Интонация (дауыс екпіні) – айтылу кезінде дауыс ырғағының жоғарылауы және төмендеуі



Дата24.10.2022
өлшемі16,26 Kb.
#154697
Байланысты:
Интонация


Интонация(лат. іntono)[1] – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:

  1. Мелодия

  2. Ритм

  3. Темп

  4. Қарқындылық

  5. Тембр

  6. Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.

Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.


Интонация (дауыс екпіні) – айтылу кезінде дауыс ырғағының жоғарылауы және төмендеуі.
Сондай-ақ дауыс екпініне сөйлеушінің кез келген сезімін, дауыс ырғағын көрсететін айтылу тәсілі де жатады.
Дауыс екпіні мағынаны жеткізуге және берілетін ақпаратты қабылдауды өзгертуге көмектеседі; әңгімелесу немесе сөйлеу нәтижесі дауыс екпініне байланысты.

Барлық тілдердегі интонацияның ең басты да универсалды компоненті әуен (мелодика) деп есептеуге болады. Себебі қай тілдің болса да басқа тілдерден айырмашылығын білдіруде сол тілдің өзіне ғана тән әуені үлкен роль атқарады да, ол тілдің бірден-бір өзгешелік белгісі бола алады. Жалпы әуеннің сөйлемдегі атқаратын қызметі әр алуан. Біріншіден, сөйлеу тілінің ағысын неше түрлі бөлшектерге мүшелеп жіктейтін де, олардың басын қосатын да әуен және онымен қоса пауза. Екіншіден, сөйлемдердің коммуникативтік түрлерін анықтауда, яғни олардың айтылу мақсатына қарай (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті) бөлінуінде үлкен қызмет атқарады. Үшіншіден, грамматикалық және лексикалық тәсілдермен қосылып сөйлемдердің жалпы мағынасын беруге, оның нюанстарын анықтауға қатысады. Төртіншіден, оның сөз тізбектерінің синтагмалық акценттелуімен қосылып, сөйлемнің логикалық және эмоциялық мазмұнын жеткізуде үлкен орын алады.


Тілдің әуені кейде сөйлеу тілдерінің индивидуалды сөйлеу ерекшеліктеріне қарай құбылуы мүмкін. Бірақ та мұндай жағдайда ол құбылу сол тілдің әуенінің негізгі формаларынан тыс өзгеше ауытқи алмайды. өйткені ондай кезде сөйлемнің негізгі мазмұны өзгеріп, тыңдаушы түсінбей қалуы мүмкін.


Интонацияның компоненттерінің біреуі тембр деп аталады. Тембр дегеніміз адамның әр түрлі көңіл күйін, эмоциясын білдіретін интонациялық тәсіл. Тембр арқылы қуаныш пен мысқыл т.б. сезімдер беріледі. Интонацияның басқа компоненттерімен салыстырғанда жалпы тіл білімінде тембр – оның ең аз зерттелген компоненті.




Интонацияның маңызды да белгілі компонентінің біреуі – пауза. Сөйлеу сөзінің ағысында болатын кідірісті пауза дейді. Пауза мағынасына қарай физиологиялық, эмоциялық ситуациялық, интеллектілік деген түрлерге бөлінеді. Паузаның лингвистикалық функциясы дегеніміз, оның бір бүтін тексті фразаларға, синтагма, ритмикалық топ, сөздерге бөлуі ғана болып қоймай,ғ сонымен бірге интонацияның басқа компоненттерімен қосылып сөйлемдердің түрлі мазмұндық, эмоциялық т.б. қарым-қатынастарын анықтауға қатысуы деп айтуға болады. Паузаның мөлшері сөйлеу тілінің қарқынымен тығыз байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет