Радиоактивтілік Ядролық реакциялар



Дата26.10.2022
өлшемі5,84 Mb.
#154980
түріСабақ
Байланысты:
Радиоактив

Радиоактивтілік Ядролық реакциялар

Сабақтың мақсаты

  • 10.1.2.3 Радиоактивтіліктің табиғатын және радиоактивті изотоптарды қолдануды түсіндір
  • Барлық оқушылар: Радиоактивтіліктің табиғаты мен радиоактивті изотоптарды қолдану маңыздылығын түсінеді.

    Оқушылардың көбісі: Радиоактивті сәулеленудің түрлері мен қасиеттерін талдайды.

    Кейбір оқушылар: Ядролық ыдырау мен ядролық синтездеудің айырмашылығын айқындайды.

Топқа бөлу

Топқа бөлу құралы ретінде QR кодты сканерлеу арқылы жасаймыз.

Оқушылар өз таңдаулары бойынша көрсетілген 3 кодтың біреуін сканерлеу арқылы топтасады.

Радиоактивтілік

Бір химиялық элементтің тұрақсыз изотопының өздігінен элементар бөлшектер шығара отырып, екінші элементтің изотопына айналуы радиоактивтілік деп аталады.

Негізінен үш түрлі радиоактивті сәулелер болады:

α- сәулелер заряды электрон зарядынан екі есе көп, оң зарядталған, массасы сутек массасынан 4 есе көп бөлшектерден тұрады.

β- электрондар ағыны.

γ- массасы өте аз, зарядсыз электрмагнитті толқындар.

Алдымен ядро альфа немесе бета- саулелер шығарады, ядро тұрақталмаған жағдайда гамма- сәулелер шығарады. Альфа бөлшектер екі протон және екі нейтроннан тұрады. Гелий атомының ядросының құрамы тура осындай. Ғалымдар гелийді жер бетіндегі табиғи радиоактивтіліктің өнімі деп санайды.

Алдымен ядро альфа немесе бета- саулелер шығарады, ядро тұрақталмаған жағдайда гамма- сәулелер шығарады. Альфа бөлшектер екі протон және екі нейтроннан тұрады. Гелий атомының ядросының құрамы тура осындай. Ғалымдар гелийді жер бетіндегі табиғи радиоактивтіліктің өнімі деп санайды.

Альфа бөлшектер баяу қозғалады, қағаз бетінен қалың зат қабаты оны ұстап қалады және олар 10 см-ден аз қашықтыққа ұшады.

Бета бөлшектер- үлкен энергиясы бар электрондар. Олар нейтрондар ыдырағанда түзіледі. Бета-бөлшктер ауада шамамен 1м-ге дейін ұшады, қалыңдығы 1мм мыс қабаты ұстайды.


Гамма сәулелер- жарық жылдамдығындай жылдамдықпен қозғалатын үлкен энергиялы электромагниттік сәулелер. Гамма сәулелердің жиілігі қорғасын қабаты арқылы өткенде 13 мм немесе ауа қабаты арқылы өткенде 120 м-ге дейін төмендейді.

Ядролық реакциялар

Ядролық реакция дегеніміз- атом ядросының элементар бөлшектермен әрекеттесуі нәтижесінде атом ядросының құрамы мен құрылымы өзгеріп, екіншілік элементар бөлшектер түзіле жүретін реакциялар.


Егер элемент изотопының ядросы α- бөлшек түзіп ыдыраса, онда оның массалық саны 4 бірлікке, ал ядро заряды 2 бірлікке кеміп, периодтық жүйеде 2 нөмір бұрын орналасқан жаңа элемент изотопының ядросы түзіледі.
Егер элемент изотопының ядросы β- бөлшек түзіп ыдыраса, онда массалық саны өзгермей, ядро заряды 1 бірлікке артып, яғни периодтық жүйеде 1 нөмір алда орналасқан жаңа элемент изотопының ядросы түзіледі.

1 тапсырма


Сәулеленудің
түрі

Сәулеленудің
табиғаты

Таралу қабілеті

Альфа сәулелену

Бета сәулелену

Гамма сәулелену

Дискриптор
  • Сәулелену процестерін сипаттайды;
  • Альфа, бета және гамма ыдыраулары үшін радиоактивті сәулелердің табиғатын біледі;
  • Үш сәуленің таралу қабілетін көрсетеді

  • (3 балл)

2 тапсырма


1

α - сәулелер - теріс зарядталған бөлшектер ағыны.

2

γ - сәулелер - бұл электромагниттік сәулелену.

3

β-сәулелер - жылдам қозғалатын бейтарап зарядталған бөлшектер ағыны.

4

Сәуле шығаратын химиялық элемент радиоактивті деп аталады

5

Альфа ыдырауы кезінде екі протон мен екі нейтроннан тұратын гелий атомы бөлінеді - оны әдетте альфа-бөлшек деп атайды.

6

Табиғи радиоактивтілік адамдаға қауіпті емес.

7

Адам ағзасы сәуле шығарады.

8

Радиоактивті изотоптар уақыт өткен соң басқа изотоптарға бөлінеді.

Кестедегі әр сөйлемге карама-қарсы орналасқан жерге True немесе False деп жазыңыз.
(5 балл)

Рефлексия


Chemistry_10
21 просмотров
Chemistry_10 #Радиоактивтілік
Напишите комментарий
Бүгінгі сабақты толықтай түсіндім. Маған сабақ үнады.
Бүгінгі сабақта түсінбеген жерлерім болды. Толықтыратын жерлерім бар.
Бүгінгі сабақты мүлде түсінбедім. Қайтадан қайталап оқимын.

Үй тапсырмасы

  • Радиация медицинада қалай қолданылады? Мысал келтір. Радиацияға шалдығу қаупін қалай азайтуға болады?
  • 18-19 беттегі 1-5 жаттығуларды орындап, дәптерге жазып келу.
  • 24 беттегі 1-15 есептерді шығарып, сұрақтарға жауап жазу.

Сабақ аяқталды! Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет