Реферат тақырыбы: «Джон Локктың педагогикалық көзқарастары»



Дата08.02.2022
өлшемі29,8 Kb.
#118112
түріРеферат
Байланысты:
Реферат Джон Локк Т-21-01 Султанова Сабина



ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Джон Локктың педагогикалық көзқарастары»
Орындаған: Султанова Сабина
Тобы: Т-21-01
Тексерген: Балтабаева А.Т.

Нұр-Султан 2021


Жоспар:

  1. Джон Локктың педагогикалық көзқарастары.

  2. Джон Локктың жұмысшылардың балаларын тәрбиелеудегі демократияға қарсы көзқарасы

  3. Пайдаланылған әдебиеттер.

Джон Локктың педагогикалық көзқарастары.
Джон Локктың педагогикалық көзқарастары “Тәрбие жөнiндегi ойлар” және “Ақылды тәрбиелеу туралы” атты еңбектерiнде ашылған. Оның пiкiрiнше, тәрбиенiң мақсаты өз жеке басының iсiн ойластырып, жүйелеп орындайтын, өз мүддесiн iске асыруда бар мүмкiндiктерiн қосатын ақсүйектердiң балаларын тәрбиелеу. Ақсүйектердiң жас ұрпақтарына тәрбиенiң бiр саласынан ғана тәрбие бермей, дене және адамгершiлiк тәрбиелері берiлуiн қолдады.
Джон Локк мектептердегi оқу-тәрбие жұмыстарына көңiлi толмай, қайта мектеп оқушыларды терiс мiнез-құлыққа итермелейдi, сондықтан ақсүйек баласының үй тәрбиесiнен бiлiмдерi мен дағдылары мектептен артық деп санаған.Ол дене тәрбиесiн ерекше бағалаған, “мықты дене, мықты рух” болса, дене күшi мықты, ауа-райының құбылысына бейiм, қатаң режимге тәрбиелеудiң қажеттiлiгiн айтып, баланы ерлiкке және табандылыққа үйрететiндiгiн ескертедi. Локк шығармаларында адамгершiлiк тәрбиенi кеңiрек қарастырады. Ол адамгершiлiк қасиеттер мен сапаларға: кiшiпейiлдiлiкке, ұстамдылыққа, әдiлеттiлiкке және сақтыққа тәрбиелеу керек деп есептеді. Ол сондай-ақ, ақыл-ой тәрбиесі білімді, іскер адамды қалыптастырады, еңбек тәрбиесі өнерді игеруге септігін тигізеді деп санады.
Ақсүйек баласын жан-жақты тәрбиелеуде жеке ерекшелiктерiн ескерiп, нақты әдiс-тәсiлдер арқылы тәрбиелеуде мынандай ұстанымға негiзделуi тиiс: тәрбиенiң табиғатқа сәйкестiлiгi; баланың табиғи жас өзгешiлiктерiн айқындау; тәрбиеде сүйiспеншiлiкпен қатар қаталдықтың болуы. Балаларды тәрбиелеуде олардың табиғи ерекшелiктерiн, талаптары мен талғамдарын, қызығушылықтарын дұрыс пайдалану тәрбиенiң сапалық деңгейiн арттырады. Сонымен қатар Джон Локк тәрбие әдiстерi жайлы құнды амалдарды: үлгiөнеге; жаттықтыру; әдет-дағдыларға үйрету; әңгiмелесу, пiкiр алысу; қызығушылығы мен ынтасын қанағаттандыру; намыс пен терiс ұғымдарға назар аудару сияқты тәсiлдердi тәрбие жұмыстарында пайдаланудың қажеттiлiгiн көрсетiп бередi. Оқытудың мазмұнына келгенде Джон Локк ақсүйек баласына берiлетiн бiлiм оның практикалық iс-әрекеттерiн ұтымды ұйымдастыра бiлуге, айналасын қоршаған өмiрден өз орнын табуға, өздiгiнен ой қорытындысын жасауға, кез-келген қиын жағдайларда орынды жол табуға үйретiп дағдыландыруға тиiс деп есептейдi. Әрбір пән оқушыны өмірге даярлайды деген пікірде болды. Негізгі дидактикалық ұстанымы - оқытуда баланың қызығушылығы мен ізденімпаздығына сүйену. Ал оқытудың әдiстерiне келгенде баланың ойлау қабiлетiн дамытуда ойлау операцияларын дұрыс қолданып, бiлiмдердi жинақтап, топшылау, деректерге негiзделген қорытынды ойды бiр-бiрiмен ұштастыра бiлу, ой қисынын жасау ақылдылықтың белгiсi дегендi айтады.
Баланың өздiгiнше ойлау дағдысын қалыптастыруда жаттап алудан сақтану және ойды кезең-кезеңмен дамыту жөнiндегi әдiстемесiмен оқытушы баланы қаруландыруы тиiс, сонда ғана балалардың бiлiмге деген ынтасы мен сүйiспеншiлiгiн дамытамыз.
Сонымен Джон Локктың ғылыми-әдiстемелiк пiкiрлерi орта ғасыр мектептерiн сынап, жаңа негiздегi, яғни баланы жеке дара тәрбиелеу және бейiм қабiлеттерiн мақсатты түрде дамыту идеясы педагогика ғылымының дамуына елеулi әсер еттi, оны еуропалық педагогтардың көбi қолдады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Интернет желісі

  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет