Практикалық жұмыс №13. Тақырыбы: Интерактивті дидактикалық тапсырмалар жасау веб сервистері. Мақсаты



бет1/2
Дата24.11.2022
өлшемі1,57 Mb.
#159625
  1   2
Байланысты:
Практикалық жұмыс 13
Қазақстан тарихы, жасөспірімдік кезең, Этика. Құндылықтар философиясы. Этика-melimde.com, 22БИЛЕТ, Дәріс 7, Улпан, РК-1 тест

Практикалық жұмыс №13.

Тақырыбы: Интерактивті дидактикалық тапсырмалар жасау веб сервистері.




Мақсаты: Студенттерді интерактивті дидактикалық тапсырмалар құру веб-сервистерімен танысу және тапсырмалар құруға дағдыландыру.

Білім берудегі жаңа цифрлық технологиялардың маңызды рөлі - тек құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар оқыту мен білімдерін бақлаудың жаңа формаларын құруға ықпал етеді. Білім саласының инфрақұрылымын, атап айтқанда білім беру мекемелердің цифрлық ортасын дамытуға бағытталған, бұл жаңа цифрлық ресурстарды енгізуді және тиімді пайдалануды көздейді.


Білім берудегі цифрлық ресурстарды белгілі бір бағыт бойынша іріктеуге болады. Мысалы:



Қолданылатын бағыт

Цифрлық ресурстар атауы

Цифрлық ресурстар

Қолдану аясы

Жаратылыстану-математикалық бағыт

GeoGebra
Get A Class
Виртуалды зертханалар

https://www.geogebra.org/
https://www.getaclass.ru/
http://www.virtulab.net/

Бұл геометрия, алгебра, кестелер, графиктер, статистика және арифметиканы қамтитын білім берудің барлық деңгейлеріне арналған тегін математикалық программа. Сонымен қатар, физика, химия, биология және т.б. виртуалды зертханалармен жұмыс жасауға да болады. Мүмкіндіктер: жеке тапсырмаларды орындауға, тестілеуге, тексеруге және бақылау мүмкіндігі бар.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Duolingo
Best-language
Lingualeo
География
Earth Viewer

https://www.duolingo.com
https://best-language.ru/
https://lingualeo.com/ru
https://geographyofrussia.com/
https://goo-gl.ru/68Rv

Бұл шет тілдерін үйренуге арналған және сөйлеу мәнерін жоғарлатуға болатын тапсырма түрлері мен түрлі аудио, видео контенттер (диалог, монолог, пікірталас).
Сонымен қатар, география, тарих, орыс тілі бағыттары бойынша түрлі тапсырмаларды орындауға болатын онлайн-ресурстер қарастырылған. Яғни, күрделі ережелерді оңай меңгеруге мүмкіндік береді. Мүмкіндіктер: онлайн тестілеу, онлайн-диктанттар.

Әмбебап ресурстар

LogicLike
LearningApps.org
Internet Urok

https://logiclike.com/
https://learningapps.org/
https://interneturok.ru/

Бұл барлық бағыттар бойынша қамтитын веб-сервистер. Сонымен қатар, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты логикалық тапсырмалар мен қиындық деңгейіне байланысты түрлі логикалық ойындар бар.
LearningApps.org шағын, көпшілікке қолжетімді интерактивті модульдердің көмегімен оқыту мен оқытуды жеңілдету үшін жасалған. Бұл жаттығулар онлайн режимінде жасалады.

Жоғарыда аталған веб-сервистермен жұмыс жасау ең алдымен тіркеуден өтуден басталады. Әрине көрсетілген талаптар мен функционалдық мүмкіндіктеріне қарай өзіңізге тиімді түрін таңдаған дұрыс. Аталған веб-сервистің бірін таңдап, танысып көрейік. Әмбебап ресурстарының бірі Learningapps.org ортасының мүмкіндіктері жоғары. Learningapps.org - түрлі пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік құралдар жасау сервисі. Тақырып категорияларына байланысты интерактивті тапсырмалар тізімінен тұрады (1-сурет). 22 тілдерде тапсырмалар (модульдер) жасау мүмкіндігі бар.



1-сурет. Learningapps.org тіркелу




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет