Проблемалық тапсырма №5 Жазудың пайда болуын немен байланыстырасыз?



Дата07.02.2022
өлшемі43,03 Kb.
#87330
Байланысты:
5Проблемалық тапсырма


Проблемалық тапсырма №5

  1. Жазудың пайда болуын немен байланыстырасыз?

Жазу – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді.Жазу қоғамдық қажеттiлiктен туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.Адам санасындағы ойдың жетілуіне, жүйеленуiне, реттелуiне, нақтылануына улкен әсерін тигізеді.Бүгінгі кезеңде жазудың адамзат өркениеті үшін атқарар қызметі мол.

  1. Жазудың қандай түрлерін білесіз, олардың бір-бірінен ерекшеліктері неде, айырмашылығы қандай?

Пиктографикалық жазу-ең көне жазу.Неолит дәуірінде пайда болған.Бұл жазу оқиғаға қатысты заттарды суреттеу арқылы бір-біріне түсіндіріп жеткізген.Идеографиалық н/е логографикалық жазу-пиктографиялық жазудан кейін пайда болған.Цифрлар тірізді графикалық таңбалар арқылы жазылады.Буын жазуы-сөзді,тілді оның фонетикалық дыбысталуын дәл көрсетуге әрі сөздің грамматикалық формаларын беруге қолайлы.Әріп (дыбыс) жазуы буын жазуынан кейін пайда болған.Жазудың даму барысында біртіндеп дауысты дыбыстар да белгіленетін болды.Бұл жазу-жазу жүйелерінің ішіндегі ең ыңғайлысы.Көне түркі жазулары орхон -Енисей — б.з. V ғ. — б.з. Xғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.Руналық жазу- 2-3 ғ. бастап кейінгі орта ғасырларға шейін германдықтар қолданған әліпби. Латын жазуының таралуына байланысты қолданыстан шыққан. Руналық жазудың таңбалары сына тәрізді сүйірленіп, негізінен, металл, тас, ағашқа жазылған.

  1. Пиктографиялық (суретті) жазудың ерекшелігі неде?

Пиктографикалық жазу-ең көне жазу.Неолит дәуірінде пайда болған.Бұл жазу оқиғаға қатысты заттарды суреттеу арқылы бір-біріне түсіндіріп жеткізген.Идеографиалық н/е логографикалық жазу-пиктографиялық жазудан кейін пайда болған.Цифрлар тірізді графикалық таңбалар арқылы жазылады.Буын жазуы-сөзді,тілді оның фонетикалық дыбысталуын дәл көрсетуге әрі сөздің граммат формаларын беруге қолайлы.Әріп (дыбыс) жазуы буын жазуынан кейін пайда болған.Жазудың даму барысында біртіндеп дауысты дыбыстар да белгіленетін болды.Бұл жазу-жазу жүйелерінің ішіндегі ең ыңғацлысы.Көне түркі жазулары орхон -Енисей — б.з. V ғ. — б.з. Xғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар.Руналық жазу- 2-3 ғғ. бастап кейінгі орта ғасырларға шейін германдықтар қолданған әліпби. Латын жазуының таралуына байланысты қолданыстан шыққан. Руналық жазудың таңбалары сына тәрізді сүйірленіп, негізінен, металл, тас, ағашқа жазылған.

  1. Идеографиялық немесе логографиялық жазудың ерекшелігі неде?.

Идеографиялық немесе логографиялық жазу - пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды. Идеограммалар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастады. Идеографиялық жазудың үлгілерін алғаш қытай жазуы мен шумер жазуынан көруімізге болады.Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді. Олар сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді.Логограммаларды сөздерді белгілейтін таңбалар ретінде екі түрге бөліп қарауға болады. Логограммалардың кейбіреулері сөздердің мағынасымен тікелей байланысты болатын болса, кейбіреулері сөздердің фонетикалық жағымен тікелей байланысты болады. Логографиялық жазудың жетіле түскен түрі ₋ морфема-логографиялық жазу болып табылады. Бұл жазудың таңбалары, яғни белгілері бүтіндей сөзі ғана емес, күрделі сөздің құрамына енетін жеке морфемаларды белгілейді. Осыған байланысты морфемаларды белгілейтін таңбалар морфограммалар деп аталады.

  1. Буын жазуының ерекшелігі неде?

Буын жазуы — жазудың бір түрі. Буын жазуында таңба буынды белгілейді, яғни сөз құрамындағы әрбір буын графикалық таңбалармен беріледі. Бұған жапон, үндіжазулары жатады. Буын таңбалары әуелде бір буынды сөздерді белгілеген идеограммалардан жасалған. Буын жазуы сөзді, тілді, әсіресе, оның фонетикалық дыбысталуын дәл көрсетуге әрі сөздің граммат формаларын беруге қолайлы. Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді.

  • Логографиялық жазудың даму барысында жасалған крит, майя, кипр буын жазулары,

  • Эфиопия, индия (брахма, кхарошти және осылардан жасалған жазулар) буын жазулары.

  • Жапон буын жазуы мен дигатуралы-дыбыстық жазу жүйесі Жапон буын жазуы мен дигатуралы-дыбыстық жазу жүйесі.

  1. Әріп (дыбыс) жазуының ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

Әріп (дыбыс) жазуы Әріп жазуы буын жазуынан кейін пайда болды.Әріп жазуының шығуына және дүние жүзіне кең таралуына оның қарапайымдылығы, сөздердің дыбысталуын дәл беретіндігі, әр түрлі тілдерге қолайлығы себеп болды деуімізге болады. Кәзіргі кезде қолданылып жүрген әріп жазуына адамзат баласы бірден келе салған жоқ.Жазудың даму барысында, біртіндеп дауысты дыбыстар да белгіленетін болды.Әріп жазуының пайда болуының дүние жүзілік мәдениеттің дамуы үшін маңызы орасан зор болды. Өйткені бұл жазу - жазу жүйелерінің ішіндегі ең ыңғайлысы. Тілдердің қайсысында болса да, ондағы сөздердің саны мен буын санынан дыбыстардың саны әлдеқайда аз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет