Pisa халықаралық зерттеуінің мақсаты мектептің білім беру тиімділігін, 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарынан оқу жетістіктерін салыстырмалы бағалау арқылы анықтау



бет1/4
Дата20.12.2023
өлшемі282,05 Kb.
#197899
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
ПИЗА каз матем (1)


PISA халықаралық зерттеуінің мақсаты – мектептің білім беру тиімділігін, 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарынан оқу жетістіктерін салыстырмалы бағалау арқылы анықтау.
Қазақстан Республикасы 2011 - 2020 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр» деп жазылған. Бұл Қазақстанның білім беру жүйесінің өтпелі кезеңі аяқталып, дамыған елдер моделіне сәйкес келетіндігін және ТМД елдерінің арасынан мемлекетіміз көшбасшылық орынға шығып, 2020 жылға дейін жоғары білім сапасы мен халықаралық деңгейде нәтиже беретіндігінің айғағы. Cондай-ақоқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA халықаралық зерттеулері аясында өткізілетін оқушылардың ғылыми - жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері қарастырылуда. Қазіргі оқушының өзін-өзі дамытуға, алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыруға, оны қолдана білуге бағытталған жұмыстарға қатты көңіл бөлінуде.Теориялық білім мен практикалық білім дәрежесін теңестіру осы күнгі маңызды міндеттердің бірі. Қазіргі ақпарат заманында, күн сайын жаңалықтарға мұғалім қанық болып, сол ақпараттарды оқушының санасына беріп отыру қажеттілігі туындап отыр. 
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды. PISA халықаралық зерттеуіне Қазақстанның қатысудағы мақсаты - оқушылардың оқу жетістіктерінің бақылау-бағалау жүйесін реформалау, халықаралық стандартқа сәйкес білім мазмұнын оңтайландыру, қазақстандық білім сапасын бағалау жүйесін құру болып табылады. 2013 жылы PISA - 2012 нәтижелері ЭЫДҰ тарапынан қарастырылып, 65 мемлекет қатысуымен Қазақстан Республикасы математика бойынша- 49, ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша - 52, ал оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленгені белгілі болды. Еліміздің төменгі деңгейде болуы білім беру жүйесіндегі талаптарды өзгертуге, стандарт талаптарын қайта қарауға итермелейтіні сөзсіз. Ол үшін білім саласының мамандарына жоғары білімді берумен қатар, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлануға, сыни көзқарас қалыптастыра отырып, функционалдық сауаттылыққа баулу құзыреттіліктерін қалыптастыруды міндеттейді.Бұл әсіресе мұғалімдердің жауапкершілігін, міндеттерін күшейтеді. 2015 жылы РISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың жаратылыстану бағытында оқушының функционалдық сауаттылығы тексерілді, сондықтан жас ұрпаққа теориялық мәліметтермен қоса әлеуметтік ортада алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатындай деңгейде жеткізу – педагогтардың басты міндеті.Егер оқушылардың белгілі бір тапсырмаларды ой елегінен өткізуге ықпал ететін, осы жағдай проблемаларын зерттеуге және одан шығу жолдарын көрсететін жаңа мәтіндер мен тапсырмалар құрастырылса, жеке шешім қабылдай алатын, қоғамның мәдени экономикалық дамуына әсер ете білетін белсенді тұлға қалыптасады.
Оқушының білімін қалыптастыруға бағытталған құзыреттілік түрлері :
1.Ақпараттық құзыреттілік: Өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, түсіндіруге және ақпаратты тасымалдауды, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
2.Коммуникативтік құзыреттілік: Нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға мүмкіндік береді. 
3.Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі: Әр түрлі жағдайда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға мүмкіндік туғызады.
Бірінші топқа енетін тапсырмалар ғылыми тану әдістеріне жататын, ғылыми білімдерді алу тәсілдеріне жататын құзыреттілікке тиісті. Осы тапсырмаларда оқушыға қандай болмасын фактілерді орнату тәсілдерін табу ұсынылуы мүмкін, физикалық өлшемді анықтау, гипотезаларды тексеру, ұсынылған мәселенің зерттеу жоспарын белгілеу.
Екінші топ тапсырмалары үдеріс барысы немесе өзгерістерді болжауға, құбылыстарды түсіндіру және сипаттау біліктерін қалыптастырумен байланысты құзіреттілікке тиісті (құзыреттіліктің екіншісі). Осы біліктер анық ғылыми білімдер мөлшерінде негізделмей, сондай құбылыстардың модельдерімен қызмет ету қабілеттілігінің, және сол тілде түсіндірме және сипаттама беріледі.
Үшінші құзыреттілікке тиісті тапсырмалар бар мәліметтер негізінде қорытынды алуға біліктілікті алуды қалыптастырады. Осы тапсырмалар сандар, суреттер, кестелер, схемалар, диаграммалар, сөз сипаттамасының көпшілік түрінде беріледі.
Мен математика пәні мұғалімі болғандықтан, 9 сынып оқушыларына PISA тапсырмаларына қарай отырып, есептерді өзім құрастыруға тырысамын. 9 сыныпта оқушылар А.Шыныбеков пен А.Әбілқасымова, Ж.Қайдасовтың «Алгебра» және «Геометрия » кітаптарын оқиды.Осы кітаптарда берілген есептердің негізгі мағынасын қалдырып , есептерді өмірге байланыстыра құруды екі апталық «РISAхалықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту» курсында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қағазбаева Әспет Кеңесбекқызынан үйрендім. Мұндай есептер оқушыға әрі түсінікті ,әрі қызық,әрі мағыналы. 9 сыныпта геометриядан «Стереометрия көпжақтары» атты ашық сабақта есептерді РISA форматында оқушыларға бердім. Оларға түсінікті болды және ұнады. Ашық сабақта қолданған бірнеше есептерімді ұсынып отырмын:

1 есеп Аквариум.




1сұрақ: Аквариумның биіктігі 2дм,ұзындығы 5дм, ені 3дм болса, оған қанша су құюға болады?(1дм3=1л)
Жауабы: ______________дм3
Түсіндір:______________________________
______________________________________________
2cұрақ: Аквариумға 35л су құюға бола ма?
Жауабы:_________________Неге?_________________


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет