Полигибридті будандастыру Полигибридті будандастыру деп – үш жəне одан да көп жұп қарама-қарсы (альтернативті) жұп белгілері бойынша ажыратылатын аталық-аналық дараларды будандастыруды айтады. Əртүрлі гомологты емес хромосомаларда орналасқан гендермен анықталатын екі, үш жəне одан да көп жұп белгілердің тұқым қуалау механизмдері, бір жұп белгілердің тұқым қуалау механизмінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ, тек күрделене түседі.
Егер, аталық-аналықтары бір-бірінен үш жұп қарама-қарсы белгілері (сары (А) – жасыл (а), тегіс (В) – бұдыр (b), биік (С) – аласа (с)) бойынша ажыратылатын болса, бұл жағдайда үш жұп аллельдер хромосоманың үш жұбында орналасады.