Тақырыбы: СӨЖ Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу мүмкіндіктері
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Орындаған: Нұрғали Аяулым Қаһарманқызы 1.Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу мүмкіндіктері Білім алуда ерекшеқажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептің оқутәрбие процесіне кіргізу кезеңдері: 1-кезең – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда (ПМПК) жүзеге асырылатын мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау және білім беру ұйымдарына жолдау. 2-кезең – мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту үшін ата-аналардың білім беру ұйымын таңдауы. ПМПК мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеуге арналған неғұрлым ыңғайлы және оңтайлы жағдайларды ұсынады, алайда «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49 бабы «Ата-ананың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері» негізінде бұл жағдайларды таңдау ата-аналарға берілген. 3-кезең – мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ұйымдарына орналастыру. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың және олардың атааналарының мүмкіндіктерін есепке ала отырып білім алудың вариативті жағдайын жасау үшін оқыту келесідей ұйымдастырылады: 1) арнайы мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдарында; 2) жалпы білім беретін мектепте (бала бақшада) ашылу мүмкіндігі бар: а) мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне әлеуметтік кіріктіруді жүзеге асыратын арнайы сыныптары, сонымен бірге сыныптар қажеттіліктердің түріне қарай толымдалуы және оқыту арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуы тиіс; б) мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне кірістіруді толығымен жүзеге асыратын инклюзивті білім беру сыныптары. Арнайы сыныптар және инклюзивті білім беру сыныптары белгілі мектептерде білім басқармасының жергілікті органдарымен келісімі бойынша құрылады және төмендегі іс-шаралармен: