Реферат пәні: ХIX ғасырдағы қазақ әдебиеті Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы



Дата21.06.2023
өлшемі330,88 Kb.
#179070
түріРеферат
Байланысты:
12-срсп


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН" УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Пәні: ХIX ғасырдағы қазақ әдебиеті Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы.

Орындаған: Залипова.Ж.Н


Тексерген: Шайекенов.Ж.Ж
Орал – 2022


Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Қыпшақ тайпасының ұзын руынан шыққан. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. Балғожа бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былайша білдірген:


Үміт еткен көзімнің нұры – балам,
Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің,
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!
Әлгі мектеп ақыры 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ баласының бірі – тоғыз жасар Ыбырай болады. Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы — қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді. 1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі — Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В.В.Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған. Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады. Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", – деп жазады, ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді. Ыбырай мәдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл оны жігерлендіре түседі. "Қазақтар мені құшағын жая қарсы алды. Мектепке балаларын беруге ынталы адамдар толып жатыр", – деп жазады ол бір хатында. Ыбырай Н.И.Ильминскийге жазған әлгі хатында тағы да былай дейді: "Қазақ даласын үш жылдай аралаған Сіздің қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды, бірақ оқымаған халық дейтініңізге мен сенемін. Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз". Туған халқы туралы мұндай ой Ыбырайдың демократтық көзқарасына негіз болды және оны сеніммен жұмыс істеуге шабыттандырды. Сонымен бірге Ыбырай ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре білді. Әкімдердің зорлықшыл сорақы қылықтарын сынға алды. Олардан қарапайым халықты корғады. "Қызмет бабында мен қазақтармен жиі-жиі ұстасып қаламын, — деп жазды ол 1864 жылы Ильминскийге, олардың ішінде менің өз туысқандарым да бар. Олардың сырын жақсы білемін, көбін тіпті жек көремін, қазақ арасындағы қызмет адамдарын да көңілім тіпті сүймейді. Олар кедей қазақтарды — қарсылық көрсете алмай, қаскырдың аузында жем болатын қорғансыз момындарды — адамшылықтың шегінен шыға, арсыздықпен тонайды, талайды. Соларды көргенде... өте қатты күйінемін... Осы елдің күшті жемқорларының бірі өздерінің істеп жүрген істерін менің жақтырмайтынымды біліп қалды... Сондықтан ол мені бұл арадан қуып жіберудің амалын істеп жүр". Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды. 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушы дарының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. "Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім, – деп жазды ол. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды". Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. 1883 жылы Торғай облысының әскери губернаторына жолдаған баяндамасында ол: "Қазақтарға – осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа – кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру — қалай дегенмен де аса қажет болып отыр", – деп жазды. Осы жолда Ыбырай көп қиыншылықтар да кездестірді. Ел ішіндегі ескішілдік, парақорлық пен өсек-аяң оның жанын күйзелтті. "Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек" деп санады. Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған. Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім". "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.

ШЫҒАРМАЛАРЫ:


• Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку, Оренбург, 1879;
• Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906; Мәктубат, Қазан, 1896, 1899;
• Киргизская хрестоматия, Оренбург, 1879, 1906;
• Таңд. шығ. 3 томдық, А., 1943, 1953;
• Собрание сочинений в 3-х т. Т.1–3, А.-А., 1975, 1978;
• Әңгімелер, А., 1980.
• Өлеңдер
• Азған елдің хандары
• Балғожа бидің баласына жазған хаты
• Жаз
• Кел, балалар, оқылық
• Қарлығаш
• Қарға мен түлкі
• Әй, достарым
• Әй, жігіттер
• Өзен
• Өнер - білім бар жұрттар
• Өсиет өлеңдер
• Әңгімелер
• Ізбасты
• Айуанның естесі көп бірақ адамдай толық ақылы жоқ
• Алтын -айдыр
• Алтын шеттеуік
• Асыл шөп
• Ақымақ дос
• Білгеннің пайдасы
• Бір уыс мақта
• Бай баласы мен жарлы баласы
Байұлы
• Баланың айласы
• Бақша ағаштары
• Данышпан қазы
• Дүние қалай етсең табылады
• Жаман жолдас
• Жамандыққа жақсылық
• Жан-жануарлардың дауласқаны
• Жиренше шешен
• Жомарт
• Жәнібек батыр
• Зеректік
• Киіз үй мен ағаш үй
• Лұқпан әкім
• Малды пайдаға жарату
• Мейірімді бала
• Мұжық пен жасауыл
• Мұңсыз адам
• Надандық
• Оқудағы балалардың үйішіне жазған хаты
• Петр патшаның тергелгені
• Полкан деген ит
• Салақтық
• Сараңдық пен жинақтылық
• Сауысқан мен қарға
• Сақып
• Силинші деген ханым
• Сәтемір хан
• Таза бұлақ
• Талаптың пайдасы
• Тышқанның өсиеті
• Түлкі мен ешкі
• Тәкәпәршілік
• Шеше мен бала
• Қанағат
• Қарға мен құрт
• Қыпшақ Сейітұлы
• Үнді
• Үш ұры
Әділдік
• Әдеп
• Әке мен бала
• Әлім кісі
• Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш
• Өтіріктің залалы
Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы –педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей –ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,- деп оқудың пайдасын жастардың санасына сіңіреді. Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым –білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық –білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей –жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді. Ыбырай жастардың білімді адам болудағы мақсат, міндеттері –халқына пайдасын келтіру, өнер –білім меңгерудің арқасында өз елін «тастан сарай салдырған», от пен суды пайдаланып, «отынсыз тамақ пісірген, теңізде кеме жүргізген» мәдениетті елдердің қатарына жеткізу деп біледі. Келешекке сенімі мол Ыбырай өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды деп сенді. Өзін қоршаған ортаның қараңғылығы мен надандығын шеней келіп: Ы.Алтынсарин шығармаларының көбі балаларға арналғандықтан алдымен оның тілі жеңіл болуын қарастырды. Қарапайым, халықтық тілмен жазды. Осы кездерде, одан бұрын да қазақ әдебиетіне араласып, шұбарлай бастаған араб, парсы, татар, шағатай тілдері ЬІ. Алтынсарин шығармаларына енген емес. Діни сөздер мүлде кездеспейді. Қазақ әдеби тілінің бір тұтастығы мен тазалығы үшін күрескен. Мұның аса қүнды жақтары осы еді, баланың ұғымына қиын тиетін бірде бір түсініксіз ауыр сөздер жоқ. Екіншіден, сөйлем орамдары мейлінше қысқа, көбіне жай сөйлемдер болып отырады. Үшіншіден, жазылған әңгімелерінің көлемі шағын. Төртіншіден, оқиға желісі шұбалаңсыз, баланы жалықтырмайтын әрі қысқа, әрі жеңіл, әрі қызықты болып келеді. Нысанаға тиетін ойларды дәл айтады, бос сөзділік, артық суреттемелер жоқ.
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
«Өнер –жігіт көркі», -деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды....- деп жастарға зор үміт артты.
Ыбырайдың жазған әңгімелерінің бір ерекшелігі қазақ халқының тұрмыстық өмірін мысал ете алып, келесі буын ұрпақтың өсіп өркендеуіне қажетті үлес қоса білген. Ыбырай әңгімелерінің негізгі мазмұны: балаларды білімге, өнерге, адамгершілік пен тәрбиеге баулу болып табылады. Ол ел-жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы іске асады деп санады. Сондықтан ағартушы қазақ халқын егін егіп, күн көретін отырықшылыққа шақырды. өз әңгімелерінде отырықшылықтың артықтығын дәлелдеуге ерекше зер салады. Мысалы, ''Қыпшақ Сейітқұл'', ''Киіз үй мен ағаш үй''. ''Қыпшақ Сейітқұл'' атты әңгімесінде автор мал баққан халықтың жұт пен барымтаға тәуелді екенін айта келіп, жоқшылыққа ұшыраған отыз үйлі тобырдың басшысы Сейітқұлдың ақылдылығы мен тапқырлығын жастарға үлгі етіп ұсынады. Ол сауда жасауға мал жоқ, ұрлық істеуге оның түбі қорлық деп санап, өзен-сулы Қабырға деген жерге елін көшіріп келіп қоныстандырады. Жұртқа кетпен беріп, аз жылда малды ауыл болып, байып та кетеді. Ойдан-қырдан келушілер көбейіп, артынша төрт жүз үйлі ауылға айналады. Сөйтіп, адал еңбек, маңдай терімен байыған жұрт өзгелер батып келе алмайтындай қорған тұрғызып, қалалардан киім-кешек, азық-түлік алдырып, мамыражай өмір кешеді. Бұларға кезінде қосылмаған Сейітқұлдың ағасы ұрлықпен жүріп қолға түсіп мерт болады. Ыбырай осы оқиғаны тартымды да көркем етіп әңгімелей отырып, жортуылшының басы жолда қалғанын, ал адал еңбек еткендердің аз жылда ел қатарына қосылғанын нақты дәлелдей алған. Сондай-ақ жазушы ''Аурудан аяған күштірек'', ''Асыл шөп'', ''Малды пайдаға жарату'' атты әңгімелері қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлық пен шыдамдылық секілді қасиеттерді тәрбиелеуге арналған. Ендігі бір алуан әңгімелері табиғат құбылысы мен оған деген адамның қарым-қатынасын ашуға құрылады. Автор өмірлік құбылыстың сан алуан болып келетіндігі секілді соларды ұғып түсінудің де әр қилы екенін ашып аңғартуды көздейді. Сондай-ақ жазушының балаларды әдеп пен әділдікке, қанағатшылдық пен жомарттыққа, сақилық пен тазалыққа, ізеттілік пен бауырмалдыққа шақыратын әңгімелері де бір төбе. Бұлардың ішінде жан-жануарлар тіршілігінен алып жазылғандары да аз емес. Мысалы, ''Түлкі мен ешкі'', ''Қарға мен құрт'', ''Сауысқан мен қарға'' т. б. Дегенмен оның балалар табиғатына жақын, қазақ өмірінен алып жазған шығармаларының өзі аса елеулі. Осы орайда қара сөзбен келсе де айтыс өнерін еске түсіретін ''Жан-жануарлардың дауласқаны'', ''Байұлы'', ''Сәтемір хан'', ''Жәнібек батыр'', ''Оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары'' тәрізді топтамаларында тапқырлық, шешендікке баулуды мақсат етеді. Ыбырай өз әңгімелерін де шешендік, нақыл, аталы сөздерді жиі қолданып отырады. Айталық, ол ''Әке мен бала'' әңгімесінде ақыл-насихатқа толы: ''Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Азға қанағат ете білмесең, көптен де құр қаларсың'' секілді жолдарды ұсынса, ''Қыпшақ Сейітқұлда'': ''Сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, маңдай термен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды'', - деп шешендік үлгіде сөйлейді. Сонымен Ы. Алтынсарин өзінің қара сөздерінде тәрбиелік мәнді, қысқа сюжетті, шағын әңгімелердің алғаш рет негізін салды. Демек, осы тұрғыдан алып қарасақ Ыбырай ақын, тұңғыш педагог, ұстаз - ғалым. Оның мұрасы тарихқа да әдебиетке де тән, ұстаздық тәрбиелік ой-пікірілері қазақтың таусылмас қазынасы. Білім беру ісі – ауыр жол. Ыбырай қазақ балаларының көзі ашық, көкірегінің ояу болғанын қалайды. 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясын» жазады. Кітаптың алғашқы бетінде балаларды білімге шақырған, ғылымның маңызын түсіндіретін «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері басылады. Қазірдің өзінде «Кел, балалар, оқылық!» деген жолдар көптеген мектептердің маңдайшасында ұран есебінде ілулі тұр. Кешегі кеңес идеялогиясы кезінде «Бір Құдайға сиынып, Кел, балалар, оқылық» деген сөзін қатаң цензура алып тастаған болатын. Ақынның көптеген өлеңдері Алладан басталады. Өлеңдерінде исламшылдық дәстүр терең аңғарылады. Ал енді Ыбырайдың «орысқа жақын болды», «шоқынды» деген сөздер өсек-аяң деңгейінде қалды. Бұл туралы өзінің жазған өлеңі де бар:
… Аласы ағайынның алаңдатты,
Көре алмай көп ішінен жамандатты.
«Шоқынды», «крест тақты», «әй, кәпір» деп,
Аузына келгенді айтып бақты…, - дейді.
Ыбырай жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосты. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер-біілім, техниканы игеруге шақырды.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар, - деп бар игіліктің оқумен ғана келетінін насихаттады. Бұратана халықтың бұғауында ұстағысы келген билікке төтеп берудің бір ғана жолы білімді ұрпақтың санын арттыру. Бұл жолда Алтынсарин еш аянып қалаған емес. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларында оқу білімді насихаттаудың ұтымды әдісін қажеттігін көрсетті. Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттайтын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін, әсерін терең сезінді, сенді. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен адамдықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып салыстырып отырды:
«Істің болар қайыры,
Бастасаңыз Аллалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап…
Надандықтын белгісі
Еш ақылға жарымас…
…Білім деген қарымас.
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас»
Ақыл, нақыл, өнегеге толы өлеңі оқушылардың түсінігіне жеңіл тілмен, қысқа жазылған. «Кел, балалар, окылық!» өлеңінде малдың бір-ақ жұттық екені, ал оқыған адамның байлығы ешқашан жоғалып-жұтамайтыны, киім де, тамақ та, өнер-білім де оқумен табылатыны, қартайғанда да білім сүйеніш болатыны айтылады. Ақынның бұл өленді жазудағы негізгі басты мақсаты балаларға өнер-білімнің пайдасын түсіндіріп жеткізу. Шындығында, ұлт ұстазының «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі қазақ әдебиетіндегі, оның ішінде балалар әдебиетіндегі балаларды оқу-білімге шақыратын дидактикалық сарындағы ең шоқтығы биік туынды. Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Оған «Өсиет өлеңдер», «Әй, жігіттер» т.б. өлеңдерін қосуға болады. Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық-қарлықтан, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті, ескілікті салттардың зияндығын көрсетіп, адал еңбектің, адамгершілік мінез-құлықтың артықшылықтарын бейнелейді. Мысалы:
«Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,
Азған елдің ішінен.
Алыс-алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзбен салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар…»
Ыбырайдың мұндай өлеңдері бүгін ескірді, мән мағынасы көнерді деп айта алмаймыз. Жазушының адамгершілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен байланысты. Бір-бірімен ұсташтырыла суреттеліп отырады. Оның шығармаларынан ақынның биік адамгершілік қасиетін, азаматтық тұлғасын көреміз, сүйсінеміз. Ы.Алтынсарин мұрасының басым көпшілігі әдеби көркем шығармалар болып келеді, алайда сол өлеңдері мен көркем әнгімелерін ол тек педагогикалық- тәрбиелік мұрат-максатқа сәйкес жаратады, бұл жәйт оның жазушылығы мен педагогтығының бір арнадан бастау алатындығын аңғартады. Ы.Алтынсариннің ұстаздық, тәрбиешілік қызметінің өзі негізінен жастарды өнер-білім, техниканы игеруге шақыру, сол аркылы қазак даласын жайлаған қараңғылық пен надандылыққа қарсы батыл күрес ашуға бағындырылады. Осы орайда, ол көркем әдебиеттің әсіресе, поэзияның әсер ыкпалын тиімді пайдалануын қарастырады. Сан алуан аудармалары да Ы.Алтынсарин қаламынан кейін құлпырып сала береді, мұндай сипат, оның бір топ өлеңдер мен әңгімелерге жасаған өңдеу-өзгерістерінен де анық байқалады. Ақын өзі жазған, не елден алып өндеген өлеңдерінде олардың тәрбиелік нақыл-насихаттық мәніне ерекше зер салады. Сол арқылы жас буынды ізгілік пен адамгершілікке, әділдікке, зейінділік пен еңбекке баулуды көздейді. Ыбырай бойына жинаған бар ғылым-білімін жан-тәнімен балаларға үйретті, бүкіл ғұмырын сол жолға арнады. Әдебиет ‒ адамның жаны деп білген ол балалар санасын әдебиет арқылы да тәрбиелеуге ұмтылды. Өнер – білім өрге жетелейді. Сондықтан да Ыбырай:
«Өнер – білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Мың шақырым жерлерге
Аты жоқ құр арбаны -
Күн жарымда барғызды», ‒ деп өнер-білімнің артықшылығын балаларға айдан анық етіп, өлең жолдарымен жеткізді. Мектептер ашты. Онда мыңдаған бала оқыды, олар қанша балаларлың сауатын ашты?! «Өнер білім бар жұрттар» өлеңі арқылы, елін-жерін сүюге, адамгершілікке, жаңашылдыққа, білімге жетеледі. Оқу-білімге ұмтылу арқылы, жарқын болашақтың мол мүмкіншіліктеріне қол жеткізуге болатынын әсерлі жеткізеді. Отанының да көркеюіне үлес қосуға, қазіргі ақпараттық тасқын заманында, әлем әр сәт сайын өзгеруде. Сол заман ағымымен бірге жүзіп, ілім үйренуге шақырады. Мүмкін еместі мүмкін қылатын, білімді жастар екенін астарлап, көркем тілмен жеткізе білді. Осылайша, білім-өнерден алыс жатқан қазақ балаларын жинап алып, осы тәріздес үгіттік, ұрандық мәні бар өлеңді ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырды.
«Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай!
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды…
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды», - деп «техниканы меңгерген жас мамандар, жас ғалымдар шықса екен» деп жас ұрпаққа өз батасын беріп отыр. Ыбырай аңсаған асыл арманы бүгінде орындалды.«Өзен» өлеңінде әсем табиғаттың, көмкерілген мөлдір сулы өзенінің сұлу кейіпі сипатталды. Таудан арқырай аққан жан-жануарлар мен орман тоғайларға, тіршілік иелеріне рахат, нәр беретінін, елге ризық әкелетінін шынайы суреттейді.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңіліңнің сарайын ашып, денеңдегі дертіңді қашыратын, жел де, ыстық та әсер ете алмайтын, түскен тас та, кешіп өткен мал да лайлай алмайтын, қалыбымен арқырай ағып жататын өзен суретін ақын көз алдыңа әкеледі. Ыбырай табиғатты шебер бейнелеу арқылы табиғатты жандандыра жырлаудың жаңа тәсілін алып келді. Яғни, Ыбырай Алтынсарин түр жағынан табиғатты жырлаған тұңғыш ақын болды. Ы.Алтынсариннің өлеңдері балаларға түсінікті, қарапайым, көңілге қонымды әрі мақал – мәтелдерге толы. Ақын білім тек оқу білуде ғана емес, сонымен қатар алған тәрбиеңмен ұштастырып, саналы түрде бекітуің деп біледі. Ыбырай атамыздың әңгімелерінде де біраз мән-мазмұн жатыр. Балалар әдебиетінің ең қайнар көзі-әңгімелері десем қателеспеймін. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілейін деп тұрған өтпелі кезеңінде Ыбырай жас жеткіншектерге ой салатын, тәрбиелік мағынасы мол, түрлі қызықты әңгімелерді көптеп жазуға тырысып бақты. Мысалы, ағартушының «Мейірімді бала» әңгімесі тәрбиелік мағынаға тұнып тұр десек артық айтпағанымыз. Оған дәлел ретінде Сейіт бала туралы мына бір әңгімесіне құлақ түріп көрелік: Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалады. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып танып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатады. Сонда сынықшы кісі:
- Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? -деп сұрайды. Сейіт, шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлайды:
- Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын,- дейді.
Сейіт өзінің жас шамасына қарамастан жіберген қатесін түсінді. Ол екінші рет зар жылап, көз жасын көлдететін болса, ардақты ананың баласының еңіреген даусын ести алмай, талып қалатынын алдын ала сезгендей болды. Онсызда баласының қамын ойлап, зыр жүргіріп жүрген анасына қосымша жүк болмауды ойлады. Ер жігітке тән мінез көрсетті. Ішінен: «анашым сәл шыда өсуіме аз қалды» дегендей сезім қалдырды. Сейіттің мұндай іс-әрекеті екі түрлі мағына береді: алғашқысы балалықтан өтіп жауапты да дербес жетілгендікті білдірсе, екіншісі түн ұйқысын төрт бөлген анасын ерекше қастерлегенін айшықтайды. Қортындылай келе Ыбырай Алтынсарин «Мейірімді бала» әңгімесінде адамдық қасиеттерді жақсы сипаттаған. Бүгінгінің тілімен айтқанда ана мен бала арасындағы ерекше байланысты психологиялық тұрғыда еркін жеткізген. «Бай баласы мен кедей баласы» атты Алтынсаринның әңгімесінде, бізше, үлкен идея бар. Ғасырлар бойы еңбекшілерді қанап, халықты қанауды ата мирасындай көріп, соның арқасында үлде мен бүлдеге оранып өскен бай баласының басына күн туғанда дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы сол қоғам құрылысының тамыры шіріп, оның адамдары өмірдің жасаушысы, күресушісі емес, бишарасы, үстемдік етуші таптың үлкені - жауыздық пен қаярлықтың қапшығы да, жасы - мүгедектіктің бейнесі деген қорытындыға келетін сықылды. Шығармасының бас кейіпкері етіп, бай баласы мен кедей баласын алуының өзінде үлкен сыр жатыр. Егер оның көздегені тек Үсеннің ақылдылығы, Асанның ақылсыздығы, яғни бір жастағы балалардың бірі ақылдырақ, екіншісі ақылсыз болуы мүмкін екендігін көрсету болса, онда оларды екі таптан шығарудың қажеті болмас еді. Жазушының бұл жерде көрсетейін дегені - биологиялық, не психологиялық мәселе емес, әлеуметтік мәселе. Асанның есі дұп-дұрыс, дені де сап-сау. Бірақ оған қарағанда, Үсен көш ілгері жатыр. Өмірмен бетпе-бет келгенде, Асанның әлсіз, мүгедектігіне кінәлі де, Үсеннің өз құрдасынан асып түсіп, бетпе-бет келген өмір қиыншылығымен алыса кетуіне негіз де тұрмыс. Егер оның көздегені тек Үсеннің ақылдылығы, Асанның ақылсыздығы, яғни бір жастағы балалардың бірі ақылдырақ, екіншісі ақылсыз болуы мүмкін екендігін көрсету болса, онда оларды екі таптан шығарудың қажеті болмас еді. Жазушының бұл жерде көрсетейін дегені - биологиялық, не психологиялық мәселе емес, әлеуметтік мәселе. Асанның есі дұп-дұрыс, дені де сап-сау. Бірақ оған қарағанда, Үсен көш ілгері жатыр. Өмірмен бетпе-бет келгенде, Асанның әлсіз, мүгедектігіне кінәлі де, Үсеннің өз құрдасынан асып түсіп, бетпе-бет келген өмір қиыншылығымен алыса кетуіне негіз де тұрмыс. Өз бетімен жерден еңкейіп шөп алмай өскен Асанды өскен ортасымен ақысыз-пұлсыз асыраған тұрмыс өз бетімен күн көруге келгенде әлсіздікке, бишаралыққа ұшыратса, әкесін де, өзін де өз күші, өз еңбегімен күн көруге дағдыландырған қиыншылық тұрмыс кедей баласы Үсенді күрес ері етті. Асан да, Үсен де жай ғана алына салған балалар емес. Бір - бай баласының, екіншісі - кедей баласының типі. Жазушы өз ортасынан үздік шығатын бірен-саран ақылды, талантты Үсендердің, не ақылсыз Асандардың да болу мүмкіншілігін, әрине, жоққа шығармайды. Бірақ ол бай балаларының көпшілігіне тән мінез Асанда, кедей баласының көпшілігіне тән мінез Үсенде деп, оларды өз орталарының кейіпкері - типі етіп көрсетеді. Әңгімені абайлап оқушыға жазушының симпатиясы Үсен жағында. Мұны олардың іс-әрекеттерін суреттеуінен де, диалогтарынан да көру қиын емес. Жазушы болашақ та кедей баласы Үсенде деп біледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет