Реферат Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі24,85 Kb.
#97918
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
геогр 10 апта 1


Нархоз университетінің экономикалық колледжі


Реферат
Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті

Орындаған: Кабышева Малика


Тексерген :Әкімхан.Ұ.Е


Жоспар:
1Нарықтық қатынастар
2.Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру
3.Геоэкономикалық жағдайы
4.Әлеуеттік жағдайы
5.АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында: « … қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу серпіні – біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы» — деп көрсетілгендей, мемлекетте жүргізілген саясаттың нәтижесінде Қазақстанның аймақтары әлеуметтік-экономикалық дамуда ілгерілей бастады [1]. Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді. Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік –экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда. Осы аталып өткен мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болды.
Аймақтық саясат мақсаты – маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері арасындағы айырмашылықты азайту. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру инфрақұрылымды, шаруашылық іс-әрекетті жақсартады, ал бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру деңгейін көтереді.
Аймақтық саясаттың негізгі қағидаттары:

  • республикалық мүдделерді аймақтық мүдделерден, әлеуеттілердің ағымдағылардан басымдығы;

  • территориялық орналасуына байланысты аймақтардың табиғи байлықтарын тиімді қолдану;

  • артта қалған аймақтарды іріктеп, олардың экономикасын сол жерде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмдерін құрып, шаруашылық жүргізуші субъектілерді ынталандыру арқылы көтеру;

  • мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар аймақтарды дамыту басымдығы.

Аймақ дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты — аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету — мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.
Дипломдық жұмысының мақсаты – аймақтардың әлеуметтік –экономикалық даму ерекшеліктерін, аймақтық саясаттың жасақталу барысын, оның жүзеге асу бағыттарын, аймақ экономикасын басқарудың бүгінгі күнгі өзекті мәселелерін зерттеу болып табылады. Осыған орай дипломдық жұмыста аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктеріне басты назар аударылды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасындағы аймақтық дамудың ерекшеліктерін айқындау;

  • аймақтық саясатты жүзеге асару құралдарын саралау;

  • Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларын, оның ішінде Маңғыстау облысының жағдайын сипаттау;

  • Қазақстан аймақтарын әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері бойынша топтастыру арқылы, аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы экономиканы басқарудың аймақтық астары, аймақтық саясатты жүзеге асару құралы ретіндегі басқару мәселелері қарастырылған.
Жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстан аймақтарының, Маңғыстау облысының әлеуметтік- экономикалық жағдайына талдау жасалынып, соның негізінде аймақтық саясаттың аймақтардағы жүзеге асу барысы талданды. Ал үшінші бөлімде аймақ экономикасын басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары айқындалды.
Дипломдық жұмысының қорытынды бөлімінде жұмысты орындау барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар жазылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет