ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Қабылдаған:Қожабекова Захида Орындаған:Байғараев Мұхит Тобы:С1511-10ж
Полинезия
Полинезия (көне грекше: πολύς – көп + νῆσος – аралдар) — Тынық мұхиттың орталық бөлігіндегі Мұхиттық аралдар құрамындағы аралдар тобы. Полинезияның құрамына Гавайи, Туамоту, Тонга, Самоа, Пасха, т.б. топаралдар кіреді. П-да тәуелсіз мемлекеттермен қатар, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Жаңа Зеландия, Чилидің иелігіндегі аралдар бар. Жалпы аумағы (Жаңа Зеландиясыз) 26 мың км²-ге жуық. Халқы 4,5 млн. адам. П. аралдарының көпшілігі маржанды атолдардан тұрады, қалғандары жанартаулық аралдар тобына жатады. Аралдардың басым бөлігінің жер бедері таулы. Ең биік жері — Гавайи аралдарындағы сөнген Мауна-Кеа жанартауы (4205 м). Гавай, Самоа, Тонга аралдарында сөнбеген жанартаулар кездеседі. Климаты — экваторлық, тропиктік; пассат желдері басым. Жылдық орташа температура 22 — 26°С; жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 1500 — 3500 мм.
Таулы аралдардың көпшілігінде мәңгі жасыл субэкваторлық, тропиктік ормандар мен саванналар тараған. Кокос, банан, ананас, какао, пальма түрлері, нан ағашы, күріш, т.б. тропиктік дақылдар өсіріледі. Балық, теңіз тасбақасы ауланады, меруерт жиналады. Полинезия аралдары Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Австралияны жалғастырушы жол болып табылады. Ірі қалалары мен порттары — Гонолулу (Гавайи аралдары), Апиа (Самоа), Аваруа (Кук), т.б.