Фонация. Дауыс шығару механизмдері Орындаған: Сматилаева А



Дата16.01.2022
өлшемі46,19 Kb.
#112257
Байланысты:
Логопедия нег фонация

Фонация. Дауыс шығару механизмдері

Орындаған: Сматилаева А.

Тобы: 105-82


Адамның дауысы (фонация) қалай шығады?

Фонация кезінде дауыс перделері жабық күйде болады. Дем шығарғанда ауа бір–біріне жақын тұрған дауыс сіңірлерінің арасынан өтіп, оларды ажыратады. Көмекей бұлшық еттерінің жиырылуы арқылы дауыс перделері қайтып өз орнына келеді. Дауыс перделерінің арасының осылайша ашылып-жабылуы сыртқа шығатын ауаның қысымы біткенше созылады.

Осылайша фонация кезінде дауыс перделері шиеленіседі және тербеліс қимылдар пайда болады. Дауыс сіңірлерінің осы тербеліс қимылдары дыбыс толқындарын тудырады. Сөйлемеген кезде дауыс перделері ашық болады . Сыбырлап сөйлеген кезде дауыс перделерінің бір бөлігі ғана қозғалысқа түседі. Дауысты және үнді дыбыстарды айтқан кезде дауыс перделері жабық, ал дауыссыз дыбыстарды айтқанда олар ашық күйде болады.

Сонымен, фонация кезінде дауыс перделері тербеліске түседі. Бұл тербелістер бойлық емес, көлденең бағытта болады, яғни дауыс перделері төмен және жоғары қарай емес, іштен сыртқа қарай қозғалады.



Адамның дауысы:
  • күшіне,
  • жіңішке-жуандығына
  • тембіріне қарай бөлінеді.

Дауыстың күші көбіне дауыс перделерінің қозғалу амплитудасына (қарқынына) байланысты. Ол ауа ағымының қысымымен, яғни дем шығару күшімен белгіленеді. Сонымен қатар дауыс күшіне дыбыс күшейткіш болып табылатын жұтқыншақ, ауыз және мұрын қуысы да әсер етеді.

Резонаторлық қуыстың формасымен көлемі және көмекейдің құрылымының ерекшеліктері дауыстың дара реңкіне немесе тембріне әсер етеді. Адамдарды дауысынан дәл осы тембріне қарай ажыратуға болады.



Дауыстың жіңішке-жуандығы дауыс перделерінің қозғалуының жиілігіне және дауыс перделерінің ұзындығына, жуандығына және керілу дәрежесіне тікелей байланысты.

Дауыс перделері неғұрлым ұзын және кернеу аз мөлшерде болса, соғұрлым үн дыбысы төмен болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет