ҚР төтенше жағдай министрлігінің қызметі



Дата12.10.2023
өлшемі1,26 Mb.
#184881
Байланысты:
61a8ad8d-681b-4fc3-9b8e-32cb5225de06

ҚР төтенше жағдай министрлігінің қызметі 

Орындаған:каллыханов с.

Тексерген: Сейдалиева Л.

Төтенше жағдай аймағы бұл Төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ.

Төтенше жағдай аймағы бұл Төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ.

Табиғи және техногенді апаттардың қауіпін азайту жолдары

  • Айтылған заңда табиғи және техногенді апаттардың қауіпін азайту, шығынын, залалын азайту үшін жасалатын қорғану шаралады айқындалған: 1) құрылысты сейсмикалық қауіпке байланысты жүргізу, ғимараттар мен имараттардың сейсмикалық тұрақтылығын арттыру;
  • 2) гидротехникалық және инженерлік-геологиялық қорғау шараларын іске асыру; транспорттық ТЖ алдын-алу үшін, транспорт қауіпсіздігін сақтау үшін коммуникация жүйелерін жетілдіру; 3) радиоактивті, химиялық және басқа қауіпті объектілердегі қорғау шараларын уақытымен жүргізіп отыру; 4) өрт жарылыс, эпидемия, эпизотия, ауылшаруашылық және орман өсімдіктері зиянкестері мен ауруларына қарсы шараларды жүргізу; 5) басқа да өқілетті бақылау органдарының заңдарына байланысты міндетті шараларды іске асыру.

Инженерлік қорғау дегеніміз

  • Инженерлік қорғау дегеніміз — зақымдану ошағында жеке құрамды, халықты қорғау және эвакуациялау шараларын жүргізу. Бұл міндеттерді АҚ бастығының шешімі бойынша арнайы құрылған инженерлік-техникалық жасақтар орындайды. Инженерлік қамтамасыз етуге мыналар қамтылады:
  • жолдар мен көпірлердің және жол құрылыстарының күтіп ұсталуы мен жөнделуін қамтамасыз ету;
  • жөнелту және қабылдау пункттерін, жаяу адамдар жүретін бағыттарда лектік жолдарды, халықты қатыстыра отырып, паналау орындарын, жасақтар мен техниканы орналастыратын бастапқы аудандарды, су алатын және оны тазартатын пункттерді жабдықтау; суға өткелдер салу;
  • инженерлік барлауды ұйымдастырып, жүргізу және күштердің (құралдардың) зақым ошағына кіруін қамтамасыз ету, оған жолдар салу, үйінді басып қалған паналау ғимараттары мен тасалану орындарын ашу; коммуналдықэнергетикалық жүйелердегі аппаттардын зардаптарын оқшаулап, жою;
  • бүркемелеудің инженерлік шараларын жасау, жаппай зақымдану ошағындағы зардаптарын жою;
  • жарылмай қалған снарядбомбаларды тауып, жою.

Тұрғындарды қорғау бойынша шаралар өткізу кезеңдері. Негізгі принцптері.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іске асырылатын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары біздің республикамызда ең басты мақсат болып табылады.

Халықты қорғау қағидасы – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР Үкіметі белгілеген ереже.

Халықты бейбіт уақыттағы төтенше жағдайдан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау, қорғаудың негізгі үш тәсілі арқылығ, кешенді шараларды өткізумен іске асырылады:

Халықты қорғаныс ғимараттарына жасыру

Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылының қауіпі туған жағдайда қорғанудың негізгі және ең сенімді әдісі. Қорғаныс ғимараттары – бұл панахана, радиациядан қорғау орындары және қарапайым панаханалар. Халықты панаханаға жасыру арқылы қорғаудың ең басты жолы – қорғаныс ғимараттарын әрдайым дайын ұстау. АҚ дабылы болғанда халықты тезірек панаханаларға кіруге оқыту. Сондай – ақ, ТЖ болғанда панаханалар мен радиациядан қорғайтын орындарды басқару пунктері ретінде де қолдана алады.

Халықты көшіру, әсіресе бейбіт уақытта болғанда ТЖ-ға сонымен қатар, соғыс уақытында қала тұрғындарын осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғауға тән. Халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттар мен бактериалды құралдардың ағзаға, теріге және киімге түсіп кетуінен қорғауға арналған. Олар төмендегідей бөлінеді:

· Тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ауаны сүзетін және ауаны кіргізбейтін газқағарлар, респираторлар, шаңнан қорғайтын мата маскасы (ПТМ – 1) және мақта мата таңғышы);

· Теріні қорғау құралдары (арнайы оқшаулап қорғайтын киім)

Жеке қорғаныс құралдарын қолдану – халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі.

Халықты қорғау Республикамыздағы АҚ – ның басты міндеті, себебі адамдар – ең жоғары құндылық болып табылады, сондықтан олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ алдын алу мен іс – қимылдар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты.

Назарларыңызға рахмет!!!

  • Назарларыңызға рахмет!!!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет