Практикалық сабақ. Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы



бет1/2
Дата13.12.2021
өлшемі26,18 Kb.
#126069
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
tmvr


Практикалық сабақ. Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы

1. Мұғалімнің психодиагностикалық мәдениеті.

2. Тәрбие үдерісі тиімділігін зерттеу бойынша сынып жетекшісі іс-әрекетінің қағидалары.

3. Тәрбие жүйесінің диагностикасы.

4. Тәрбие жүйесінің нәтижесін зерттеу әдістері.

5. Тәрбие үдерісі тиімділігінің негізгі өлшемдері. Оқушылардың тәрбиелік деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштері.

6. Оқушы тұлғасы мен сынып ұжымы диагностикасының үлгілі бағдарламасы.
Мәдениет – адамзат баласының ұлт, халық болып қалыптасқаннан бергі жинақтаған ұлы байлығы. Бұл шығармашылық күштер мен адамның адами мүмкіншіліктерінің шарықтау шегінің көрінісі.

Тар мағынада мәдениет адамның түбір, мәнді күштерінің дамуының қандай да бір деңгейі деп тұжырымдалады. Бұл тұрғыда мәдениет – жеке адамның өмір салтының қоғамдық өмірдегі құндылықтар мен нормаларға, қоғам мәдениетінің идеалды бейнесіне сәйкестілігі туралы айтылады. Мәдениетті өмір стилі немесе өмірлік іс-әрекет ретінде сипаттауға болады.

Педагогтық мамандық ең көне мамандықтардың бірі болып саналады. Бұл мамандықта ұрпақтар сабақтастығының мыңжылдық тәжірибесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог – бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық-тарихи тәжірибені тасушы. «Адам-адам» типінде қызмет жасайтын педагогтың субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Когнитивті жазықтық жалпы мәдениеттік және пәндік-кәсіби білімдерді қамтиды.

«Ішкі мәдениет» ұғымы – «психодиагностикалық мәдениеттің» нақ өзі, яғни адамның субьект, тұлға және даралық ретіндегі ішкі психикалық өмірінің анықталған сапасы.

Психологиялық-педагогикалық диагностиканы жүзеге асыру, мұғалімнен белгілі бір психодиагностикалық мәдениетті талап етеді.

Мұғалімнің психодиагностикалық мәдениеті:


  1. Педагогтардың жалпы психологияны, жас ерекшеліктері психологиясын және педагогикалық психологияны білуі, диагностикалық зерттеу объектісі болатын психологиялық болмысты түсінуі, сондай-ақ тестілеуді өткізу мен оның нәтижесін хабарлаудағы объективтілігі.

  2. Мұғалімнің диагностикалық аспап-құралдарды пайдалана білуі, оны пайдаланудың принциптерін түсінуі және қолдануы.

  3. Педагог, мектеп психологі «оқушы жағдаяттарын» құра алуы және әртүрлі педагогикалық жағдаяттарды сараптай алуы – диагностикалық зерттеу жүргізуі.

Педагогикалық жағдаяттарды сараптау сыналушы әртүрлі тәсілдермен тексерілуге мәжбүр болғанда ғана жүргізіледі. Мәселен, мұғалім немесе мектеп әкімшілігі тәрбиеленушілермен жүргізілетін тәрбиелік іс-шара нәтижелерінің, олардың тәрбиелік деңгейіне оң ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды анықтауды ұсынады.

  1. Мақсаты мен міндеті сәйкес келетін және сенімді диагностиканың басқа да тәсілдері немесе тестілеу барлық қиыншылықтан шығудың жолы ретінде қарауға болмайтыны педагогтарға белгілі болуы тиіс. Бұл тек диагностиканың тәсілі ғана, ал нәтижелердің дұрыс тұжырымдалуына, олардың басқа да өмірлік көрсеткіштері, тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерінің нәтижелерінің арақатынасына көп нәрсе тәуелді.

  2. Диагностиканың тиімділік және түзету принциптерін қанағаттандыратын әдістері таңдалуы тиіс. Тиімділік принципі аз уақыт ішінде аз күш жұмсау арқылы тексерудің жүру ретін анықтау, нәтижелерді өңдеу мен тұжырымдау барынша пайдалы ақпараттар береді. Түзету принципі тексеру нәтижелеріндетәрбиеленушілерге психологиялық көмек көрсету, оларда жекелеген психикалық үдерістердің дамуы мен қалыптасуын қамтамасыз ету мақсатында қайталану мүмкіндіктері.

  3. Сауатты педагог диагностикалық зерттеуді жүргізу ретінің бөлінбес құрамдас бөлігі болып табылатын математикалық статистика элементтерін меңгеруі тиіс. Мұғалімнің шығармашылық тұрғыда өсу ауқымында жүргізілетін кез келген зерттеу қазіргі уақытта диагностиканың нәтижесін, оның тұжырымдалуын және сенімділігін талдауды қамтуы тиіс.

Педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға жаңаша қарап, сол жаңаны өмірге енгізу қажеттілігі туындап отыр. Оқу және білім беру қызметін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуда. Тәрбиеші мен тәрбиеленуші қарым-қатынасы психологиясын қайта құру, қайта қарау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Тәрбие беру үдерісі – жеке тұлға мен қоғамның талаптарына сәйкес ұйымдастырылған тәрбиелік ықпал етуде пайда болатын педагогикалық арақатынас үдерісі. Оның мақсаты тәрбиеленушілердің әлеуметтік және рухани құндылықтарды, тәжірибені, қатынастарды игерудегі белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру, жеке тұлғаны қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет