Правильные многогранники в архитектуре



Дата06.02.2022
өлшемі1,93 Mb.
#79611
түріСабақ
Байланысты:
Тіл және Алаш идеясы. 10-cынып Қазақ тілі. 16.09.

Оқу мақсаты:


Ж3 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну
ӘТН1 Орфографиялық норма
Қыркүйектің он алтысы
Сабақтың тақырыбы Тіл қасиеті


Бағалау критерийлері:
 

Дескриптор

Оқушы

Мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграммадағы) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу.

Пікірлерін толық жеткізеді.

Графиктік мәтіндердегі маңызды тұстарды анықтайды.

Мәтіндерді салыстырып графиктік мәтін құрады.

Орфографиялық норманы сақтайды.

М.Шаханов. Төрт ана.
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛI - мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЬІ, САЛТ-ДӘСТҮРІ -тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және ТУҒАН ТАРИХЫ.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.
Жазылым тапсырмасы. Т/Ж. 180-220 сөз. Топта талқылайды, графиктік мәтіндерді салыстырып, маңызды тұстарын анықтайды, жеке графиктік мәтін құрады.
Тестілеуге қатысушылар саны туралы не ойлайсыз?
Қатысушылар саны жылдарға байланысты қалай өзгерген?
Бұл өзгеріс нені білдіреді?
Сертификаттық тестілеуге қатысушылар санын салыстырыңыз.
Тестілеуге көбіне кімдер қатысады? Неліктен?
Тестілеуге ең аз қатысатындар кімдер? Неліктен?

Рефлексия

Сабақтың тақырыбы: Тіл қасиеті


Оқу мақсаты:
О5.Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру.

Бағалау критерийлері:
 

Дескриптор

Оқушы

Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру.

Талқылау сұрақтарын (5) құрады.

Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды.

Берілген сұрақтарға дұрыс, дәлелді жауап береді.

Тұжырым жасайды.


Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.
Алашағың аз ба мына дүниеден,
Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!
Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!
Ауырыңды арқала да, алға бас,
Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!
Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ,
Ер мінезбен өр рухқа болма жат.
Ортасына жалғыз орыс кіргенде,
Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ.
Аталардан қалған асыл мұрамыз –
Туған жердің қақ төрінде тұрамыз.
Азаттығы ұмытылған ұлт болып,
«Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз.
Оқылым тапсырмасы. ТЖ.
1)Мәтінді оқыңыз, қозғалған мәселені анықтаңыз топта талқылаңыз.
2)Талқылау сұрақтарын құрастырыңыз (5 сұрақ).
Оқылымнан кейінгі тапсырма. Ж.
«Еркін микрофон».
«Оян, қазақ!» өлеңі мен М.Дулатов туралы мәліметтер сізге қандай ой тастады?

Рефлексия



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет