Презентация Тақырыбы: Күрделі көмірсулар
Презентация Тақырыбы: Күрделі көмірсулар Орындаған: Ерубаева А.К. Тобы:ФҚБ-01-21 Қабылдаған: х.ғ.к., профессор м.а. Алиханова Х.Б. Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Күрделі көмірсулар және олардың жіктелуі
Дисахаридтер. Жіктелуі
Полисахаридтер. Жіктелуі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Көмірсулар– жартылай функциональды қосылыстар.
Бұлар молекула құрамында көміртек, сутек және оттек атомдары болатын, сонымен бірге ондағы сутек пен оттек атомдарының қатынасы дәл су молекуласындағыдай (2:1) болып келетін органикалық заттар. Көмірсулардың жалпы формуласы -Сn(H2O)m Көмірсулардың үш классы бар: моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер. Дисахаридтер
Дисахаридтер – құрамында екі моносахарид қалдығы бар көмірсулар. Тотықсызданбайтын (сахароза, трегалоза) және тотықсызданатын (лактоза, мальтоза) .
Дисахаридтер табиғатта бос күйінде таралған. Жоғары олигосахаридтерді немесе полисахаридтерді біртіндеп гидролиздеу арқылы алады.
Дисахаридтер молекулалары өзара оттек атомы арқылы жалғасқан моносахаридтердің екі қалдығынан құралады. Құрылыстары жай эфирлерді еске түсіреді:
R' мен R”— моносахаридтер қалдықтары оттек "көпіршесі" арқылы жалғасқан. Дисахаридтерге: сахароза, лактоза, мальтоза, т.б. жатады
Сахароза
Сахароза С12Н22О11. Сахароза көптеген өсімдіктерде, қант қызылшасында, қант қамысында, сәбізде, қауында, қайың мен үйеңкінің шырындарында болады.
Сахароза — ақ түсті кристалды зат, суда жақсы ериді, дәмі тәтті, балқу температурасы 184-185° С. Сахарозаны балқытып, содан соң қатырса, аморфты мөлдір масса карамель түзіледі.
Сахарозаның ерітіндісі мыс (II) гидроксидімен әрекеттескенде, ашық көк түсті ерітіндінің түзілуі, сахарозаның көпатомды спиртке жататынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |