Реферат тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде



Дата13.01.2022
өлшемі230,49 Kb.
#111535
түріРеферат
Байланысты:
реферат Байсембеков Ислам
жанбо, еенрчрчрч, еенрчрчрч, 8 nedelja, 7алгебра 3 меруерт-2024.docx-1

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ





РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде.

Орындаған: Байсембеков И.

Тексерген: Төленді М.

Алматы 2021



Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде.

Мемлекет құрылысы тарихында конституциялық бақылаудың пайда болуы конс­титуциялардың өмірге келуімен, олардың іске асырылуын және қорғалуын қамта­ма­сыз ету қажеттігімен үздіксіз байланысты болып келеді. ХХ ғасырдың басына дейін ол Еуропа үшін бейтаныс болатын. Қазіргі дәуірде ол әмбебап сипатқа ие болды. Конституциялық бақылау – қазіргі түрінде би­ліктің бөлінуі жүйесінде маңызды элемент болып табылады. Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясына Конституциялық қадағалау комитетін құру көзделген өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізілгеннен кейін, Қазақстанда конституциялық юстиция органын құру процесі 1989 жылы басталды, алайда қыз­мет істейтін орган ретінде ол сол күйінде құрылмай қалды. Конституцияны сот арқылы қорғаудың алғашқы жоғары органы – Консти­ту­циялық Сот «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 жел­тоқсандағы Конституциялық заңға сәйкес құрылды. Осы консти­ту­циялық акт негізінде 1992 жылы «Қазақ­стан Республикасының Конституциялық Соты туралы» және «Қа­зақстан Респуб­ликасындағы конституциялық іс жүргізу туралы» заңдар қабылданды. Атал­ған актілер қабылданған соң, Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынуы бойынша, Жоғарғы Кеңес ізінше Консти­ту­циялық Соттың төрағасын, орынбасарын және тоғыз мүшесін сайлады. Консти­ту­ция­лық Соттың өкілеттік ауқымы заңдардың және өзге де құқықтық актілердің конститу­ция­лығы туралы істерді шешуді, азамат­тардың конституциялық құқықтарына қатысты құқық қолдану практикасын және өзге де мәселелерді қамтыды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қолданыстағы Конституция қабылдануына байланысты жаңа консти­туциялық бақылау органы – Консти­туциялық Кеңес құрылды. Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесін айқындайтын негізгі ережелер Негізгі Заңның «Конституциялық Кеңес» деп аталатын VI бөлімінде бекітіліп, Ке­ңес­тің құзыреті, бұл органға өтініш беру субъектілері және оның салдары, Кеңестің құрамын қалыптастыру тәртібі, шешім­де­рінің заңдық күші мен сипаты анықталған. Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметі мәселелері «Қазақстан Респуб­ли­касының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңмен нақтырақ реттеледі. Конституциялық іс жүргізудің бірқатар мә­селелері, сондай-ақ Республиканың про­цес­суалдық және өзге де заңдарында қа­рас­тырылады. Конституциялық іс жүргізуді қозғау және материалдарды қарауға дайындау тәр­тібі, өтініштерді отырыстарда қарау, шешімдер қабылдау тәртібі және өзге де мә­се­лелер Конституциялық Кеңестің қаулы­сы­мен бекітілген Регламентпен реттеледі. Конституциялық Кеңестің құрамы Конституциялық Кеңес, Төрағаны қосқанда, жеті мүшеден тұрады, олардың өкі­лет­тігі алты жылға созылады. Кеңестің Төрағасын және екі мүшесін Республика Пре­зи­денті, екі мүшесін – Парламент Сенаты және екі мүшесін – Парламент Мәжілісі та­ғай­ындайды. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конс­ти­туция­лық Кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңестiң құрамына отыз жасқа толған, Республика аумағында тұратын, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар Республика азаматы тағайындала алады. Бұл талаптар Республиканың экс-Президенттерiне қолданылмайды. Құрылған сәттен бастап Конститу­ция­лық Кеңестің құрамына 22 жоғары білікті заңгерлер тағайындалды, олардың қата­рында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғы­лым академиясының академигі (1), заң ғылымының докторлары (7) және кандидаттары (8), сондай-ақ Президент Әкім­шілігінде, сот жүйесінде, прокуратура және әділет органдарында көп жыл жұмыс істеген тәжірибелі заңгерлер бар. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері ерекше мәртебеге ие, оларға еш­кімнің тиіспейтініне Конституциямен кепілдік беріледі. Конституциялық Кеңестiң мүшелерi өкi­леттiк мерзiмi iшiнде ауыстырылмайды. Олардың өкiлеттiгiн «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңда көзделген жағдайларда ғана тоқтатуға немесе тоқтата тұруға болады. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң конституциялық iс жүргiзу мәселелерi жөнiндегi қызметi есеп беруге жатпайды. Олардың қызметiне қандай болса да араласуға жол берiлмейдi. Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру мәселелерi бойынша олар­дан есеп талап етуге ешкiмнiң хақы жоқ. Конституциялық Кеңестің құзыреті Конституциямен және «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конституциялық Кеңесі ту­ралы» Конституциялық заңмен Консти­ту­ция­лық Кеңеске өтініш беру құқығына ие субъектілер қатары және Конституциялық Кеңес юрисдикциясының шеңбері белгіленген. Конституциялық Кеңеске өтініш беру құ­қығына: Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгi, Премьер-Министр, Республика соттары ие. Конституция­лық Кеңестің Қазақ­стан Рес­публикасы Конституциясының 72-74-бап­тарында белгіленген құзыреті мынадай мәселелерді қамтиды: – дау туған жағ­дайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сай­лауын өткiзудiң дұрыстығы және рес­­публикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi; – Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды. – Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конс­титуциясына сәйкестігін қарайды; – Республиканың халықаралық шарт­та­рын бекiткенге дейiн олардың Конс­ти­туцияға сәйкестiгiн қарайды; – Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi; – Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қоры­тындылар бередi. Конституцияның 78-бабында белгіленген жағдайларда соттардың өтініштері бой­ынша қолданыстағы заңдар мен өзге де нор­мативтік-құқықтық актілер нормалары­ның конституциялығын тексереді. Консти­туциялық Кеңес конституциялық iс жүргiзу практикасын қорыту нәтижелерi бойынша жыл сайын Парламентке Республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы тура­лы жолдау жiбередi. Одан тыс, Мемлекет басшысының талап етуі бойынша Конс­титуциялық Кеңестің Төрағасы оған Республикадағы конституциялық заңдылық­тың жай-күйі туралы ақпарат ұсынады. Конституциялық іс жүргізу тиісті субъек­тілердің өтініші болған жағдайда ғана қозғалады. Конституциялық Кеңес қабылдаған қаулыны Кеңестің өзі конститу­циялық іс жүр­гізуге қатысушылардың не оның қорытынды шешімін орындауға міндетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтініштері бойынша түсіндіруі мүмкін. Егер Консти­ту­ция­лық Кеңестің шешімінде жіберілген редакциялық сипаттағы дәлсіздіктер мен қателерді түзету қа­жет болса, Конституциялық Кеңес өз бас­тамасы бойынша қосымша шешімдер қа­был­дайды. Қосымша шешiм Консти­ту­циялық Кеңес шешiмiнiң шынайы маз­мұ­нына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс. Конституциялық Кеңес шешімдерінің түрлері Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi Конституциялық Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын қорытынды шешiмдер және Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiгiн жүзеге асыратын басқа да шешiмдер болып бөлiнедi. Шешімдер қаулы­лар, солардың ішінде нормативтік қаулылар, қорытындылар және жолдаулар нысанында қабылданады. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары қолда­ныс­тағы құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Конституциялық Кеңес шешiмдердi ал­қа­лы түрде, өз мүшелерiнiң жалпы саны­ның көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестiң тiптi бiр мүшесi талап етсе де — жасырын дауыс беру арқылы қабылдайды. Егер ше­шiм қабылдау кезiнде Конституциялық Ке­ңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең бө­лiн­ген болса, Конституциялық Кеңес Төр­ағасының даусы шешушi дауыс болып та­былады, ол барлық жағдайларда өз даусын ең соңында бередi. Конституциялық Кеңес­тiң мәжiлiсi кезiнде оның отырысқа қатыс­қан мүшелерiнiң ешқайсысының да қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға хақы жоқ. Конституциялық Кеңестiң қоры­тынды шешiмiмен келiспеген оның мүшесi өз пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiруге хақылы. Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша немесе өз бастамасы бойынша, егер қабылданған шешімге негіз болған Конституция нормасы өзгерсе не болмаса өтініштің мәні үшін жаңа елеулі мән-жайлар ашылса, қайта қарауы мүмкін. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіп­сіздікті, мемлекеттің егемендігі мен тұтас­тығын қамтамасыз ету мүддесінде Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша қайта қарауы мүмкін. Шешімді қайта қарау туралы Конституциялық Кеңес қаулы шығарып, ол арқылы осы шешімнің толығымен немесе бір бөлігінде күшін жояды. Конституциялық Кеңес шешімдерінің заңдық күші Конституцияда Конституциялық Кеңес шешімдерінің жалпыға бірдей міндетті заңдық күші бекітіліп, кешіктірмей қолда­нысқа енгізілу тәртібі белгіленген. Конституциялық Кеңес шешімінің түп­кі­ліктігі оның заңдық күшінің ажырамас си­паты болып табылып, қорытынды қаулы қабылдау арқылы конституциялық іс жүр­гі­зудің қисынды түрде аяқталғанын айғақ­тайды. Конституциялық Кеңес шешімінің түпкіліктігі сондай-ақ оның өтініш субъек­тісі үшін сол бір себеп бойынша кері қайт­пайтынын білдіреді, өйткені, Конституция­ның 74-бабының 3-тармағына сай, Консти­ту­циялық Кеңестің шешімдері «шағым­да­нуға жатпайды». Бұл Кеңестің шешімдеріне шағымдану құқығының да, мұндай ша­ғым­дарды қарайтын тиісті инстанция­лар­дың да жоқ екенін білдіреді. Сонымен бірге, ерекше жағдайларда Конституциялық Кеңестің өзі қолданыстағы қаулыны қайта қарауы немесе оны түсіндіру жөнінде қосымша қаулы қабылдауы мүмкін екені конституциялық құқық нормаларында жоққа шығарылмайды. Конституциялық Кеңестің қаулылары тек Конституцияға ғана негізделеді және өзге нормативтік құқықтық актілердің бәрі оларға қайшы келмеуге тиіс. Конститу­ция­лық Кеңестің қаулыларында баяндалған құқықтық позициялардың күші Кеңес конс­ти­туциялық емес деп тапқан норма­лар­ды қайта қабылдау арқылы еңсеріле алмайды. Конституцияның 73-бабының 4-тарма­ғы­на сай Конституциялық Кеңестiң ше­шiмiне толығымен немесе бiр бөлiгiне Республика Президентi қарсылық бiлдiруi мүмкiн, бұл қарсылық Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен еңсерiледi. Президент қарсылығы еңсерiлмеген жағдайда, Конс­ти­туциялық Кеңестiң шешiмi қабылдан­бады деп есептеледi. Қарсылық Республика Президенті шешімнің мәтінін алған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей енгізіледі. Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдерді орындау тәртібі мен мерзімін белгілей алады. Егер Конституциялық Ке­ңес­тің шешімі мемлекеттік шығысты ұл­ғай­туды немесе мемлекеттік кірісті қыс­қар­туды көздейтін болса, онда Консти­туциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдерді орындау мерзімін Қазақстан Республи­касының Үкіметімен келісе отырып белгілейді. Конституциялық Кеңестің шешімін орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы оған тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар Консти­ту­циялық Кеңес белгілеген мерзімде хабарлайды. Конституцияның сол бір нормасы бойынша Конституциялық Кеңестің жаңа шешім қабылдауы өтініш субъектісінде бас­қа бір жағдайда түсінбеушілік туын­даған өзге бір мәселеге, осы бір конституциялық норманың нақты талабын не талаптарын қолдануға немесе орындауға байланысты болуы мүмкін. Конституциялық Кеңестің Конституцияның сол бір нормасы бойын­ша жаңа қаулысы осы конституциялық нор­маға қатысты бұдан бұрынғы қаулы­сына қайшы келмеуге тиіс. Мұндай қаулы Конституция­лық Кеңестің Конституция­ның осы нормасын ресми түсіндіру жөнін­дегі бұдан бұрынғы қаулысының құқық­тық позицияларын толық­тырып, дамыта түсуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Конституция­лық Кеңесінің шешімдері елеулі құқықтық салдарға әкеп соқтырады. Конституциялық емес деп танылған заңға және Республи­каның шарттарына қол қойылмайды не олар бекітілмейді және қолданысқа енгізілмейді. Конституциялық емес деп танылған, соның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер заңдық күшінен айырылады, қолданылмайды және жойылады. Соттар мен өзге де құқық қол­данушы органдардың осындай заңға немесе өзге бір нормативтік құқықтық актіге негізделген шешімдері орындалмайды. Конституциялық Кеңес Конституцияға сәйкес емес деп таныған Президент және Парламент депутаттарының сайлауы жарамсыз деп жарияланады. Конституциялық Кеңес қызметінің кейбір көрсеткіштері Өзі қызмет істеп келе жатқан кезең ішінде Конституциялық Кеңес 140-тан астам нормативтік қаулы қабылдады. 25 заң және халықаралық шарт толығымен немесе бір бөлігінде конституциялық емес деп танылды. Конституциялық бақылау практикасын қорыту нәтижесі бойынша Пар­ламентке елдегі конституциялық заң­ды­лықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы 14 жолдау жіберілді. Осы жолдаулардағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстардың көпшілігі заң шығармашылығы мен құқық қолдануда ескерілді, соның нәтижесінде 65 заңға Конс­ти­туциялық Кеңестің құқықтық пози­ция­лары­на сәйкес өзгерістер мен толық­тырулар енгізілді. Елдегі конституциялық заңдылықтың нығаюына, сондай-ақ Конституциялық Ке­ңестің беделі артуына көп ретте Мемлекет бас­шысының Республика Конституция­сы­на және Конституциялық Кеңеске деген ерек­ше ықыласы септігін тигізуде. 2008 жылы Республика Президентінің заң шы­ғару­шылық бастамасы тәртібімен «Қазақ­стан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға өз­герістер мен толықтырулар енгізіліп, солар арқылы Конституциялық Кеңестің шешімдеріне жоғарырақ дәрежедегі салмақ берілді. Мұндағы енгізілген жаңалық сол, Конс­титуциялық Кеңестің шешімдеріндегі заң­наманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауа­зым­ды тұлғалар міндетті түрде қарап, қа­был­данған шешім туралы Конституциялық Кеңесті міндетті түрде хабарландыруға тиіс. Бұл мәселелер Президент Әкімшілігінің бақылауында тұр. Конституциялық Кеңестің қызметінде адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтама­сыз ету және қорғау жөніндегі өтініштер басым орын алады. Бірқатар жағдайларда заңдардың, халықаралық шарттардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің даулы нормалары Конституцияға сәйкес емес деп танылады. Конституциялық Кеңестің қаулы­ларымен сондай-ақ азаматтардың жеке құқықтары, саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтары қамтамасыз етілді. Бірқатар қаулылар құқықтар мен бостан­дықтардың сот арқылы қорғалуы мәселе­лері бойынша қабылданып, олар заңда көзделген соттылыққа құқығы, әкімшілік іс­тердің сотта қайта қаралуына, қылмыс­тық істі алқабилер қатысуымен қарау тура­лы өтінішті сотқа дейінгі сатыда ғана емес, сот ісін жүргізудің бастапқы сатысында да мәлімдеуге құқығы, қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық іс қозғау туралы қаулыларына сотқа шағымдану құқығы және т.б. секілді құқықтарды бекітуге бағытталды. Конституциялық Кеңестің практика­сында Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейін қарау маңыз­ды орын алады. Конституциялық Кеңестің бұл функциясы ұлттық заңна­маны жетілдіруге септігін тигізеді. Өзі қызмет атқарып келе жатқан жылдар ішінде Кеңес Парламент қабылдаған заңдардың Негізгі Заңға сәйкестігін тексеру туралы 23 өтініш қарады. Қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің конститу­циялығын тексеру Республика соттарының ұсынымдары бойынша іске асырылып, негізінен ол адамның және азаматтың конс­титуциялық құқықтары мен бостандық­тарын қорғауға бағытталған. Өткен жылдар ішінде Конституциялық Кеңес соттардың 64 өтінішін қарады. Сот­тар өздерінің іс жүргізуінде жатқан іс бойынша қолданылуға тиіс заңдар және өзге де нормативтік құқықтық актілер (конс­­титуциялық заңдар және заңдар (кодекстер), Республиканың халықаралық шарттары, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары, Үкіметтің, орталық және жер­гі­лікті атқарушы органдардың, өзге де мем­лекет­тік органдардың нормативтік құқық­тық актілері және т.б. нормаларының конституциялығын тексеру туралы ұсы­ным­мен Конституциялық Кеңеске жүгіне алады. Негізгі Заң Конституциялық Кеңеске Конституция нормаларын ресми түсіндіру құқығын береді, ол конституциялық нормалардың мазмұны мен мағынасын анықтаудан және түсіндіруден тұрады. Конституцияның нормаларын ресми түсіндіру – бұл Конституция нормалары­ның мәнін анықтаудың түрлі тәсілдері ар­қылы олардың сөзбен білдірілу мағынасы­на сәйкес Конституциялық Кеңес беретін нор­мативтік түсіндіру. Түсіндірудің көле­мін күні бұрын анықтап болмайды, өйткені Конституциялық Кеңес Конституция нор­маларын түсіндірудің әдістерін таңдауда Конституцияны ғана негізге алады. Бұл жерде Конституция нормаларының оның жалпы ережелерімен және принциптерімен қисынды түрдегі өзара байланысы мен қабаттастығы назарға алынады. Консти­ту­циялық Кеңестің нормативтік қаулылары, Конституция нормаларын тек өтініш субъектілерінің мәселелері бойынша ғана талдау прецеденттерін жасай отырып, тікелей конституциялық реттеу үшін бұл нормалардың мағыналық түсінігін толық­тыра түседі. Конституцияның мағынасы­нан, ондағы жазылған нормалардан, жалпы ережелер мен принциптерден тікелей келіп шықпайтын ұйғарымдарды Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі жасамайды. Конституция нормаларын түсіндіре отырып, Кеңес конституциялық реттеу нысанының шегінен шықпайды. Конституциялық Кеңес құрылған күн­нен бері оған келіп түскен өтініштердің 40%-дан астамын Конституцияның норма­ларын ресми түсіндіру туралы өтініштер құрайды. Конституцияның нормаларын ресми түсіндіру туралы қаулыларда Конс­ти­туциялық Кеңес адамның және азамат­тың конституциялық құқықтары мен бос­тан­дықтарының жүзеге асырылуы және қор­ғалуы, Қазақстан Республикасының аза­­мат­тығы, Республика Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі, Парламенттің құзы­реті мен оның қызметін ұйымдастыру, Парламент депутаттарының мәртебесі, заң шығару процесі, биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының өзара қарым-қатынасы, сайлау жүйесі, Үкіметтің, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті мен қызметі мәселелерін және т.б. қарады. Конституциялық Кеңес шетелдердің конституциялық юстиция органдарымен, Құқық арқылы демократия үшін Еуропа­лық комиссия (Венециялық комиссия), Жас демократиялы елдердің конституциялық бақылау органдары конференциясы секілді мәртебелі халықаралық ұйымдармен бай­ла­ныс орнатқан. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері шетелдердің конс­ти­туциялық соттарына, өзге де орган­да­ры­на іссапарлармен барып, конференцияларға және өзге іс-шараларға қатысу арқылы конс­титуциялық бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет