Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
1. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері
2. Мектепке деінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартының жетілдірілген нұсқасы
Міндеті: Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері Кіріспе Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халқына Жолдауында білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып танылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары). Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. «Инклюзивті» - деген термин ағылшын тілінен аударғанда енгізілген араластырылған деген мағынаны білдіреді. Бұл оқушыларды олардың бұрынғы оқу үлгерімі, денсаулық жағдайы, ата – анасының әлеуметтік – экономикалық мәртебесі мен басқада жағдайларға коңіл аудармай жалпы білім беру үрдісіне араластыру болып табылады Инклюзивті оқыту – білім алу барлығынада қол жетімді деген қағидаға негізделетін оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен,жеткен жетістіктерімен анықталады. 2.Әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті. 3.Әр бір адам қарым-қатынасқа құқылы. 4.Барлық адам бір –біріне қажет. 5.Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 6.Әр бір баланың жетістікке жетуі-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыруы. 7.Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Қорытынды:
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты - барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру. Инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру.
Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының. Астана. 2010 ж.
2. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 ж.
3. Малофеев, Н.Н. Специальное образование в меняющемся мире. Европа: учеб.пособие для студентов пед. вузов / Н.Н. Малофеев. – М.: Просвещение, 2009. – 319 с.
Назарларыңызға рахмет