1.Ядролық физикада ұзындық бірлігі ретінде фемтометр алынады:
1 фм=10-15 м
2. Атомдар, ядролар және элементар бөлшектр үшін массаның бірлігі ретінде массаның атомдық бірлігі (м.а.б) қолданылады:
1 м.а.б.=1,6605406·10-27 кг.
Көміртегі-12 изотопы атомының массасының 1/12 бөлігі массаынң атомдық бірлігі ретінде алынады.
3. Атом физикасында энергияның бірлігі ретінде электрон-вольт (эВ) алынады .
Заряды бір элементар зарядқа (е=1,6·10-19Кл) тең электронның потенциалдар айырымы бір вольт болатын электр өрісінде алатын кинетикалық энергиясы электрон-вольт болады.
1эВ=1,6·10-19Дж
1кэВ=1,6·10-16Дж
1МэВ=1,6·10-13Дж
1ГэВ=1,6·10-10Дж
1905 ж. А. Эйнштейн:Е0=mc2 (Эйнштейн қатысы)
с≈3·108 м/с –вакуумдағы жарық жылдамдығы.
Мя<(Z·mp+N·mn)
Ядролық тарту күшінің жұмыс есебінен нуклондардан атом ядросы түзілгенде пайда болатын массалар айырымын массалар ақауы деп атайды.
∆m=(Z·mp+N·mn)- Мя
Мя-ядро массасы, mp-протон массасы mn-нейтрон массасы,Z- протон саны
N- нейтрон саны ∆m=(Z·Мн+N·mn)- Ма
Мн-сутегі атомының тыныштық массасы
Ма-зерттейтін атомның тыныштық массасы
Жеке бөлшектр бірігіп ядроны құрағанда, пайда болатын масса ақауы есебінен бөлініп шығатын энергия ядроның байланыс энергиясы деп аталады.
Eб= ∆mc2=(Z·mp+N·mn- Мя)·c2==(Z·MH+N·mn- Мат)·c2
Eб= ∆m·931,5 МэВ=(Z·mp+N·mn- Мя)·931,5МэВ
∆m – ядроның масса ақауы
Ядроны жеке нуклондарға толық ыдыратуға жұмсалатын энергияны байланыс энергиясы деп аталады.
Бір нуклонға келетін байланыс энергиясының шамасын меншікті байланыс энергиясы деп атайды:
А-ядродағы нуклондар саны.
|