Презентация тақырыбы: Құн теориялары. Ақшаның мәні мен қызметтері



Дата08.02.2022
өлшемі1 Mb.
#131023
түріПрезентация
Байланысты:
меншик, аико слаидд

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗЕНТАЦИЯ

ТАҚЫРЫБЫ: Құн теориялары.Ақшаның мәні мен қызметтері

Жоспары: 1.Құн дегеніміз не? 2.Құн теориялары 3.Ақшаның мәні мен қызметі

Құн — тауар өндіруге жұмсалған және осы тауар түрінде затқа айналған қоғамдық еңбекті көрсететін саяси экономия санаты; бір заттың ақшалай құндылығы немесе оған жұмсалған шығынның мөлшері. Құнның ақшалай көрінісі (баға) және құн санатының анықтамасы — экономикалық теория мен тәжірибенің негізгі мәселелерінің бірі.

Құн теориялары

  • Қосымша құн

ҚОСЫМША ҚҰН ТЕОРИЯСЫ

Қосымша Құн – жалдамалы жұмысшының жұмыс күшінің құнынан тыс жасалатын, капиталист тегін иемденетін құн. Қосымша Құн – маркстік саяси экономия жүйесінің түп қазығы, іргетасы. Қосымша Құнның сырын ашқан Карл Маркс. Маркстің пайымдауынша, өндіріс барысында ерекше тауардың – жұмыс күшінің айрықша өзгешелігіне байланысты жұмыс күшінің тұтыну құны оның жасалу көзіне айналады. Жалдамалы жұмысшы капиталиске өзінің жұмыс күші құнының баламасын ғана емес, сонымен бірге “құннан тыс” құн жасайтын еңбегін де жұмсайды. Қосымша құн өндіру аясы – өнеркәсіп капитал аясы; оның қозғалысына субъективті фактор – жұмыс күші ғана емес, сонымен бірге өндірістің объективті факторлары да – еңбек құралдары, еңбек заттары қатысады.

ШЕКТІ ПАЙДАЛЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ

Экономикалық ғылымда XIX ғасырдың екінші жартысында жаңа құн теориясы-шекті пайдалылық теориясы жасалынды.Шекті пайдалылық теориясы үшін құнды немесе «бағалылықты» субьективті қарастыру сипаты тән.Теориряның негізін қалаушы Карл Менгер.Бұл теорияны қолданудың мәні: Қазіргі жағдайда кейбір игілікті толықтыру дәрежесін анықтау үшін қолданылады.Теорияны жасауға ат салысқандар: ағылшын экономисі- Уильям Джевонс, австрия экономисі Ейген Бем-Баверк

Ақшаның мәні мен қызметі

  • Ақша – бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын екерше тауар. Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
  • Егер тауар мен ақшаның қарама–қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
  • Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.

Ақшаның мәні

Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның 3 қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

1.Жалпыға тікелей айырбасталу;

2.Айырбас құнының дербес формасы;

3.Еңбектің сыртқы заттық өлшемі;

Жалпыға тікелей айырбастау

Жалпыға тікелей айырбасталу

Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.

Айырбас құнының дербес формасы

Ақшаның айырбас құны

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуімен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындау толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулері. Ал, енді үшінші біреулері алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.

Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – (қағаздай белгілері) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

Ақшаның қызметі

Ақшаның қызметі

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.

Ақша бес түрлі қызмет атқарады:

1.құн өлшемі,

2.айналыс құралы,

3.төлем құралы,

4.қор және қазына жинау құралы,

5.дүниежүзілік ақша.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет