Радиактивтілік.Изотоптар. Атом ядросының құрылысы.
Атом ядросының заряды.Атом ядросының негізгі сипаттамаларының
бірі оның электр заряды болып табылады. Атом ядросының зарядын алғаш
рет 1913 ж Г.Мозли өлшеген. Ал ядроның зарядын тікелей өлшеуді ағылшын
физигі Дж.Чевдик 1920ж жүзеге асырды. Атом ядросының заряды элементар
е электр зарядының Менделеев кестесіндегі химиялық элементтің Z реттік
нөміріне көбейтіндісіне тең болады:
q=Ze
Сонымен, Менделеев кестесіндегі химиялық
элементтің реттік нөмері
кез келген элемент атомының ядросындағы оң зарядтардың санымен
анықталады. Сондықтан элементтің Z реттік нөмірін зарядтық сан деп
атайды.
Атом ядросының физикалық қасиеттері оның зарядымен қатар
массамен де анықталады. Ядролық физика иондар мен атом ядросының
массасын көбінесе масс-спектрографтың көмегімен анықтайды.
М=
𝑞𝐵𝑅
𝜗
мұндағы жылдамдық:
𝜗 =
𝐸
0
𝐵
0
М-атом ядросының массасы.
Көптеген эксперименттік зерттеулер атом ядросының пішіні сфера
тәрізді болатынын көрсетті. Атом ядросының радиусын мына формула
бойынша жуықтап анықтауға болады:
R=
𝑅
0
𝐴
1
3
мұндағы R=1,25*10
−15
м,А-массалық сан.Ал ядро радиусының оның
массалық санының кубтық түріне пропорционалдығынан ядролық заттың
орташа тығыздығы үшін
𝜌 =
м
я
𝑉
=
М
я
4
3 𝜋𝑅
3
мұндағы М
я
-ядроның массасы.Есептеулер жуықтап алғанда ядролық
заттың орташа тығыздығы 𝜌 ≈ 2,7 ∗ 10
17 кг
м
3
екенін көрсетті.Заттың осындай
тығыздығы ғарыштағы нейтрондық жұлдыздар-пульсаларға тән.
Атом ядросының құрамы.1932 ж нейтрон ашылғаннан соң орыс
ғалымы Д.Д.Иваненко мен неміс ғалымы В.Гейзенберг ядроның протон-
нейтрондық моделі туралы болжам ұсынды.Қазіргі ядроның протон-
нейтрондық моделі туралы болжам ұсынды.Қалыпты жағдайда атом
электрлік бейтарап болатындықтан, протонның заряды модулі бойынша
электронның зарядына тең, яғни ядродағы протондардың саны атом
қабықшасындағы электрондардың санына тең.Ядроның құрамына кіретін оң
зарядты протон мен электрлік бейтарап нейтрондардың жалпы санын
нуклондар (лат.nuklius-ядро) деп атайды.Ядродағы нуклондардың жалпы
саны А массалық сан деп аталады.
А=Z+N
Осы өрнектен ядроның құрамына кіретін N нейтрондар санын
анықтауға болады: N=A-Z
Ядролық зарядтары (реттік нөмері Z) бірдей, ал массалық сандары А әр
түрлі элементтердің атомдарын изтоптар деп атайды.
Массалық сандары А бірдей, зарядтық сандары Z әр түрлі нуклидтерді
изобаралар деп атайды.
Табиғи радиактивтілік.1886 ж А.Беккерель табиғи радиактивтілікті
ашты. А.Беккерель уран тұзының фотопластинаға әсерін зерттеген.
Тәжірбиелер барысында ол мына құбылысты байқаған: уран тұздары тығыз
қара қағазбен оралған фотопластинаға әсер етіп, оның қараюына туғызатын,
өтімділігі жоғары белгісіз сәулелерді шығарады екен. Мұқият зерттеулер
нәтижесінде Беккерль өтімділігі жоғары белгісіз сәулелерді уран атомының
өзі, ешқандай сыртқы әсерсіз-ақ өздігінен шығатынын анықтады.
Бұл құбылысты зерттеу жұмыстары бірден басталды. Францияда 1898
ж М.Склодовская-Кюри мен П.Кюри торий элементінің өздігінен сәуле
шығаруын ашты. Өздігінен сәуле шығаратын химиялық элементті
радиактивті деп, ал сәуле шығару процесін радиактивтік деп атауды Кюри
ұсынды. Радиактивтігі ураннан миллион есе қарқынды элементті радий,
екінші элементті М.Склодовскаяның отанының құрметіне полоний деп
атады. 1908 ж Резерфорд спектрлік анализ әдісімен радиактивті газ- радонды
ашты.
Альфа-ыдырау. Альфа бөлшегінің табиғатын 1908 ж Резерфорд
көптеген эксперименттік зерттеулер нәтижесінде анықтады. Альфа-ыдырау
кезінде ядродан альфа бөлшек- гелий атомының ядросы ұшып шығады және
химиялық элементтің туынды ядросы пацда болады.
Альфа-ыдырау кезінде атом ядросы Z зарядтық саны екіге және А
массалық саны төртке кем туынды ядроға түрленді. Жаңа элемент Менделеев
кестесіндегі периодтық жүйенің бас жағына қарай екі орынға ығысады:
𝑋
𝑍
𝐴
→
𝑌
𝑍−2
𝐴−4
+ 𝐻
2
4
X-аналық ядроның белгісі, Ү-туынды ядроның таңбасы.
Бета-ыдырау.Бета-ыдырау кезінде атом ядросының зарядтық саны Z бір
заряд бірлігіне артады, ал массалық сан өзгермейді. Жаңа элемент Менделеев
кестесіндегі периодтық жүйенің соңына қарай бір орынға ығысады:
𝑋
𝑍
𝐴
→
𝑌
𝑍+1
𝐴
+
е
−1
0
+ 𝜈
0
0
𝜈-электрлік заряды 0-ге тең, тыныштық массасы жоқ электрондық
антинейтрино деп аталатын бөлшек.
Гамма-ыдырау.1900 ж П.Виллард ядролық сәуле шығарудың
құрамындағы үшінші компоненттің бар екенін тапты, оны гамма сәуле
шығару деп атаған.Гамма сәуле шығару сагнит өрісінде ауытқымайды, демек
оның заряды жоқ. Гамма сәуле шығару радиактивтік ыдыраудың бір түрі
емес, ол альфа және бетта ыдыраулармен қабаттаса өтетін процесс.
𝑋 ⋆
𝑍
𝐴
→ Х
𝑍
𝐴
+ 𝛾
Тапсырма:
1.Радиактивті кобальттың массасы 4 г.Егер кобальттың жартылай ыдырау
периоды 72 тәул болса, онда 216 тәул ішінде оның неше грамы ыдырайды?
2.Радиактивті изотоптың бастапқы ядроларының 5/8 бөлігі 849 с ішінде
ыдыраған болса, осы изотоптың жартылай ыдырау периодын анықтаңдар.
Уатсапп:87470196021
Почта: raigul.bakytzhanova@mail.ru