Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
РЕФЕРАТ
Пәні: Маркетингтегі статистикалық әдіс
Тақырыбы: Статистикалық графиктер туралы түсінік
Орындаған: Кемалова Ж.Р
2МК
Тексерген: Әлиева А.Ө
Ақтөбе 2020ж.
Статистикалық график
Статистикалық график – берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынатын сурет.
Статистикада графикалық әдісті қолдану дегеніміз – сол берілген мәліметтерді түсінікті, қолайлы және қызықты түрде көрсете білу. Графикалық әдіс мәліметтерді көрнекті түрде көрсетіп қана қоймай, сол көрсеткіштерге талдау жасауға, яғни жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға және қорытындылауға пайдаланылады.
-Графикалық әдіс
Статистикалық график арқылы сандық көрсеткіштердің өсуін немесе кемуін, олардың өзара байланыстылығын, заңдылығын анықтау үшін, оның алдына қойған мақсатына көңіл аударып, негізгі талаптарын орындау қажет:
графикте көрсетілген статистикалық мәліметтер айқын шындықты бейнелеуі керек;
графиктің құрылымы көңіл аударарлықтай көрнекті, түсінікті болуы және жеңіл оқылуы тиіс. Мүмкіндігінше көркем бейнеленгені дұрыс.
графиктегі бейнеленген көрсеткіштердің мәні мен мазмұнына байланысты оның толық аты, орны, уақыт мерзімі және шартты белгілері көрсетілуі тиіс.
Графикалық әдіс мәліметтерді көрнекті түрде көрсетіп қана қоймай, сол көрсеткіштерге талдау жасауға, яғни жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға және қорытындылауға пайдаланылады.
Геометриялық белгілердің қолданылуына қарай графиктер нүктелі және сызықты болып екіге бөлінеді.
Нүктелі график деп график негізінің жиынтықтары нүкте ретінде, ал сызықтық график деп сызықтардың қолданылуына байланысты болатын жол-жолды, төрт бұрышты, шеңбер тәріздес және т.б. түрінде берілгендерін айтамыз. Кейбір кездерде графиктер геометриялық емес фигуралармен белгіленеді. Мұндай графиктердің түрлерін бейнелі график деп атаймыз.
Сандық мәліметтерді график арқылы бейнелеу үшін, алдымен оның масштабын таңдап алу қажет, содан кейін оған шкаласын түсіреміз. Масштаб деп графикке түсірілетін сандық шаманы шартты өлшеп бірлігіне ауыстыруды айтамыз. График немесе масштаб шкаласы деп әрбір статистикалық сандық көрсеткіштерді белгілі бір межемен көрсететін жеке нүктелер мен сызықшаларды атайды.
Статистикалық графикте сызылуына қарай түзу сызықты және қисық сызықты масштаб шкаласы қолданылады. Сондай-ақ, масштаб шкаласына қарай біркелкі және біркелкі емес болып екі түрге бөлінеді.
Біркелкі немесе арифметикалық масштаб шкаласы дегеніміз, әрбір белгіленген белгінің сандық мәніне пропорционалды сәйкес екендігін көрсету. Және ол статистикада жиі қолданылады.
Біркелкі емес масштаб шкаласы деп әрбір белгіленген белгінің сандық мәнге сәйкес емес екендігін көрсетуді айтамыз.
Графиктік әдістің негізгі түрлері
Статистикада графиктік әдіс төмендегі мәселелерді шешуде қолданылады:
статистикалық көрсеткіштерді салыстыру;
зерттелетін жиынтықтың құрамы мен құрылымын сипаттау;
уақыт мерзіміне сәйкес құбылыстағы болған өзгерістердің өсіңкілігін бақылау;
құбылыстардың өзара байланыстылығын білу;
кеңістіктегі орналасуын және таратпалық дәрежесін анықтау үшін.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарына сай және кеңістіктің бағытына байланысты графикалық әдіс диаграмма және картограмма деп екі түрге бөлінеді. Сонымен қатар сәтіне, міндетіне қарай графиктік әдіс картограммада да қолданылады.
Графиктік әдістің ішіндегі ең жиі қолданылатын және кең тараған түрі –диаграмма (грек. бейне, сурет, сызба деген мағынаны білдіреді) .
Бұл - статистикалық сандық көрсеткіштердің қарым-қатынас мөлшерін көрнекті түрде көрсететін графикалық сурет немесе геометриялық фигуралар жүйесі арқылы бейнеленетін сызық. Диаграмманы құру үшін жазықтықтар мен сызықтар, ал кейде геометриялық денелер пайдаланылады. Осыған сәйкес диаграммалар бағаналы, сызықты, шаршылы, шеңберлі, секторлы және фигуралы болып бөлінеді.
Бағаланы диаграммада салыстырылып отырған әрбір бағана жеке зерзатты немесе уақыт мерзімдері бейнелейді. Мұны құрастыру кезінде әрбір бейнеленген көрсеткіштердің екі бірдей, ал биіктігі сандық мәліметтеріне байланысты әр түрлі, бірақ масштабтары біркелкі болуы қажет.
Құрылымды диаграмма статистикалық жинақтардың құрамын салыстыру үшін қолданылады. Оның көрсеткіштері жалпы жиынтықтың бөлшектерінің үлесін, яғни оның бірнеше бөлшектерге бөлінуін бейнелейді жіне сандық көрсеткіштері нақты немесе процент түрінде беріледі.
Шаршылы диаграмманың бағаналы немесе жолды диаграммалардан айырмашылығы, мұнда бейнелеуге құбылыстың көлем мөлшері алынады. Ол үшін алдымен сандық көрсеткіштердің шаршы түбірден шығатын мәнін тауып алу қажет.
Шеңберлі диаграмма деп біркелкі берілген негізгі нақты шаманың өзара қарым-қатынасын шеңбер көлемі арқылы бейнелеуді айтамыз.
Секторлық диаграммада берілген мәліметтер шеңбер арқылы көрсетіледі, яғни құрылымның салыстармалы көрсеткіштері жиынтықтың жеке бөліктіктерінің үлесін бейнелейді. Мұнда сызылған шеңбердің 360 градусы 100 пайызға тең деп алынады.
Сызықтық диаграмма өсіңкілік қатарларды немесе өзара байланысты көрсеткіштерді көрнекті бейне арқылы көрсету үшін қолданылады. Мұнда көрсетілген өсіңкілік қатардың көрсеткіштері үзіліссіз сызық түрінде бейнеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |