Зертханалық жұмыс №12-13
Визуальды программалау ережелері. WindowsForm қосымшаларын құру
Мақсаты: Оқиғалы басқару ережелерін және визуальды компоненттерді қолдана отырып WindowsForm қосымшаларын құру дағдылары қалыптасады.
Негізгі ұғымдар. Оқиғалы басқару, визуальды компоненттер
Бекіту мысалдары.
Мысал 1. Бүтін x, y, z сандары берілген. Ең үлкен санды анықтайтын программа құрыңыз. Формаға textbox1, textbox2, textbox3, label1, button1 компонеттерін орналастырамыз. Программа интерфейсі 10 суретте көрсетілген.
1 сурет. Ең үлкен санды анықтау
Программа коды:
private: System::Void Button2_Click(System::Object^ sender, System::EventArgs^ e) {
int x, y, z, max;
x = System::Convert::ToInt16(textBox1->Text);
y = System::Convert::ToInt16(textBox2->Text);
z = System::Convert::ToInt16(textBox3->Text);
if (x > y && x > z) max = x;
else if (y > z) max = y;
else max = z;
label1->Text = "max=" + max.ToString();
Мысал2. A[3,3] бүтін сандардан тұратын массив берілген. Массивтің теріс элементтерінің санын анықтайтын программа құрыңыз. Формаға dataGridView11, label1, button1 компонеттерін орналастырамыз. Программа интерфейсі 2 суретте көрсетілген.
Программа коды:
private: System::Void Button1_Click(System::Object^ sender, System::EventArgs^ e) {
int a[3][3], i, j,s=0;
for (i = 0;i < 3; i++)
{
for (j = 0;j < 3; j++)
a[i][j]=System::Convert::ToInt16(dataGridView1[i,j]->Value->ToString());
}
for (i = 0; i < 3; i++)
for (j = 0; j < 3; j++)
if (a[i][j] < 0)
s++;
label1->Text = "s=" + s.ToString();
}}
Бақылау сұрақтары
Оқиға құру ережелері қандай?
Мәліметтерді енгізуге және шығаруға қандай компоненттер қолданылады?
Өзіндік жұмыс тапсырмалары
Жазықтықта екі нүкте N(x1,y1) және M(x2,y2) берілген. Бұлардың қайсысы координатаның бас нүктесіне жақын болатынын анықтайтын программа құрыңыз.
Пернетақтадан енгізілетін кез келген төрт бүтін санның ішінен теріс сандарды табатын программа құру.
Берілген санның барлық бөлгіштерін анықтайтын программа құрыңыз.
a, b, c нақты сандары берілген. Теңсіздік орындала ма, тексеріңіз: a
Төрт орынды сан берілген. Бұл санда 3 цифры бар ма, анықтаңыз.
Нақты сандар сандар тізбегінің ішінен мәнінің ең үлкенін табыңдар.
Төрт орынды сан берілген. Бұл санда 4 немесе 7 цифры бар ма, анықтаңыз.
Пернетақтадан енгізілген санға сай апта күнін шығару программасын құрыңыз.
Төрт орынды сан берілген. Санның алғашқы екі цифрының қосындысы соңғы екі цифрының қосындысына тең бе, анықтаңыз.
Төрт орынды сан берілген.Санның цифрларының қосындысы 3-ке еселі ме, анықтаңыз.
Екі бүтін сан берілген. Клавиатурадан енгізілген арифметикалық операция таңбасына сәйкес амалды орындайтын программа құрыңыз,
1 мен 300 саны аралығындағы бөлгіштерінің саны 5 болып табылатын барлық бүтін сандарды анықтайтын программа құрыңыз.
Алғашқы 10 жай санды анықтайтын программа құрыңыз.
a мен b саны аралығындағы бөлгіштерінің саны k болып табылатын барлық бүтін сандарды анықтайтын программа құрыңыз.
100 мен 300 саны аралығындағы бөлгіштерінің қосындысы 50-ге тең болатын барлық бүтін сандарды анықтайтын программа құрыңыз.
1-ден 100-ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табу алгоритмін және программасын құрыңыз.
1-ден бастап өзіміз көрсеткен n бүтін санына дейінгі натурал сандарды және олардың квадраттарын экранға шығаратын программа құру керек.
20-дан бастап 100-ге дейінгі 13 санының еселіктерін жазу программасын құрыңыз.
N саны берілген. Квадраты n санынан үлкен болатын бірінші натурал санды анықтайтын программа құрыңыз.
Тізімнің тек оң элементтерін өсу ретімен орналастыру программасын құрыңыз.
14. а нақты сан және сандар тізбегі берілген. Тізбектегі а-дан кіші болатын сандарды экранға шығар.
N саны берілген. 1,4,9,16,25,36 ... сандар тізбегінен n санынан кішілерін ғана экранға шығаратын программа құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |