Қр білім және ғылым министрлігі



бет1/4
Дата17.11.2023
өлшемі51,57 Kb.
#191837
  1   2   3   4
Байланысты:
астрофиз
1-2-5-7 сын.ұмжлары, 1335469, Шерехан Асылайым Интервью диалог, электр тізб, оптика бож, 8 ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІНДЕГІ РЕЗОНАНС ҚҰБЫЛЫСЫ, stud.kz-88276, GCJTKQANHDWG11102023005253, HMBBOOMXIZNC14102023180724

ҚР Білім және ғылым министрлігі


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Физика кафедрасы

бөж

Тақырып: Ғаламшарлар


Дайындаған: Қаратаева А.


Қабылдаған: Полатұлы С.
Тобы:ЖФИ-111

Түркістан 2023 ж.


Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім

  1. Ғаламшарлар

  2. Жер тобының планеталары

  3. Орбита

  4. Жұлдыздардың планеталық жүйесі

Қорытынды

Кіріспе
Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs — кезбе жұлдыздар) — өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.
Уран (солда), Нептун (оңда), Жер (төменгі солда), Сириус B (төменгі ортада) және Шолпан (төменгі оңда). Күн жүйесіндегі планеталар өздерінің физикалық қасиеттеріне қарай екі топқа бөлінеді – жер тобындағы планеталар және алып планеталар. Жер тобындағы планеталарға: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон да жатады. Жер тобының планеталары, негізінен табиғи тұздар мен темірден тұрады. Жер тобындағы планеталардың атмосфералары өте күрделі эволюцияны бастарынан өткізді: біртіндеп және апатты түрде газсыздану (вулкандар), басиапқы аккреция (бөлініп шығу, өсу) периодында әр түрлі бөлінулер, бірінші планеталық тұмандықтардан газдарды қармап алу. Жер тобындағы планеталарда серіктер аз (Меркурий мен Шолпанда олар тіпті жоқ, Марста – екі кішкене серік, Жерде – біреу). Физикалық сипаттамалар бойынша бұл топтағы планеталарға алыстағы Плутон да жататын болар.

Негізгі бөлім
Ғаламшарлар
Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs — кезбе жұлдыздар) — өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.
Уран (солда), Нептун (оңда), Жер (төменгі солда), Сириус B (төменгі ортада) және Шолпан (төменгі оңда).
Ғаламшар — өздігінен жарық шығармайтын, жұлдызды айнала қозғалатын, орталық жарық көзімен салыстырғандағы массасы шағын аспан денесі. Күн жүйесінде 9 үлкен планета, 43 планета серіктері, бірнеше ондаған мың кіші планеталар (астероидтар) белгілі. Үлкен планеталардың пішіні сфера тәрізді, соған жақынырақ болады. Күн жүйесіндегі Планеталар Күн жарығын шағылдырғандықтан көрінеді. Кейбір жақын жұлдыздың айналасындағы Планета осы жүйенің масса центрінің түзу сызықты қозғалыс траектория маңайында тербелуін бақылау арқылы анықталады. Қазіргі космогон. теория бойынша планеталық жүйелер Галактикада кеңінен тараған құбылыс болып табылады.
2006 жылы тамызында Прага қаласында 75 елден жиналған 2,5 мыңдай астроном Халықаралық астрономиялық одақ маслихатында ресми түрде ғаламшар мәртебесін алу үшін аспан денесіне қажетті көрсеткіштерді бекітті.
1930 жылы ашылған және содан бері Күн жүйесіндегі 9-шы ғаламшар саналып келген Плутон мәртебесінен айырылды. Жаңа жіктелім бойынша Плутон енді шағын ғаламшарлар немесе планетоидтар санатына жатады.[2]
Енді аспанда 8 ғаламшар ғана қалды. Олар:

  1. Меркурий

  2. Шолпан

  3. Жер

  4. Қызылжұлдыз

  5. Есекқырған

  6. Қоңырқай

  7. Уран

  8. Нептун



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет