ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 050730 «Құрылыс материалдары бұйымдары және құрылымдарының өндірісі» мамандығы үшін процестер мен аппараттар-2



бет1/72
Дата23.08.2017
өлшемі7,12 Mb.
#24989
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72

УМК 042-16.1.34/03 - 2013

«__»____ 200__ ж.

№ ___ басылым



беттен -ші бет




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

УМК 042-16.1.34/03-2013

ПOӘК

«Процестер мен аппараттар-2»

пәнінің оқу-әдістемелік материалдар


«__»____ 20__ ж.

№ ___ басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050730 «Құрылыс материалдары бұйымдары және құрылымдарының өндірісі» мамандығы үшін


ПРОЦЕСТЕР МЕН АППАРАТТАР-2

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013
Мазмұны


1

Дәріс оқулар...............................




2

Лабораториялық сабақтар




3

Студенттердің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар......................................





1 Дәріс оқулар



Дәріс 1. Жылу өтудің негіздері.

Дәріс жоспары.

1. Тамақ өндірісінде шикізатты, өнімдерді жылумен өндеу. Жылумен өндеу тәсілдері: пісіру, қуыру, пастеризация, стерилизация.

2. Жылутасымалдағыш түрлері.

3. Жылу процестердің қозғаушы күші.

4. Жылуалмасу тәсілдері: жылуөткізгіштік, конвекция, жылулы сәуле шығару.


Әртүрлі температурадағы денелерде жылу энергиясының бірінен екіншісіне өтуі жылу алмасу процесі деп аталады. Жылу алмасу процестерінің қозғаушы күші-ыстық және суық денелердің температураларының айырмасы болып табылады. Бұл қозғаушы күштің әсерінен термодинамиканың екінші заңына байланысты жылу ыстық денеден суық денеге өздігінен өтеді. Денелер арасындағы жылу алмасу еркіні электрондар, атомдар және молекулалардың өзара энергия алмасуы арқасында болады. Жылу алмасуда қатнасатын денелерді жылу тасымалдағыштар деп атайды.

Жылу процестеріне төмендегілер жатады: ысыту, суыту, конденсациялау және буландыру. Көптеген масса алмасу /мысалы, айдау, кептіру және т.б / процестердің өтуінде бұл процестердің манызы үлкен.

Жылу таратудың негізгі үш түрлі тәсілі бар: жылу өткізгіштік, жылулы сәуле шығару және конвекция.

Жылу өткізгіштік. Бір-біріне тиісіп тұратын өте кіші бөлшектердің тәртіпсіз қозғалысының нәтижесінде жылу өту процесі жылу өткізгіштік-деп аталады. Бұл қозғалыс газдар және тамшылы сүйықтарда молекулалардың қозғалысы қатты денелерде кристалдық тордағы атомдардың тербелісі немесе металдардағы еркін электрондар диффузиясы болуы мүмкін. Қатты денелердің жылу таратуының негізгі түрі жылу өткізгіштік болады.

Конвекция. Газ немесе сұйықтардың макро көлемдерінің қозғалысы және оларды араластыру нәтижесінде жылудың таралуы конвекция деп аталады. Конвекцияның екі түрі болады: 1) еркін немесе табиғи; 2) еріксіз. Газ немесе сұйық көлемінің әртүрлі нүктелеріндегі тампературалар айырмашылығы салдарынан осы нүктелердегі тығыздықтар айырмасының нәтижесінде болатын жылуалмасуды еркін немесе табиғи конвекция деп атайды. Газ немесе сұйық көлемінің еріксіз қозғалысы (мысалы, сорап, компрессор жәрдемімен немесе араластырғышпен араластырғанда) салдарынан жылу алмасуды еріксіз конвекция деп атайды.

Жылулы сәуле шығару. Жылу энергиясының электромагнитті толқындар жәрдемінде таралуы жылулы сәуле шығару деп аталады. Бұл кезде жылу энергиясы кеңістіктен өтіп, сосын сәулелі энергияға басқа денемен сіңіріліп, қайтадан жылу энергиясына айналады.

Іс жүзінде жылу алмасу бөлек алынған бір ғана тәсіл емес, бірнеше тәсілдермен өтеді. Мысалы, қатты қабырға мен газ арасындағы жылу алмасу конвекция, жылуөткізгіштік және жылулы сәуле шығару тәсілдерімен өтеді.

Жылудың қатты қабырғадан оны ағыстап өтетін газға /сүйыққа/ немесе кері бағытта алмасуын жылу беру деп атайды.

Ыстық газдан /сүйықтан/ суық газға /сүйыққа/ оларды бөліп тұрған қатты қабырға немесе бет арқылы жылу өту күрделілеу болады. Бұл процесті жылу өту деп атайды.

Үздіксіз әрекетті аппараттарда әртүрлі нүктелердегі температура уақыт бойынша өзгермейді, мұндай аппарттардағы процесс қалыптасқан (стационарлы) болады. Мерзімді әрекетті аппараттарда температура уақыт бойынша өзгереді (мысалы, ысытқанда немесе суытқанда), яғни жылуалмасу процесі қалыптаспаған (стационарлы емес) болады.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.

1. Технологиялық аппараттардағы жылу беру ерекшеліктері? 2. Өнімдерді жылумен өңдеу кезінде шешілетін есептер? 3. Жылу алмасу аппараттарының жіктелуі? 4. Жалпы жылу ағыны дегеніміз не? 5. Жылу беру және жылу алмасу дегеніміз не? Осы шамалар қалай жылу ағынын анықтайды? 6. Жылу беру және жылу алмасу коэффициенттерінің мәні және өлшем бірліктері қандай? 7. Мерзімді және үздіксіз әрекетті жылуалмасу процестері үшін берілетін жылу мөлшері қалай анықталады? 8. Кез –келген жылуалмастырғыштар үшін жылу ағынының жалпы теңдеуі қалай жазылады?

Ұсынылатың әдебиет: 4.1.1. 201- 233 бет
Дәріс 2. Жылу баланс теңдеуі.

Дәріс жоспары.

1. Жылу баланс тендеуі. Жылу ағыны. Меншікті жылу ағыны.

2. Жылу өтудің негізгі тендеуі. Жылуөту коэффициентің есептеу. Жылу беру коэффициентің есептеу.

3.Орташа температуралық тегеуірін.

4. Жылу алмасу бетің анықтау.


Бір денеден екінші денеге уақыт бірлігінде берілетін жылу мөлшерін жылу ағыны деп атайды және ол Дж/с немесе Вт өлшенеді.

Жылу тасымалдағыштардың өзара жылуалмасуында ыстық жылу тасымалдағыштың энтальпиясы кеміп, суық жылу тасымалдағыштың энтальпиясы көбейеді. Төмендегі белгілерді қабылдайық:



- ыстық және суық жылу тасымалдағыштың мөлшерлері, кг/с;

- ыстық жылу тасымалдағыштың бастапқы және соңғы энтальпиялары, Дж/кг;

- суық жылу тасымалдағыштың бастапқы және соңғы энтальпиялары, Дж/кг;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет