Практикалық сабақ 1,2

1 ТақырыпКіріспе. Зерттеу әдістері

Жоспар

1 Білім функциясы, қызметі.

2 Ғылыми таным амалдары.

Тапсырмалар:

1 Құрылыс материалдарын өндіру саласындағы білімнің атқаратын функциясын анықтау.

2 Керамикалық кірпіш технологисын зерттеудегі таным амалдары.
Практикалық сабақ 3,4

2 Тақырып – Теориялық зерттеу әдістемесі

Жоспар

1 Аналитикалық тәсілдер.

2 Мүмкіндік-статистикалык тәсілдер.

Тапсырмалар:

1 Шикізат алудағы қазу жұмыстарына қойылатын талаптар.

2 Мүмкіндік-статистикалық тәсілдерді қоданудың жағдайлары.

Практикалық сабақ 5,6

3 Тақырып – Ұқсастық теориясы

Жоспар

1 Ұқсастық және үлгілеу.

2 Математикалық ұқсастық және үлгілеу.

Тапсырмалар:

1 Ұқсастық теориясын тәжірибе жүзінде қолдануды меңгеру.

2 Үлгілеу кезінде қолданылатын аспаптарымен жұмыс істеу.

3 Үлгілеуде түпнұсқа мен үлгінің арасындағы алынатын түзетпелерді анықтау.



Практикалық сабақ 7,8

4 Тақырып – Эксперимент әдістемесі

Жоспар

1 Эксперимент жүруіне және сапасына психологиялық факторлардың әсері.

2 Есептеу эксперименті.

Тапсырмалар:

1 Құрылыс материалдары мен бұйымдарына жүргізілетін негізгі эксперименттерді бөлу, олардың сапалы түрде өтуіне әсер ететін психологиялық факторлардың әсерін

2 Алынған мәліметтерді негізге ала отырып, есептеу экспериментін өткізу

Практикалық сабақ 9,10

5 Тақырып – Эксперименталдық қателіктердің және айқын еместіктің (ауытқулар диапазоны) тегі

Жоспар

1 Эмпирикалық формулаларды іріктеу әдістері.

2 Регрессионды талдау.

3 Теоретикалық шешімдердің адекваттылығын бағалау.



Тапсырмалар:

1 Эмпирикалық формулаларды іріктеу әдістерін меңгеру, тәжірибе жүзінде қолдануға дағдылану.

2 Регрессионды талдаудың кезеңдерін бөліп, анализ өткізу.

Практикалық сабақ 11-13

6 Тақырып – Өлшеу жүйелерін жобалау. Эксперимент жоспары және сынау тізбегі

Жоспар

1 Экспериментті өлшемді жоспарлау (Э.Ө.Ж.) үшін қажетті шарттар.



Тапсырмалар:

1 Өлшемді жоспарлау бойынша қысқаша дәріс конспектісін жазу.



Практикалық сабақ 14,15

7 Тақырып – Ғылыми зерттеулерді талдау және безендіру

Жоспар

1 Ғылыми жұмыс нәтижелерін безендіру.



Тапсырмалар:

1 Студенттің өзіндік ғылыми жұмысының безендіру жоспарын құрастыру


8 Өздік жұмысының тапсырмалары

Тақырып 1 – Кіріспе. Зерттеу әдістері

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;

- зерттеу жүргізудің тақырыбын таңдау;

- зерттеу жүргізудің жоспарын құрастыру.

2) Реферат жазу: Ғылыми зерттеулер негіздері пайда болуының алғышарттары тақырыбына қысқаша тарихи очерк.



Тақырып 2 – Теориялық зерттеу әдістемесі

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- әдебиетті жинау және жүйелеу;

- әдеби мәліметтердің анализі;

2) Теориялық зерттеулер бойынша дәрістер конспектісін жазып әкелу.

Тақырып 3 – Ұқсастық теориясы

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- экспериментті жоспарлау мен өткізу тәртібі;

- экспериментті жоспралаудыі тәсілдері;

- факторлы эксперимент.

2) Реферат жазу: Ұқсастық теориясын қолданудың глобальдық (дүниежүзілік) әдістемесі.



Тақырып 4 – Эксперимент әдістемесі

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- әсер етуші факторларды таңдау;

- толық факторлы жоспар;

- «құрам-қасиет» жүйесін зерттеу үшін эксперимент жоспары.

Тақырып 5 – Эксперименталдық қателіктердің және айқын еместіктің (ауытқулар диапазоны) тегі

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- ақпаратты жинауға арналған сауалнама;

- параллельді тәжірибелер қателері;

- алынған мәліметтердің интерпретациясы.

2) Реферат жазу: Эксперименталды-статикалық модельдер.



Тақырып 6 – Өлшеу жүйелерін жобалау. Эксперимент жоспары және сынау тізбегі

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- оптималдау параметрінің дисперсиясы;

- композитті материалдар құрамының оптималдануы;

- модельді таңдау;

- регрессионды анализ.



Тақырып 7– Ғылыми зерттеулерді талдау және безендіру

1) Келесі сұрақтарды дайындау:

- модель адекваттылығын бағалау;

- коэффициенттер шамасы бойынша жүйе анализі;

2) Реферат жазу: Эксперименталды мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламалар.
10. МӨЖ бойынша кеңес беру графигі (МӨЖ 25% МОӨЖ-дан құрастырылады)

МӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.


Жаңа оқу семестр бойынша МОӨЖ кестесіне сәйкес




Сабақтын түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1

Дәріс бойынша

сұрақтарға

кеңес беру


11:30-13:25
















2

Тәжірибе сабақтар

бойынша сұрақтарға кеңес беру












12:35-13:25







3

МӨЖ бойынша

сұрақтарға кеңес

беру











11:30-12:20









11. Оқушылардың білімінің тексеріс кестесі

Практика және дәріс сабағына қатысуы (семинарлық, зертханалық, жеке, студиялық сабақтар) 0-100 балмен бағаланады.

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі (оқу сабақтарының кестесі бойынша)
12. Магистранттардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі

Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:

сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;

өздік және зертханалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және

қорғау;

курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін уақытында, сапалы орындау;



сабаққа қатысу және басқа.

Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.

АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 и Р2) анықталады:

Р1(2) = АҮ1(2)*0,7 + МБ1(2)*0,3.

Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең:



ЖР= (Р1+Р2)/2

Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):



Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб

Жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4 сәйкес тең болады.

Пән бойынша жіберу рейтингі де, емтихан бағасы да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледіДәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.

Оқу жетістіктері, яғни білім,оқушылардың “Ғылыми зерттеулер негіздері” пәні бойынша дағдылары балды-рейтингті жүйесі бойынша бағаланады:





Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)

Балдың цифрлық баламасы (Ц)

Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)

95-100

4,0

A

Өте жақсы

90-94

3,67

A-




85-89

3,33

B+




80-84

3,0

B

Жақсы

75-79

2,67

B-




70-74

2,33

C+




65-69

2,0

C

Қанағаттанарлық

60-64

1,67

C-




55-59

1,33

D+




50-54

1,0

D




0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнін оқу кезінде мына ережелерді ұстануды сұраймын:

1 Сабаққа кешікпеу.

2 Себепсіз сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда анықтама әкелу.

3 Магистранттың міндетіне сабақтың барлық түріне қатысу кіреді.

4 Оқу үрдісінің күнтізбелік кесте бойынша барлық бақылау түрлерін тапсыру.

5 Босатқан тәжірибелік сабақтарды оқытушының айтқан уақытында өтеу.

6 Кафедраның аудиториялық қорына шығын келтірмеу.

7 Жоғарғы оқу орнының талаптарын бұлжытпай орындау.

8 Курстастарыңа және оқытушыға сабырлық, ашықтық және игілікпен қарау.

9 Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілулі болуы тиіс.

10 Оқытушы сабақ түсіндіріп жатқанда дауыстап сөйлеуге болмайды. Екінші ескертуден кейін магистрант аудиториядан шығарылады. Сабақ барысында сабақтан тыс тақырыптар рұқсат етілмейді.

Тапсырманы маңызды себеппен кешігіп тапсырса, айыптық санкциялар болмайды.

Егер сіз белгілі бір маңызды себептермен бақылау шараларды босатсаңыз, сізге оны оқытушының айтқан уақытында (МБ мен ҚБ деканның рұқсатымен ) қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Тапсырмаған жағдайда сіз «0» балл аласыз.

Жұмысты уақытында тапсыру керек. Барлық тапсырмалар ең кеш дегенде емтихан сессия басталуға 3 күн қалғанға дейін тапсырылу қажет.

Барлық тапсырмалар мен ЕГЖ-ді тапсырмаған студенттер, емтиханға жіберілмейді.

Өткен сабақтағы материалды қайталау мен өңдеу әрбір сабақта болуы міндетті. Магистранттың материалды қаншалықты түсінгені тестілеу мен жазбаша түрде тексеріледі. Тестілеу алдын-ала ескертусіз жүргізілуі мүмкін.

Сіздердің міндеттеріңіз сабаққа дайындалып келу. Бар әдебиетті қолданыңыз және оны кітапханадан алыңыз.

Басқаның жұмысын көшіру мен әдебиет материалдарды өңдеусіз қолдануға тыйым салынады.

Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті. Дәріс бойынша конспект 8-ші және 15-ші апталарда тексеріледі.
14 Әдебиеттер тізімі
Негізгі


  1. Колесников А. И. Лекции по основам научных исследований М: ХЛГАКХиС. 2011. – 18с.

  2. Ғылыми зерттеу негіздері. «Металлургия» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандықтарына арналған дәріс сабақтарының сүйеніш конспекті / Құрастыр. : Кеңпейілова С.Ж., Быков П.О. – Павлодар : С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2006. – 40 б.

3) Радоуцский В. Ю. Основы научных исследований: учеб. пособие/ В. Ю. Радоуцский, В. Н. Шульженко, Е. А. Носатова; под. ред. В. Ю. Радоуцский. – Белгород: Изд-во БГТУ. 2008. – 133с.
Қосымша

1) Математические модели задач строительного профиля и численные методы их исследования: Учебное пособие / В.В.Карпов, А.В. Коробейников; под общ. ред. В.В. Карпова; изд-во АСВ СПбГАСУ. М.; СПб. 1996.

2) Биологическое сопротивление материалов / В. И. Соломатов, В. Т. Ерофеев, В. Ф. Смирнов [и др.]. – Саранск: Изд-во Мордов. ун-та, 2001.–196 с.

3) Каркасные строительные композиты : в 2 ч. / В. Т. Ерофеев, Н. И. Мищенко, В. П. Селяев, В. И. Соломатов ; под ред. акад. РААСН В. И. Соломатова. – Саранск : Изд-во Мордов. ун-та, 1995. – 372 с.



4) Зиновьев А.А., Карнаухов Ю.П. Методические указания по курсу «Планирование эксперимента и решение строительно-технологических задач на ЭВМ» А. А. Зиновьев, Ю. П. Карнаухов - Братск, БрИИ. 1995.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет