Пәні: Физика (қысқаша конспект)



Дата15.12.2021
өлшемі98,52 Kb.
#101376
түріКонспект
Байланысты:
№ 19-Радиоактивтілік конспект
corel, Балльно-рейтинговая буквенная система оценки

Пәні:Физика (қысқаша конспект)
Сабақтың тақырыбы: 17.1 тақырып. Радиоактивтілік. Радиоактивтік ыдырау заңы.Изотоптар. Химиялық элементтердің түрленуі туралы түсінік.




Қаралатын сұрақтар

Түсіндірме жазбасы



Радиоактивтілік.

Радиоактивтілік (лат.radіo – сәуле шығаруactіvus – әсерлік) – орнықсыз атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы. 


Ядролық физиканың даму тарихына көз жүгіртсек, оның қайнар көзі 1886 жылы француз ғалымы А. Беккерель ашқан табиғи радиоактивтік құбылысынан басталады. А. Беккерель уран тұзының фотопластинаға әсерін зерттеген. Тәжірибелер барысында ол мына құбылысты байқаған: уран тұздары тығыз қара қағазбен оралған фотопластинаға әсер етіп, оның қараюын туғызатын, өтімділігі жоғары белгісіз сәулелерді шығарады екен. Мұқият зерттеулер нәтижесінде Беккерель өтімділігі жоғары белгісіз сәулелерді уран атомының өзі, ешқандай сыртқы әсерсіз-ақ, өздігінен шығаратынын анықтады. Белгісіз сәулелердің заттармен әрекеттескенде:

1) фотопластинканы қарайтатыны, яғни химиялық әсерінің бары;

2) газдарды иондауы;

3) кейбір қатты денелер  мен сұйықтардың люминесценциясын туғызатыны

сияқты қасиеттері белгілі болды.




Радиоактивтік ыдырау заңы

Радиоактивті ыдырау заңы — атом ядролары мен әр түрлі бөлшектер мен сәулелер шығара отырып, өздігінен түрлену заңы.

 Радиоактивті ыдырау заңын 1902 жылы Эрнест Резерфорд ашқан:

Ядролардың радиактивті ыдырау заңының формуласы:







Радиоактивті заттардың активтілігі

-уақыт бірлігі ішінде ыдырайтын ядролар санымен анықталатын шама.

Формуласы:

Өлшем бірлігі: беккерель [Бк]

1 беккерель [Бк]-уақыт бірлігі 1 секунд ішінде бір ыдырау болатын радиоактивті элементтің активтілігі.





Изотоптар.

-ядро заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әртүрлі бір элемент атомдарының түр өзгерісі .

Егер ядрода нейтрон (бейтарап атом) саны өзгеріске ұшыраса,онда изотоптар пайда болады.



1.2. Күнделікті біз радиацияның ықпалына түсеміз бе?



2.2. Адам үшін радиациялық мөлшердің шегі қандай?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет