Платон (көне грекше: Πλάτων, б.з.д. 427 — 347) — ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі — Аристокл.
. Көрнекті грек философы Платон б.з.д. 427-347 жылдары өмір сүрген Платон өзінің философиясы арқылы алғаш рет тәрбиенің теориялық негізін қалаған. Ол тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. Өзінің педагогикалық пікірі бойынша ол Спарта және Афины тәрбиесін ұштастыруға тырысты. Платон мектепке дейінгі тэрбиенің қоғамдық болуын жақтады. 3 жастан 6 жасқа дейінгі кезеңде балалар уақытын тэрбиешілердің басқаруымен ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санаған. Мектепке дейінгі тәрбиеде Платон ойынның рөлін өте жоғары бағалады. Сонымен бірге балаларға айтылатын эңгіменің мазмұнын іріктеп, таңдап алуды талап етті. Платон қыз балалардың дене тәрбиесіне ерекше мән берді, жақсы үлгілер арқылы тәрбиелеуді жақтады. Мемлекет тарапынан тәрбие берудің белгілі жүйесін ұсынды. Ол білім берудің жоғарғы сатысына философияны, арифметиканы, геометрия, астрономия, музыка теориясын жатқызды.
Демокрит
Жалпы, таным процесінің ақиқатқа жетудегі қайшылықтарын, қиындықтарын түсінген Демокрит, танымның субъектісі болу кез келген адамның қолынан келмейді, ол тек данышпандарға ғана тән деп есептейді. Данышпандар сабырлылық, үйлесімділік, симметрия, алаңсыз тыныштық, қызықпаушылық, әділдік т.б. осы сияқты моральдық қағидаларға сүйеніп, философияға беріліп, елеусіз өмір сүруінің арқасында оның мәнін, табиғатын дұрыс түсініп білуге мүмкіндік алады. Егер барлық адамдар осы моральдық қағидаларды басшылыққа алып өмір сүретін болса, онда заңның қажеті болмас еді деп түйеді Демокрит.
Сократ
Сократ философия тарихында үлкен бұрылыс жасаған адам. Ол ғарышты зерттеуден адамды зерттеуге, адамның ішкі рухани шындығына үңілуге, себепті танудан мақсатты тануға бұрылуға әсер етті. Оның этика саласына жасаған үлесі айырықша. Өйткені ол "дүние-адам ақырғы есепте жақсылыққа талпынады, ендеше жақсылықтың тегі не екенін білу нағыз білім болмақ" деп есептеді. Кейінгі философтар Сократтық мысқыл және Сократтық әдіснама ұғымдарын тұрақты термин ретінде қолданады. Сократтық диалектика әдісі күні бүгінге дейін түрлі пікірталастарда жиі қолданылатыны белгілі. Оның мағынасы: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады. Сократ эпистемология және логика салаларына да батыс филсофиясына үлгі боларлық үлестер қосты.
Аристотель
Аристотель ең алғаш рет баланың дамуын белгілі кезеңдерге бөлді. (7 жасқа дейін, 7 жастан 14 жасқа дейін, 14 тен 21 жасқа дейін) 7 жасқа дейінгі дәуірде бала үйде тәрбие алады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру жөнінде Аристотель құнды пікірлер ұсынды. Жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене қозғалысының қажеттілігі, дене шынықтыру, баланың тәрбие алатын ортасын ескеру көрсетілді. Жеті жастан бастап ер балалардың мемлекеттік мектепке баруы, онда, алдымен, дене тәрбиесіне көңіл бөлінуі талап етілді.
Аристотель тәрбиенің әртүрлі салаларының байланысты болуын жақтады. Дене тәрбиесімен қатар оқуға, жазуға, сурет салуға, музыкаға үйрету қажеттігін атап өткен. Мектепте бала елеулі білім алуы керек: әдебиетті, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы, астрономияны, музыканы оқуы керек деп есептеді. Мүндай дэрежеде әйелдерге білім беру қажет деп санамады. Моральдық тәрбие беруде Аристотель моральдық дағдылар мен мінез-құлықты жаттықтыруға үлкен мән берді. Моральдық тәрбиенің үш көзі — табиғи нышандарды, моральдық дағдыларды және сананы дамыту керектігін айтты. Моральдық тәрбие беруде отбасының рөлін өте жоғары бағалады. Тәрбие жөніндегі Аристотельдің пікірлері кейінгі дәуірлерде педагогикалық ой-пікірлердің дамуына үлкен әсер етті.