“Проблемалық оқыту әдісі” тақырыбы бойынша эссе
Ең алдымен проблемалық оқытудың тарихына үңілсек Проблемалық оқыту әдісі ертеден бастап қалыптаса бастаған.Сократ кезінде өзінің шәкірттерін логикалық ойлауға,оның шешімін табуға үйретіп отырған. Руссо білімді игеруде ситуациялар қоюға мән берген. Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті ізденіс болса, оны өз тәжірибесінде қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервергтің еңбегі зор. Оқытудың осы әдісінің негізін қалап, оны жоспарлы түрде іске асырған Д.Дьюн болды. Кейіннен оқытудың осы түріне Д.Бруннер, И.Лернер, Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов зор үлес қосты.
Проблемалық оқыту дегеніміз оқушыларға проблемалық ситуация туғыза отырып,өз бетінше проблеманы шешуі бойынша оқыту түрі болып табылады.Яғни проблема деп оқушыға берілген тапсырманың шешуін табуы үшін біраз еңбектенеді соны айтуға болады.Кез келген тапсырма проблемалық бола бермейді.Оның негізгі проблемалық болуының шарты-оқушыға жауап дайын күйінде берілмейді,және оны шешу үшін көп білімді,ізденісті талап етеді.лПроблемалық оқытудың ерекшелігі: оқытушы сол тапсырманы шешуге араласпайды.Оны шешу үшін оқушы өзі ізденіп әдістерін тауып шешуі қажет.Менің ойымша білімді шыңдай түсуге,білмеген мағлұматтармен танысуға таптырмас оқыту түрі деп ойлаймын.Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: алдымен проблемалық шешімді түсіну,танысу; жағдайды талдау және тұжырымдау;болжаулар ұсыну арқылы проблеманы шешу;
Оқушылар үшін проблемалық оқытудың қиыншылық деңгейі әртүрлі болуы мүмкін,ол оқушының еңбектенуіне байланысты.Проблемалық оқытудың негізі мақсаты: -қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.
Проблемалап оқыту әдісінің екі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, оқу материалының мазмұны зерттеледі және ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып,, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады. Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.
Проблемалап оқыту теориясының аумағында әлі де зерттеулерді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Бұл маңызды мәселелердің бірі - оқыту процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі. Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті проблемалар бар:оқушылардың өз бетінше ойланып,әрекет етулері жеткіліксіз. Бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.Сонымен қатар осы оқыту әдісінің екі жақты пайдалы және кемшілік жағын атап өтуді ұйғардым.
Проблемалық оқытудың пайдалы жақтары:
1)Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
2)Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
3)Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
4)Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
·Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
·Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Қорытындылай отырып проблемалық оқыту әдісі оқушыға кез келген тақырыпты немесе тапсырманы тереңірек түсініп,шешуге арналған таптырмас әдіс деп ойлаймын.Осы әдісті қазіргі таңда әдетке айналдырып,күнделікті сабақта қолданатын болсақ жоғары нәтижеге жетеміз деп ойлаймын!
Достарыңызбен бөлісу: |