Сабақтың тақырыбы: Программалау тілінде модельдер құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға программалау тілі ABC PASCAL –да графикалық модельдер құруға үйрету.
Графикалық режимде графикалық операторларын пайдаланып әртүрлі модельдер сыза білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық, эстетикалық қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: Ұйымшылдыққа, ізденуге, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, электронды оқулық
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабақтың типі: Жаңа сабақты бекіту.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу.
Топқа бөлу: Үшбұрыш, Шеңбер, Төртбұрыш суреттерін таңдау: Ой - шексіз, қимыл - белсенді, нәтиже - кемел
Үшбұрыш тобы:
Үшбұрыш таңдаушылар көшбасшылық қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін жандар.
Төртбұрыш тобы:
Төртбұрыш таңдағандар өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысы ның шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар
Шеңбер тобы:
Шеңбер таңдағандар қарым-қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, әңгіме айтқанды ұнатады, тез шешім қабылдай алмайды, достары мен таныстары көп жандар
Үй тапсырмасын тексеру.
Электронды оқулықты көрсету. Модель. Модельдеу. Модель түрлері. Модельдеу кезеңдері. (Жалпы шолу еске түсіру) Тест жұмысын орындауға болады.
Негізгі бөлім:
Суреттер үйлестіріледі. (Ойыншық машина, машина суреті, Глубос, глубос суреті)
Сұрақ: Модельдің қасиеттеріне қарай жіктелуінің қандай түрі?
Жауап: Көрсету тәсіліне қарай
Сұрақ: Қалай бөлуге болады?
Жауап: Материалды (заттық) және Ақпараттық (абстракты)
Сұрақ: Ақпараттық модельдің түрлері қандай?
Жауап: Вербальдық және таңбалық
Графикалық модельдер, кестелік, иерархиялық, желілік.
Міне бүгін біз графикалық модельдерді программалау тілі арқылы жасаймыз.
а) Операторлар қызметін еске түсіру (интерактивті тақтада жұмыс- сәйкестендіру)
ә) Есепті тақтаға программасын құра отырып түсіндіру.
б) Әр түрлі суреттерді моделін жасау. (жеке карточкадағы сызба бойынша программасын құру компьютерде жазу).
Экранның координаталық жазықтығының бейнесі:
Графиктік режимдегі операторлар:
Оператордың атауы
|
Қызметі
|
SetWindowSize
|
терезенің өлшемі
|
SetWindowHeight(h);
|
графикалық терезен биіктігі
|
SetWindowWidth(w);
|
графикалық терезенің ені
|
ClearWindow(түс);
|
графикалық терезені берілген түспен тазартады.
|
SetPixel(x,y,c);
|
координатасы (x,y) нүктені берілген түс-пен салады.
|
MoveTo(x,y);
|
нүктені белгілеу
|
LineTo(x,y);
|
ағымдағы орналасқан нүктеден бастап координатасы (x,y) нүктеге дейін кесінді сызады;
|
Line(x1,y1,x2,y2);
|
координатасы (x1,y1) нүктеден координатасы (x2,y2) нүктеге кесінді дейін сызады.
|
SetPenColor(түс);
|
қаламның түсін тағайындайды.
|
SetPenWidth(n); -
|
қаламның қалыңдығын тағайындайды.
n – пиксельдер саны
|
Rectangle(x1,y1,x2,y2);
|
диогнальдарының екі шеткі нүктесінің координаталары (x1,y1) және (x2,y2) болатын тіктөртбұрыш сызады.
|
FloodFill(x,y,түс);
|
(x,y) нүктесінен бастап берілген түспен бояйды.
|
SetBrushColor(түс);
|
қылқаламның түсін тағайындайды.
|
Circle(x,y,r);
|
центрінің координатасы (x,y) және радиусы r болатын шеңбер сызады.
|
Ellipse(x1,y1,x2,y2);
|
диагональдарының шеткі нүктелерінің координаталары (x1,y1) және (x2,y2) болатын тіктөртбұрыштың ішіне эллипс сызады.
|
TextOut(х,у,'мәтін')
|
(x,y) нүктесінен бастап мәтін жазу
|
SetFontName(‘name’);
|
шрифт атын тағайындайды.
|
SetFontColor(color);
|
шрифт түсін тағайындайды.
|
SetFontSize(sz);
|
шрифттің өлшемін пунктпен көрсетеді.
|
SetFontStyle(fs);
|
шрифт стилі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |