Практикалық сабаққа арналған тапсырмалар (Жалпы медицина, педиатрия) Талдағыштар физиологиясы. Жалпы қасиеттері. Көру, соматосенсорлық талдағыштар



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі36,75 Kb.
#194621
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
БООЖ10 (копия)


Практикалық сабаққа арналған тапсырмалар (Жалпы медицина, педиатрия)
Талдағыштар физиологиясы. Жалпы қасиеттері. Көру, соматосенсорлық талдағыштар


1-БӨЛІМ
Тапсырма №1. Талдағыштың бөлімдері және олардың қызметтері. Кестені толтырыңыз

Талдағыштың бөлімі

Құрылым

Қызметі






























Тапсырма №2. Талдағыштардың морфологиялық ерекшеліктері. Кестені толтырыңыз

Ерекшелік

сипаттамасы



Көп қабатты

жүйке жасушаларының бірнеше қабатынан тұрады. Бірінші қабат рецепторлық бөліммен, соңғы қабат ми қыртысының нейрондарымен байланысты.



Көп жолды



әрбір қабатта жүйке элементтері көптеген жолдары арқылы бір-бірімен байланысады. Талдағыштардың мұндай көп жолдары жасалған талдаудың сенімділігін және дәлдігін қамтамасыз етеді.





«Сезіну алқымының» болуы

Олардың физиологиялық маңызы: «тарылатын алқым» - артық ақпаратты шектеу, ал «кеңейетін алқым» - әртүрлі сигналдарды жете және өте терең талдауға мүмкіндік жасау.





Көлденең және тігінен ажыратылуы.

Тігінен ажыратылуы – бөлімдер бірнеше нейрон қабаттарынан тұрады.
Көледенең ажыратылуы – рецепторлардың, нейрондардың қасиеттері, олардың арасындағы байланыстар бір қабаттың өзінде әр түрлі болады.





Тапсырма №3. Талдағыштардың физиологиялық ерекшеліктері. Кестені толтырыңыз

Ерекшелік

сипаттамасы

  1. Талдағыштардың рецепторлары адекватты

тітіркендіргішке өте сезімтал

Көру талдағышы жарықтың аздаған квантын, иіс
талдағышы заттың 0,00004 мл/г мөлшерін
қабылдай алады

  1. Рецепторлары адекватты емес тітіркендіргішке сезімталдығы төмен


Бұл адамның талдағыштарына қолайсыз жағдай тудырады. Көзге
қатты соққы тигенде жарқыл пайда болуы немесе бөлмеде жағымсыз иістің шығуы

  1. Адаптация


ұзақ әсер ететін тіріркендіргішке бейімделу. Тітіркендіргіш
әсеріне рецепторлардың сезімталдығының
төмендеуі байқалады

  1. Вебер-Фехнер заңы


Тітіркендіргіш күшінің өсуіне қатынасы. Тітіркендіргіш
күшінің өсуі егер ол алдыңғы әсердің 1/30-ін құраса сезіледі. Мысалы: колдың үстіне қойылған бұрынғы жүкке қосымша жүк қосылса, кейінгінің ауырлығын сезіну үшін ол алғашқы салмактың 3%-іне тең болуы тиіс
(бастапқы 100 г жүкке 3 г, ал 200 г болса 6 г қосу қажет)

  1. Ақпаратты ажырату, өңдеу және кодтау.


Тітіркендіргіш тіралы ақпарат топтасқан серпіністер түрінде жеткізіледі. Олардың стандартты өлшемдері болады
(амплитудасы, ұзақтығы, формасы). Топтасқан серпіністердің саны, жиілігі, ұзақтығы тірікендіргіш сипатына қарай әр
түрлі болады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет