Пəн туралы мəліметтер


Салауаттанудың негізгі мақсаты —



бет11/35
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#82196
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
Адам экологиясы дәріс
Адам экологиясы дәріс
Салауаттанудың негізгі мақсаты — əрбір жеке адамның жəне тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты - балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына жəне имандылық- еріктілігіне сəйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын жəне уəждерін қалыптастыру.
Бүдан мынандай міндеттер туындайды:

  • салауатты өмір салтының əдістерін үйрету;

  • өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тəрбиелеу;

  • негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;

  • осы заманғы ауру түрлерімен жəне оларды алдын алу шараларымен таныстыру.

Адам денсаулығы, ең алдымен, өмірлік сара жолға тəуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлтгық дəстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады.
Денсаулық деген не? Денсаулық үғымына берілген анықтамалар өте көп. Үлкен медициналық энциклопедияда денсаулық организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретіндс сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақ-тау ұйымының анықтамасы бойынша
«Денсаулық дегеніміз — бұл аурудың немесе дене кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық жəне əлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі».
Академик Н.М.Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардьщ барынша көп өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды .
И.И. Брехман денсаулықты «сезімталдық, ауызша айту жəне құрылымдық үш бірегей ағымдардың мөлшерлік жəне сапалық көрсеткіштерінің əртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сəйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті» ретінде анықтайды
. Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы — бұл «денсаулық дегеніміз

  • физиологиялық қасиеттерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық əлеуметтік əлуеттер, қолайлы еңбекке жарамдылық жəне əлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі».

Келтірілген денсаулық анықтамалары негізінен алғанда денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта (табиғи жəне əлеуметтік) жағдайлары мен ішкі факторларға (тұқымқуалаушылық, жыныс, жас) бейімделу сапасын айқындайды. Денсаулықтың мынадай: физиологиялык, сезім əрекетіне берілгіштік, зияттылық, əлеуметтік, тұлғалық негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі осыларды бірегей тұтастыққа - денсаулыққа біріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет