Құрамы басқаша болған майлардың жиналып қалуын түсінеміз. Қалыпты жағдайда бауырдағы майдың тек, бөлігі ғана бейтарап



Дата06.02.2022
өлшемі12,73 Kb.
#79364
түріҚұрамы
Байланысты:
Документ


Б ауырдың майлы дистрофиясы. Бауыр май алмасуы үрдісіне
тікелей қатысатын ағза болғандықтан бұл жерде гистохимиялық
реакциялар арқылы әрдайым май тамшыларын табуға болады.
Сондықтан, бауырдың майлы дистрофиясы дегенде, біз осы жердегі
май мөлшерінің әдеттегіден көбейіп кетуін немесе химиялық
құрамы басқаша болған майлардың жиналып қалуын түсінеміз. Қалыпты жағдайда бауырдағы майдың тек , бөлігі ғана бейтарап
майларга жатса, майлы дистрофияда оның бәрі дерлік бейтарап
майдан түрады. Жасуша ішіндегі үшглицеридтер баўырдан шығып
кету үшін апопротеин молекуласымен қосылып, липопротгин
түзеді. Бауыр жасушаларында әуелі майда тамшылар пайда болады
(майда тамшылы семіру), кейінірек олар бір-біріне қосылып ірі
тамшылар түзеді (ірі тамшылы семіру). Бауыр май дистрофиясы
нәтижесінде үлкейіп, божырап, қамыодай жұмсарып қалады, түсі
коңыр-сарғыш немесе сары. Бауырдың майлы дистрофиясы улы
заттар әсерінде, алкоголизмде, қантты диабетте, семіздікте, бело-
ктық затардың жетіспеушілігіне байланысты дамиды. Алкоголизм-
де майдың "май қорларынан" шығуы күшейеді, гепатоциттерде
май қышқылдарының синтезі артады, олардың тотықтану мөлшері
төмендейді, сонымен қатар липопротеидтер синтезі азаяды, осы
өзгерістер нәтижесінде май бауыр жасушаларында жиналады. Erep
ауру арақ-шарап ішуін тоқтатса, жасушалардағы май бауырдан 2-4
апта ішінде жоғалып кетеді. Ал арақ-шарап ішу жалғаса берсе, ауру-
да алкогольдік гепатит, кейінірек цирроз дамиды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет