| | - МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РККАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
| - Тақырыбы: ДӘРІГЕР ТҰЛҒАСЫ. КӘСІПТІК ДЕФОРМАЦИЯ. ДӘРІГЕР ТҮЛҒАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
- Қабылдаған:
- Орындаған: Нұрмухамет А
- Курс: 2
- Факультет: ЖМ-15
- Топ: 21-01
-
- 2017 жыл
Дәрігердің мінезі сыпайы болса, қызмет әтикетін дұрыс сақтаса, ауру адамдар оньтмен ашық сөйлесіп, айтқан сѳзіне сеніп, кѳнілдері көтеріңкі болып жүреді. Ондай дәрігер, әрбір ауру адамның мүң-мүласының түсініп, олардың жасьгаа, жынысына, сырқатының түріне карай керекті, құлаққа жағымды сөздер тауып, көңілін жұбатады. Ал жағымды сездің ауру адамға деген әсері туралы біз жоғарыда әңгімелегенбіз. Сондықтан, жас дәрігер, ѳзін-ѳзі тәрбиелеуге көп мән беріп, оған түрақты көңіл бөліп отыруы кажет. Медициналық деонтологияға, моральдік, этикалық принциптерге қайшы келетін тәртіп, тәжірибесі мол, жасы үлкен дәрігерлер арасында да кездеседі. Өзінің мол тәжірибесіне маңғазданып, көп білгішсініп, ешкімнің пікірін тыңдамай, әріптестерін менсінбей жүретін дәрігерлер де аз емес-ау! Бұндай дәрігерлер, ұжым жұмысынын нәтижесі жақсы бола қалса, жетістіктердің бәрін ез үлесіне қосып, ал кемшіліктер болган сәтте, әз бойынан мін таппай, басқаларды айыптап, кателіктердің бәрін солардың мойнына артады. Бір ұжымда қызмет атқарып жүрген әріптестер арасында жиі кездеспесе де, байқалып тұратын тағы бір өте зиянды жағдай біреудің жетістіктерін коре алмаушылық, қызғаныштық. Бойларында осы «қасиеттері» бар дәрігерлер коллективтің соры. Ѳйткені ондай «маман» жүрген жерінде ѳтірік, қызғаныштық, қастық, т.б. жалпы қоғамдық моральға, әтикага жатпайтын қылықтар тудырып жүреді. Олар жақсы маман - дәрігерлердің беделін төмендету үшін, оның соңынан жалған сез, теріс пікір айтып, кішігірім жіберген қателері болса, оны үлкейтіп, керкемдеп, ел арасына таратуды көздейді. Жаксы дәрігерді олар ауруларға, туған-туыстарына жамандап, каралауга дейін барады. Әріптесінің жетістіктерін көре алмау, қызғаныштық білдіру ең тұрпайы және қауіпті қасиеттердің бірі. Сондықтан, осындай қасиеттерден әрқашан аулақ болуға тырысу керек. Керісінше, езіңен ақылы, мамандық және ѳмірдегі тәжірибесі, білімі, мәдениеттілігі артық әріптестерінен әрдайым үлгі алып, үйреніп отыру керек. Медициналық әтика мен деонтологияның өзекті мәселелерінің бірі - дәрігер мен ауру адамның туыстары, жолдас-жоралары, қызметтес әріптестері арасында туатын қарым-қатынас. Ауру адам емханаға түскен сәттен бастап, оның туған-туыстары, жолдас-достары, т.б. хал-жагдайын, дертінің түрін, оның «ауру адамның ѳміріне, болашағына тигізетін әсері кандай» деген сұрақтарга дәрігерден жауап алуга тырысады. ДЕРТТІҢ АУРУ АДАМҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ Дерттің адамға жасайтын психологиялык әсері дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Ішкі ағза аурулары науқасқа екі түрлі әсер жасайды: • соматогендік; • психогендік. Науқас психикасына дерттің соматогендік әсері адамның орталық жүйке жүйесіне соматогендік зияндылығына (гемодинамиканың бұзылуы, улану, т.б.) байланысты. Мысалы, қатерлі ісікте күшті ауыру сезімінің әсері, жүрек ақауларындагы өттегі жетіспеушілігінің әсері, перитонитте улануы, т.б. Психогендік әсерлер науқас адамның тұлға ретінде өз дертіне көзқарасына, қатынасына, реакциясына байланысты дамиды. Ауру (дерт) науқас адамға зақымдау факторлары (қатты ауыруы, улануы, т.б.), арқылы әсерін тигізіп, түрлі сезім туғызады жэне адамның психологиясына, өміріне, жұмыска жарамсыздық, туыстарымен қарым-қатынасының өзгеруі сияқты қиындықтар әкеледі. Бұның бәрі адамның ауруга деген кѳзқарасын, қарым-қатынасының түрін қалыптастырады. Адамның өз ауруына қалыпты, адекватты көзқараста болмауы кейбір бас миы дерттерінде (ісік) кездеседі. Қоғам ауырған адамға құқық бере отырып, сонымен қатар оған міндет де артады. Мысалы, ауру адам емделуге, жұмыстан уақытша босатылуға, қаражат алуға құқықты. Оның міндеті - тез арада сауығу, дәрігер нұсқауын толық орындау, т.б. Науқаспен кездескенде дәрігер ауру белгілерімен қатар, сырқаттанған адамның дерт туралы аңызын (миф), ѳз ѳмірінде оның алатын орнын, құндылығын, пайда болу себептерін және оның мүмкін деген түпкі нәтижесі жөнінде адамнын ойларымен, күйзелістерімен де танысады. Сондықтан, дәрігер, адам санасының психикалық зандылықтарын біліп, дайын болуы қажет. Сырқаттанудың нәтижесінде, адам алдымен түсініксіз жағдайының өзгеруін, жағымсыз сезімдердің пайда болғанын байқайды. Осыған байланысты адам ойында ауру туралы көзкарас, әрекеттер, уайымдар байқалады. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР www.google.kz www.ref.z www.36ektep.ucoz.kz Назарларыңызға рахмет !!!
Достарыңызбен бөлісу: |