Программалық жабдықтамасы : Paint графиктік редакторы



Дата11.01.2017
өлшемі138,83 Kb.
#6663
түріПрограмма
Өтетін орны : Мультимедиялық кабинет

Программалық жабдықтамасы: Paint графиктік редакторы

Білімділік мақсаты: Абайдың шығармалары туралы түсінік беру, Paint графиктік редакторының ерекшеліктеріне көңіл бөлу.Абай шығармаларының мазмұнын түсіне отырып, иллюстрацияны компьютерде бейнелеуді үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Гуманистік, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, имандылық тәрбиесін беру. Әдебиетке деген түсінігін қалыптастыру, өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу

Шығармашылық мақсаты: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу. Оқушыны әдеби шығарма желісіне ілесе отырып, сурет салуға үйрету. Оқушының байқағыштық және есте сақтау қабілетін дамыту, елестету арқылы ойша сурет салуға дағдыландыру.

Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ / Музыка, информатика, әдебиет, бейнелеу өнері/

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Абай суреті , Абай әндері. .б.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: қылқалам, қарындаш. Компьютер, интерактивті тақта.

Күтілетін нәтиже:

  • Абайдың шығармаларын біліп, түсінігін бейнелей алатын болады;

  • Иллюстрацияны бейнелеуді үйренеді;

  • Бірлесе жұмыс жасауды білетін болады.

Негізгі идеялар: Абайдың шығармаларындағы айтпақ ойды бейнелеу. . Ақын шығармаларының мазмұнына иллюстрацияны- компьютерде орындайды. Шығарма мазмұнын, көрінісін әдемі де, мағыналы етіп көрсетеді.

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу.

ә) Оқушыларды түгендеу.

І. Психологиялық дайындық «Түстер психологиясы»

Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, біліміңізді, ерекшеліктеріңізді, мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске қарап–ақ байқауға болады.                                                                           

Сондықтан да, төменде ұсынылған түстер психологиясын оқи отырып, жақындарыңыз туралы мәлімет алуға немесе айналаңыздағы адамдардың сізге деген оң пікірін тудыра отырып, өз стильіңізді, бедел–бейнеңізді қалыптастыруға мүмкіндігіңіз бар.

Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі.

Сары түс –Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге  құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады.

Қызыл түс  Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар                                                                              Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны. 

Күлгін түс -. Асыл арман мен көркем қиялдың түсі. Бұл түсті таңдағандар тек өзгелерді таң қалдырғысы немесе сүйсіндіргісі келмейді, өзін де таң қалдырғандығын қалайды.

Сұр түс – еркіндіктің нышаны. Бұл түсті таңдағандар – белгілі бір жүктелетін міндеттен ада болғысы келеді. Ештеңеге араласқысы келмейді, көпшілік ортаны ұнатпайды.

Қара түс  қара түсті таңдаған адам тағдыр ағысына қарсы тұра алады.

Ақ түс –. Пәктік, тазалықнышаны. Ақ түс әділдікті білдіреді.



Аралас түстер: 

Көк-қара – тыныштық.                                                                                

Сұр-көк -  сабырлық, немқұрайлылық.                                                                

Көк-қызыл қоңыр – өз жағдайын өзі жасап алу.                                                

Көк-күлгін – нәзіктікке талпыныс.                                                         

Көгілдір - түсінуге деген құлшыныс, айналасын махаббатқа бөлеу.                

Қоңыр-қызыл – белсенділік.                                                                            

Көк-жасыл – нақтылық, ұқыптылық.                                                        

Ашық жасыл– жігерлік, бәрін өзіне бағындыруға талпыныс.                          

Жасыл-сары – адалдықты сүю.                                                                   

Жасыл-қара – турашылдық.                                                                       

Сұр-жасыл – сенімсіздік.    

II.Үй тапсырмасын сұрау.

«Галерея аралау» әдісі.Оқушылардың «Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау» тақырыбындағы суреттері тақтаға ілінеді. Өздеріне ұнаған суретке сынып оқушыларымен мұғалім ақылдаса отырып стик жапсыру арқылы баға береді.

Мұғалім: Ертегі мазмұнына иллюстрация жасадық. Қызықты тартымды көріністер арқылы сендердің ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, кітапқа қызығушылыққа талпынғандарыңды, нәтижесінде сурет салу үшін біраз ізденгендеріңді, қызықты көрініс салу үшін жаңа ертегілермен танысып ой - өрісін кеңейткендеріңді аңғардым. Ертегіден өзге де кез келген жанрларға иллюстрация жасауға болады. Мысалы: кино, спектакль, опера, әңгіме, өлеңдерге т. с. с.


Өлең демекші, соның ішінде табиғат көріністерінен әсерлі, тартымды иллюстрация дайындауға болады. Бүгін біз иллюстрация жасауды жалғастырамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ

-Жаңа сабақ бастамас бұрын мына әуенге көңіл бөлейік. «Көзімнің қарасы» әнін орындау.



-Бұл әннің авторы кім?

Қызығушылығын ояту. Абай деген сөзді естігенде,ойларыңа,көз алдарыңа не келеді?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Абай шығармаларына иллюстрация жасау». Яғни , өзімізге таныс Абай шығармаларын Paint графиктік редакторында бейнелейміз.



Insert әдісі «ББҮ» кестесі . Сынып оқушыларына (білемін-білгім келеді - үйрендім) кестесі таратылады. Кестенің бірінші бөлігіне осы тақырыпқа байланысты не білетіндері, екінші бөлігіне балалардың Абай шығармаларымен иллюстрациялық жұмыс жасау барысында «не білгісі келетіні» жазылады. Үшінші бөлігі (не білдім) мәтінмен танысып,талдап болған соң толтырады.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім









Мұғалім:     

Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды . Тек қана Абай өлеңдерінен: қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, салт-санасы, ұлттық ерекшелік қасиеттері бар жағынан түгел көрініп, сезілетін Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды.

Кескіндемеші-суретшінің бояумен бейнеленген көрінісі бізді өмірдің өзіндегідей ыйландырып, өмірдің өзіндегідей толғандыра алады. Суретші бояумен суретті шебер қиыстыра отырып, кісінің бет-пішінің, қимыл қозғалысын, жарықтың сәулесі мен көлеңкені дәл белгілейді. Жақсы картина жарқын, жадыраңқы бояулар арқылы біздің көңілімізді ашып, қуанышқа бөлесе, күңгірт түнеріңкі бояулармен бейнеленген қайғылы хәл бізді мұңға батырады. Кескіндемеші көзіне не түссе соны көшіре салмайды. Ол біздің көз алдымызда өмірдің таңғажайып сипаттарын адамдардың асқақ та айбынды сымбатын дауылды күнгі теңіздің үрейлі сұсын , гүлдердің нәзік ажарын, адамдардың тереңде жатқан тылсым сырларын ашуға ұмтылады. Суретші өмірдегі құбылыстарды қылқалам арқылы, түрлі-түсті бояулар арқылы бейнелесе, қазақтың ұлы ақыны Абай құдіретті сөз арқылы суреттеп жеткізген. Мысалы «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Қансонарда бүркітші шығады аңға, 

Тастан түлкі табылар аңдығанға

Жақсы ат пен тату жолдас — бір ғанибет

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі, 

О дағы — осал жау емес қыран паңға. 

Сегіз найза қолында, көз аудармай,  

Батыр да аял қылмайды ертең таңға.

Көктен қыран сорғалап құйылғанда.

Жарқ-жұрқ етіп, екеуі айқасады,

Жеке батыр шыққандай қан майданға.

Біреуі — көк, біреуі — жер тағысы,

Адам үшін батысып қызыл қанға.

Қар — аппақ, бүркіт — қара,түлкі-қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға. /сурет көрсетіледі/

Өздерің білетін Абай шығармаларының біріне иллюстрациялық сурет салайық.

Өлең мазмұны бойынша нобай салу, композициялық құрылымын келтіру. Нобай салуды қажетті сөз тіркестерімен байланыстыра отырып саламыз. Желсіз түн – түнгі аспан – ай сәулесі – мұнартқан тау – ауыл маңы – терең сай – тасыған өзен – қалың ағаш – жапырақ сыбдыры – құлпырған жер – тау жаңғырығы – үрген ит – жол тосу.


Жердің суреттелуіне қарағанда таулы аймақ екендігін аңғарамыз, яғни ақынның туған жері таулы аймақ екенін білуге болады.
ІY.Сарамандық жұмыс.

Әр оқушы Абайдың өзіне ұнаған шығармасын компьютерде сурет салу редакторы арқылы бейнелейді.

Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:


  1. Өзіңе ұнаған Абай шығармасы мазмұнын көз алдыңа елестетіп, ой елегінен өткіз.

  2. Салатын суретіңе қажетті сөз тіркестерін анықта.

  3. Сурет салу құралын таңдап ал.

  4. Сызықтың қалыңдығын, қылқалам түрін тағайында.

  5. Кескіннің түсін таңда

  6. Фонның түсін таңда

  7. Суретті сал.

Қатысып отырған мұғалімдермен жұмыс

1. « Қызықты оқиғалар» /жұмбақ суреттер көрсетілімі/



Сергіту сәті «Биші кірпі» /оқушылармен жүргізіледі/

Қатысып отырған мұғалімдермен жұмыс

2. «Сызықты бейнеге айналдыр» , «2 тілек, 1ұсыныс»

Сарамандық жұмысты талдау / «Қыс», «Жаз» , «Күз», «Желсіз түнде жарық ай» , «Күлембайға», «Шегіртке мен құмырсқа»т.б/
Мұғалім: Сендер Абай аталарыңның қандай шығармаларына иллюстрация жасадыңдар.?

Ермұханбет; Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ,

Ауыз омыртқа шығыңқы майда жалды,

Ой желке, үңірейген болса сағақ.



Данара : «Жаз»

Жаздыкүн шілде болғанда,  

Көкорай шалғын, бәйшешек 

Ұзарып өсіп толғанда; 

Күркіреп жатқан өзенге 

Көшіп ауыл қонғанда:  

Шұрқырап жатқан жылқының  

Шалғыннан жоны қылтылдап, 

Ат, айғырлар, биелер 

Бүйірі шығып, ыңқылдап, 

Суда тұрып шыбындап, 

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай 

Айнала шауып бұлтылдап, 

Жоғары-төмен үйрек, қаз 

Ұшып тұрса сымпылдап. 



Мұғалім: Абайдың шығармаларының бірі мысал өлеңдері.

Абайдың аударма жасауға тереңдікпен, шеберлікпен, жауапкершілікпен келгенін байқайсыз.. Абай - мысал өлеңдердің де шебері. Абайдың мысал өлендері Крылов шығармаларынан аударма . Мысалдарында көбінесе, белгілі бір сюжет еркін баяндалады.



Ерасыл: «Шегіртке мен құмырсқа»

Шырылдауық шегіртке

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған.

Жылы жаз жоқ,тамақ жоқ

Өкінгеннен не пайда?

Суыққа тонған қарны ашқан

Ойын қайда, ән қайда?

Секіру қайда сүрініп,

Қабағын қайғы жабады.

Сабанда жатып дән жиған

Құмырсқаны іздеп табады- деп суреттей келе жалқау шегірткенің еңбекқор құмырсқаға бас ұра келуін суреттедім.

Аружан:  Абай қыстың кескінін де аса шеберлікпен суреттейді. Үскірік бораны бұрқырап тұрған қысты рақымсыз адам бейнесіне ұқсатады. Қыстың малға да жағдайсыз соқыр, мылқау күш екендігін аңғартады.

 Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

 

Айым: «Жазғытұры»

 Жазғытұры ќалмайды ќыстың сызы,

Масатыдай ќұлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, ќой ќоздап—ќорада шу,

Көбелек пен ќұстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып ќарағанда,

Сыбдыр ќағып, бұлаңдап ағады су.

Көл жағалай мамырлап ќу менен ќаз,

Жұмыртќа іздеп, жүгіріп балалар мәз.


Асылжан :     

 Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай, -  деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, ағаштардың сидиып, жапырағынан айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың, асыр салып ойнаған балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді

            Мұғалім : Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Жоғарыда айтылған үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та, сол кездің суреті көз алдыңда тұрады. «Қылышын сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған жаз» өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің мына жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді.


Айдос:Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңі

Мұғалім: Міне осы ән арқылы жазғы түннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезінің желсіз тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы тұтас бір картина ретінде көз алдыңа келеді.

Сая : Ол өзінің өткір сөзін дала жыртқыштары дөрекілікпен пайдаланған зорлыққа, озбырлыққа қарсы, екіжүзділік пен жалғандыққа, опасыздық пен мылжыңдыққа, керенаулық пен надандыққа қарсы бағыттады.

Абайдың көптеген шығармалары сатиралық рухта, нағыз сатиралық бағытта жазылған. Ұлы ақынның шығармалары қоғамдық кеселдермен қалай күрескендігін ғана емес, сонымен қатар өзінің озық жағымды идеалын қалай насихаттағындығын да көрсетеді.

«Күзембайға» шығармасын бейнеледім.
Y.Қорытынды

«ББҮ»кестесінің «үйрендім» бөлігі толтырылады.

ҮІ. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма.

«Идеал тапсырма» әдісі: Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өз таңдайды. Мысалы біреуі Абай шығармалары жайлы қосымша дерек жинаса, келесісі сурет салады, үшіншісі мақала жазуы мүмкін.
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.



Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен білімің екі жақтап

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет