Психогимнастика тобының жаттығулары



Дата13.04.2020
өлшемі14,82 Kb.
#62374
Байланысты:
психогимнастика

Психогимнастика» тобының жаттығулары.

Балабақшада таңертеңгілік жаттығулар балалардың сапқа тұруымен басталады. Бұл сапқа тұрғызу тез өтеді. Балаларды топтың ауданына бірдей орналастыру үшін маңызы зор.Содан балалардың зейінін аударып, жүруден және жеңіл жүруден бастауыңцзға болады. Бұл уақытта реакциялық жаттығуды өткізудің маңызы зор; Мысалы: Тәрбиешінің шапалағына, балалар жүруді тоқтатпай қол шапалағымен жауап береді. Балабақшаларға таңертеңгілік жаттығуларды таңдаған уақытта барлық бұлшық ет топтарын шынықтыратын /иық буыны, аяқ,табан,кеуденің көлденең орналасқан және арқа бұлшық еттеріне, іш бұлшықеттерін/ жаттығуларға назар аудару керек. Жаттығудың түрлілігі бөлменің ауданына тәуелді. Егер бөлменің ауданы үлкен болса, онда жүгіру және секіру жаттығуларын қосуға болады. Жиынға енген таңертеңгі жаттығулар дене шынықтыру ұйымдастырылған қимыл әрекеттерде мотивациялық бөлімінде пысықтау мақсатымен қайталанады . Таңертеңгілік жаттығуларды балаларға толық мақсатымен жаттығулар түрлі жан-жануарларға еліктеу әдісімен ұйымдастырылады.Таңертеңгілік жаттығулар арнайы жүйемен орындалады



Жаттығулар:

Бірінші: бас, мойын, иық, қол бұлшық еттеріне.

Екінші: бел, кеуде бұлшық еттеріне.

Үшінші: бөксе, сан, тізе бұлшық еттеріне жасалады.

Жаттығулардан соң,көңілді, қызықты, қимылды ойын ұйымдастырылады.

Даярлық топтың таңертеңгілік жаттығуының ұзақтығы 8-10 минут

Қол, дене, аяққа арналған жалпы дамыту жаттығулары:

Ересектердің көрсетуі мен ауызша айтыуна сәйкес дене жаттығуларын орындау, гимнастикалық атрибуттарды (жалауша, шар, доп, және т.б) қолдануға үйрету.

Негізі қимылдар:

Бір уақытта үш негізгі қимылдарды орындау ұсынылады.



Жүру және жүгіру.

Топқа бөлініп және бүкіл топпен, жұптасып, шеңбер бойымен қол ұстасып, қарқынды өзгерте отырып, жүгірумен алмастырып және керісінше (тәрбиешінің соңынан), бағытты өзгертіп, шашырап, заттарды айналып өтіп, алға қарай қырындап жүру.

Аяқтың ұшымен жүру. Жіптен, қырлы бөренеден көбектен атттап жүру. Топқа бөлініп және бүкіл топпен түзу бағытта, әр түрлі бағытта (бірін-бірі итермей ), бірінің соңынан бірі, бір қатармен тәрбиешінің соңынан жүгіру.

Таңертеңгілік гимнастикаа амалдары:

а/. қарапайым түрдегі жаттығулар: таңғы жаттығулар кешені.

ә/. су процедурасы: бетін, қолын, қолдарын салқын сумен жуу, ауызын және тамағын шаю.

б/. Шынығу: ұйқыға жатар алдында киімдерін жинаған орындықтан төсекке дейін, оянған бетте төсектен орындыққа дейін жалаң аяқ жүріп өту.

в/. Уқалау, яғни массаж: Ойын түрінде дененің кез келген мүшесімен «сәлемдесу»

Қорыта айтқанда, балалар бақшасындағы таңертеңгілік жаттығулардың мақсаты - балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Мектепке дейінгі жастағы балалардың кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылдарды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындау дағдылары, әр баланың қимылының бүкіл ұжымның қозғалысымен үйлесуі пісіп, жетіледі. Таңертеңгілік жаттығудың ұйымдастырушылық және тәртіптеушілік үлкен маңызы бар.

2. Психогимнастика «Кім қалай жүреді?»

Мақсаты: Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.

Көлбең-көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем.

Қоян қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

Көлбең-көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем.

Аю қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

Көлбең-көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем.

Түлкі қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

Көлбең-көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем.

Маймыл қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

3. «Шапалақты тыңда» ойыны

Мақсаты: Қимыл-қозғалыс пен есту мүшелері арқылы ойын, зейінін дамыту.



Жүргізілу барысы: Балалар айнала дөңгелек бойымен қозғалады. Бір рет шапалақтағанда «қоян» секілді тұрып қалулары керек. Екі шапалақ « ит» секілді үреді, үш шапалақтан соң « құс » секілді балалар қолдарын екі жаққа лақтырып жүреді. Төрт рет шапалақтағанда қайтадан бастапқы қалыпқа келулері керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет