11сынып
1
2
3
4
5
Көпжақ дегеніміз не? Көпжақ деп оның беті көпбұрытардың шектеулі санынан тұратын денені айтады. Қандай көпжақ призма деп аталады? Призма деп екі жағы параллель жазықтықтарда жататын өзара тең көпбұрыштар, ал қалған жазықтықтары параллелограмдар болатын көпжақты айтады. Призманың биіктігі дегеніміз не? Призманың табан жақтарынының арақашықтығын призманың биіктігі деп атаймыз. Призманың бүйір бетінің ауданының формуласы Sбүйір₌S1+S2+…+Sn
Призманың толық бетінің ауданының формуласы Sпризма⁼Sбүйір+2Sтабан
Сабақтың тақырыбы:
Пирамида және оның элементтері.Дұрыс пирамида
Сабақтың мақсаты:
Пирамиданың анықтамасын және оның элементтерін біледі
Пирамиданың элементтерін табуға қатысты есептер шығарады.
Есептің шығару жолын талдайды, түсіндіреді
Пирамида деп бір жағы кез келген көпбұрыштан, ал қалған жақтары осы көпбұрыш жазықтығында жатпайтын төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын көпжақты айтады.
Пирамиды элементтері:
Пирамида табаны – көпбұрыш
Бүйір жақтар – үшбұрыштар
Бүйір қырлар
Төбесі
Бүйір жағы
Пирамида төбесінен оның табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр пирамиданың биіктігі деп аталады.
Дұрыс пирамиданың төбесінен жүргізілген бүйір жағының биіктігі приамиданың апофемасы деп аталады.
Дұрыс пирамида Егер табаны дұрыс көпбұрыш болып төбесінің проекциясы табанының центріне дәл түссе, онда пирамида дұрыс пирамида деп аталады.
Есеп:
Пирамиданың табаны – тік төртбұрыш, оның қабырғалары 6 см және 8 см. Оның әрбір бүйір қыры 13 см-ге тең. Пирамиданың биіктігін табыңдар.
Пирамиданың табаны – қабырғасы 12 см-ге тең теңқабырғалы үшбұрыш. Оның әрбір бүйір қыры табан жазықтығымен 45° бұрыш жасайды.Пирамиданың биіктігін табыңдар
Пирамиданың табаны – параллелограмм, оның қабырғалары 3 см және 7 см, ал диагональдарының бірі 6 см. Пирамиданың биіктігі диагональдарының қиылысу нүктесінен өтеді, ол 4 см-ге тең. Пирамиданың бүйір қырларын табыңдар.
Р/с
Ақиқат
Жалған
1
Егер пирамида табаны дұрыс көпбұрыш болып, төбесінің проекциясы табанының центріне дәл түссе, онда ол дұрыс пирамида деп аталады.
2
Пирамиданың табаны дегеніміз — оның төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр немесе осы перпендикулярдың ұзындығы.
3
Егер пирамида табаны дұрыс көпбұрыш болып, төбесінің проекциясы табанының центріне дәл түссе, онда ол дұрыс пирамида деп аталады.
4
Дұрыс пирамиданың бүйір жағының пирамида төбесінен түсірілген биіктігі пирамиданың апофемасы деп аталады
5
Дұрыс пирамиданың-бүйір қырларының ұзындықтары әртүрлі
Ақиқат немесе Жалған
РЕФЛЕКСИЯ
БББ кестесі Білемін
Білдім
Білгім келеді
Үй жұмысы
№6
Пирамида туралы слайд