Пәні: Төл аурулары



Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#97264
Байланысты:
Төл аурулары 1


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-Технологиялық Университеті


Пәні: Төл аурулары
Тақырыбы: Жаңа туған төл ағзасының анатомо-физиологиялық құрылысы.
Орындаған: ВМ-35 тобының студенті Темірхан Жасталап

2020-2021 оқу жылы



Тақырыбы: Жаңа туған төл ағзасының анатомо-физиологиялық құрылысы.


Тапсырма:

  1. Ылғалды препараттар, муляждарды қолданып, жаңа туылған төлдердің даму ерекшеліктерін айқындау.

  2. Қалыпты жағдайдағы төлдердің клиникалық көрінісін анықтау.

Төл – ауыл шаруашылық малдарының өсіп-даму процесіндегі жыныстық жағынан толық жетілмеген ұрпағы.


Әр түлік Төлінің өз атауы бар: түйе төлі – бота, жылқы төлі – құлын, сиыр төлі – бұзау, қой төлі – қозы, ешкі төлі – лақ деп аталады. Түйе, бие, сиыр, әдетте жалқы Төл, қой орта есеппен 1 – 2 қозы, ешкі жылына екі рет 3 – 4 лақ туады. Сүтқоректі жануарлардың Төлінің ең маңызды өсіп-жетілу мерзімі – олардың өсу қарқыны барынша жоғары болатын сүт ему кезеңі. туғаннан кейін алғашқы 2 – 3 аптада Төлдер тек қана ене сүтімен қоректенеді. Ірі қара (сиыр, жылқы, түйе)


Төлдері алғашқы 6 айда туған кездегі салмағын орта есеппен 5 – 6 есе арттыратын болса, ұсақ малдардың (қой, ешкі) Төлдері бұл деңгейге 4 – 4,5 айда, енелерінен ажыратылғанға дейін жетеді. Осыдан кейінгі кезеңде олардың өсу қарқыны төмендеп, бағылу-азықтандырылу жағдайлары талапқа сай бола тұрса да 1 жасқа дейін салмағын 2 есеге ғана арттырады. Бір жасқа дейінгі, әсіресе, сүт ему кезеңінде Төлдерді күту-азықтандыру жұмыстарын мұқият атқару мал басын өз төлі есебінен көбейту жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік береді. Төлдерді азықтандыруда кеткен кемшіліктер олардың өсіп-жетілуін тежейді немесе мүлдем орнына келмейтін өзгерістердің жүруіне әкеліп соғады (Жылқы өсіру; Қой шаруашылығы; Мал шаруашылығы; Сиыр өсіру; Түйе шаруашылығы).


Түлік түрлері мен олардың өнімділік бағыттары Төлдерді күтіп-бағу әдістерін айқындауда шешуші фактор болып табылады. Мысалы, сүтті, сүтті-етті бағыттағы мүйізді ірі қара бұзаулары – енелерінен бөлек, ал етті бағыттағылар – енелерімен бірге бағылады. Қымыз, шұбат өндіруші шаруашылықтарда құлындар мен боталар алғашқы айларда енелерімен бірге бағылса, сүт сауу маусымында белгілі мерзімге енелерінен ажыратылып, желіге байланады. Төлдерге қора мен суатқа жақын жерлерден жақсы жайылым қалдырылып, олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауы қатаң қадағаланады. Төлдерді бөлек бағу оларды құнарлы азықтармен (майдаланған сұлы, арпа, ақуызды-витаминді, минералды қоспалар) қосымша қоректенуге қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың өміршеңдігі, ересек кездегі өнімділік-тұқымдық қасиеттері шығу тегі мен бағылу-азықтандырылу жағдайларына тікелей байланысты болады. Түлік түрі мен басты өнімділік ерекшеліктеріне орай Төлдер туғаннан кейін 1,5 жылға дейін сұрыпталып, пайдалану бағыты (асыл тұқымдық, шаруашылықтық) айқындалады. Өсімге қалдыруға жарамсыз Төлдерді жайып, қоң жинаған соң немесе бордақылаудан кейін сояды.


Организмнің анатомиялық және физиологиялық құрылысы малдардың жасына байланысты өзгеріп отырады. Мал мамандарының зерттеулеріне қарағанда бұзаулардың жастарына қарай бірнеше сатыларды анықтауға болатын көрінеді:
1. Біркүндік жас - жатырдан сыртқы ортаның әсеріне бейімделу сатысы;
2. Жеті күндік жас - уыздан сүт емуге көшу сатысы;
3. Он бес күндік жас - төлдің организмінің қоректік затты өсу процесіне тиімді
пайдалану сатысы;
4. Отыз күндік жас - төлдердің қатқыл (өсімдік) тамақтарын қабылдай бастайтын
сатысы;
5. Алпыс күндік жас - төлдердің сүтті қабылдауы тоқталып, толық жем-шөпке көшу
сатысы;
6. Жүз жиырма күндік жас - жыныс процесінің толып - жетілу сатысы.


Ас қорыту жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктер күйіс қайыратын малдардың төлдерінде толығырақ зерттелген. Оған себеп, күйіс қайыратын малдардың төлдерінің арасында олар туа салысымен, ең бірінші ас қорыту жүйесінің әртүрлі ауруларға шалдығуы жиі кездеседі.
Жаңа туған төлдерде уыз алдыңғы қарыншаға түспей, бірден өңеш науасы арқылы ұлтабарға түседі. Оларда өңеш науасының еттері жақ өңештің жалғасы ретінде түтікше пайда болады. Сондықтан да қабылдаған ас месқарынға түспей бірден ұлтабарға барады .
Жаңа туған 7-10 күндік төлдердің ұлтабарының көлемі олардың мес қарны мен тақия қарнын бірге алғандағы көлеміне екі есе артық болатын көрінеді. Олардың үш айлық жасында, төлдердің қатаң азықтарды қабылдауларынан байланысты, Месқарны ұлғая келіп, ұлтабардан бірнеше есе үлкен болып шығады. Міне, сондықтанда, төлдердің бірінші күнгі жастарында оларға уызды, сүтті уақытында, дұрыстап беру өте қажет. Еміздік арқылы сорған кезде ауыз қуысының, тілдің, жұтқыншақтың рецепторлары қозып,өңеш науасына дұрыс қалыптасуына әсер етеді де, қабылдаған ас ұлтабарға түсіп дұрыс қорытылады.
Ал асығыс, көп мөлшерде азықты берген кезде, өңеш науасы қалыптасып үлгермегендіктен уыз, не сүттің кейбір бөлігі әлі қалыптасып үлгермеген, қызмет бабы жоқ месқарынға түсіп, онда шіріп, әртүрлі ауруларың пайда болуына бірден-бір себеп болады. Уызды, не сүтті аздап, асықпай берудің тағы бір пайдасы ол азық ауыз қуысы бездерінің сілекеймен жақсы араласып, ұлтабарда пайда болатын фермент-химозиннің әсеріне толық бапталады да, одан пайда болған қослыстарды организм өз қажетіне пайдаланады.
Қалыпты жағдайдағы төлдердің клиникалық көрсеткіштері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет