Реферат тақырыбы: "Фармацевтикалық кәсіпорында микробиологиялық талдау жүргізу бойынша нұсқаулық жасау"



Дата29.11.2023
өлшемі25,89 Kb.
#194099
түріРеферат
Байланысты:
Әдебиетова Ақжүніс Биобез-4


С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті”

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: "Фармацевтикалық кәсіпорында микробиологиялық талдау жүргізу бойынша нұсқаулық жасау"

Орындаған:Әдебиетова Ақжүніс


Топ:ФӨТ21-027
Тексерген:Шынықұл Жансерік

Алматы 2023


Микробиологиялық талдау медициналық құрылғыға, орамға, шикізатқа немесе ингредиентте микроорганизмдерді сипаттауға мүмкіндік береді. Өнімнің микробиологиялық құрылымын тексеру өндірушілерге қолданушыға зиян келтіретін бактериялар мен токсиндердің жоқтығына көз жеткізуге мүмкіндік береді.


Патогенді микроорганизмдер


Көрсеткіш бактериялар
Микроорганизмдердің нашарлауы
Стерильденген өнімдерден басқа микроорганизмдердің белгілі бір түрлері мен саны міндетті түрде тұтынылатын тамақ өнімдерінде болады. Олар шикізаттан өңдеуге және тұтынушыға жеткізуге дейін әр түрлі сатыда тамақ өнімдеріне беріледі. Бұл микроорганизмдердің саны және ластанудың алдын-алу өндіріс барысында қабылданатын гигиеналық шараларға байланысты. Микроорганизмдер табиғи шикізатта болады.

Өкінішке орай, әртүрлі өндірістік процестерде, буып-түю, сақтау және тасымалдау қызметінде бұл микроорганизмдер кейіннен тамақпен ластануы мүмкін.


Шындығында, белгілі бір шекті мәнге дейін тамақ өнімдеріндегі микроорганизмдер күтіліп отыр. Дегенмен, тағамның нашарлауы мен адамның жұмысына зиян келтіретін микроорганизмдердің болмауы маңызды. Азық-түлік өнімдерінің сапасы индикаторлы микроорганизмдер деп аталады. Алайда адамдарда инфекцияны, улануды және ауруды тудыратын микроорганизмдер патогендік микроорганизмдер деп аталады.


Кейбір азық-түлік өнімдері қауіпті, өйткені олардағы микроорганизмдердің көбеюін қолдайды. Микроорганизмнің ластану қаупі құрғақ тағамдар мен жеткілікті түрде өңделген тағамдарға қарағанда аз болады. Алайда, азық-түлік саласындағы өндіріс кезеңдерінде ғана сезімталдық микробиологиялық ластану үшін жеткіліксіз.


Бірдей сипаттамалары бар тұтынушыларға қол жеткізу үшін тасымалдау және бөлу процестерінде абай болу керек. Кейбір микроорганизмдер, олардың саны өте аз болса да, адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Алайда, тұтыну кезінде тағамның сыртқы түрі мен дәмінде проблемалар туындамайтындықтан, оны тұтынушы байқамауы мүмкін емес.


Құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар сұйықтықтардың ерітінділері резеңке үрімшенің немесе автоматты тамшуырдың көмегімен алынуы тиіс. Сұйықты ауызбен алуға, бір шыны түтікшенің жиегінен екінші шыны түтікшеге сұйық өсінділерді құюға тыйым салынады. Ыдыс, тамшуыр, жабдық, шприцтер пайдалану алдында олардың тұтастығы мен жарамдылығы тексерілуі тиіс. Бактериологиялық ілмек құралдың ұзындығы 6 сантиметрден аспауы тиіс.


68. Инфекциялық материалды жеткізу және оны ұйымның (зертхананың) аумағындағы бір зертханадан екінші зертханаға тасымалдау металл ыдыста (бакта, биксте) жүзеге асырылады. Материалды ашқан кезде банкалар мен шыны түтікшелер дезинфекциялау ерітіндісімен сүртілуі және металл кювет пен штативке қойылуы тиіс. Өсінділер себілген ыдыстардағы су конденсатына қол тигізуге жол берілмейді.
69. Инфекциялық материалды сепкен кезде шыны түтікшелерге, ыдыстарға, сауыттарға материалдың атауы, өсіріндінің (талдаудың) нөмірі, себу күні мен тіркеу нөмірі көрсетіле отырып жазу жазылады.
70. Серологиялық зерттеулер жүргізу алдында материал залалсыздандырылуы тиіс. Зерттеуді жедел жүргізу қажеттілігіне байланысты алдын ала залалсыздандырмай реакциялар қоюға жол беріледі. Мұндай жағдайда зерттеу кюветте, дезинфекциялық ерітіндіге малынған сулықтармен жүргізіледі.
71. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс үстелдерінде фиксацияланбаған жұғындыларды, Петри ыдыстарын, шыны түтікшелерді және инфекциялық материалы бар басқа да ыдысы қалдыруға тыйым салынады.
72. Жұмыс басталғанға дейін зертхана үй-жайын ылғалды тәсілмен жинау керек. Үстелдер, аспаптар, жабдық, едендер, терезе алды дезинфекциялау ерітіндісін қолдана отырып сүртіледі. Жұмыс процесінде және ол аяқталғаннан кейін зертханада осы Санитариялық ережеге 8-қосымшаға сәйкес дезинфекциялау және 1 текше метрге 2,5 ватт қуаттылығымен 30-60 минут бойы бактерицидтік шаммен сәулелендіру жүргізілуі тиіс.
73. Жұқпалы материалды сақтағаннан кейін тоңазытқыштарды еріту оларды дезинфекциялаумен бірге жүргізіледі. Конденсацияланатын су залалсыздандыруға жатқызылады.
74. Жұмыс күнінің соңында термостаттар, тоңазытқыштар, шкафтар, олар тұрған жұмыс бөлмесінің есіктері кілттеп жабылуы және пломбалануы тиіс.
75. Патогендігі І-ІІ топтағы қоздырғыштарымен жұмыс жүргізетін ұйымдардағы «жұқпалы» аймақтың үй-жайы шығаберісте жіңішке тазалағыш сүзгісі бар механикалық сыртқа тарату желдеткішімен намесе БҚБ-мен жабдықталады.
76. Жұқпалы жануарлармен жұмыс жүргізілетін үй-жайдың кіреберісінде биіктігі 30 см табалдырығы, ал бактериологиялық бокстар, серологиялық және шұғыл зерттеуге арналған үй-жайларда - дезинфекциялау ерітіндісін малынған кілемше болуы тиіс.
77. Патогендігі І-ІІ топтағы микроорганизмдерге күдікті материалдарды жұқтырған жануарлар басқа жануарлардан бөлек ұсталуы тиіс.
78. Диагностикалық материалды зерттеу жүргізілетін үй-жайда тірі вакциналармен жұмыс істеуге; зертханада зерттелетін микроорганизмдер сезімтал дәрілік препараттар болмағанда антибиотиктерге төзімді вирулентті микрорганизмдермен эксперименттік жұмыс жүргізуге тыйым салынады.
79. Жұқпалы блокты қоспағанда зертханалық үй-жайларда 4 типтегі қорғаныш костюмімен жұмыс жүргізіледі. Саптың және мелиоидоздың қоздырғыштарымен жұмыс істеген кезде жұмыс істеуші адамдар резеңке қолғаппен, бактериологиялық зерттеулер кезінде - қосымша мақта-дәке маска мен қорғаныш көзілдірікте болуы тиіс.
80. Аса қауіпті инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын жұқтыруға күдікті кез келген дала материалын (кеміргіштердің өліктері, эктопаразиттер, індердің субстрат сынамалары) тұрғын палаткаларынан кемінде 20 м қашықтықта, тікелей күн сәулесінен, сондай-ақ жауын-шашын мен жоғары температураның әсерінен қорғайтын жабындыларда оны зертханаға жеткізген сәтке дейін уақытша сақтауға рұқсат етіледі.
81. Дала материалын зертханаға жеткізу дала бригадасының немесе зертхананың көлігімен екі адам апару арқылы жүзеге асырылады.
82. Жыртқыш құстардың саңғырықтары мен аңдардың экскременттерін талдау формалиннің 1%-дық ерітіндісінде 12-18 сағаттай ұстағаннан кейін жүргізіледі.
83. Жәндіктер мен кенелерді олардың таралуын болдырмайтын арнайы үй-жайларда (инсектарийде) сауыттарда немесе банкілерде ұстайды. Бұрыннан бар инсектарийді толтыру үшін ұсталған бүргелерді қан сормаған жас бүргелер пайда болғанға дейін жекелеген банкаларда ұстайды.
84. Буынаяқтылармен жұмыс істеу барысында қолданылатын ыдыстар қайнату арқылы дезинфекцияланады. Қалдықтардың үстіне дезинфекциялау ерітіндісі құйылады немесе өртеледі, құрал-саймандар қайнатылады немесе отқа ұсталады. Бөзден жасалған қапшықтар 30 минут ішінде сулы-сабынды ерітіндіде қайнату арқылы залалсыздандырылады.
85. Виварийлер мен инсектарийлердегі омыртқалылар мен буынаяқтылардың қозғалысын есепке алуды ауланған күні мен орнын, зерттеу мен карантин нәтижелерін көрсете отырып, арнайы нөмірленген және бауланған журналда жүргізіледі. Виварий мен инсектарий үй-жайлары жұмыс күні аяқталғанда мөрленіп жабылады.
86. Омыртқалылар мен буынаяқтыларды виварийлер мен инсектарийлерден басқа ұйымдарға тек ұйым (зертхана) басшысының рұқсатымен ғана, бұл ретте тек таза виварийлерде туылған жануарлардың ішінен берілуі мүмкін.
87. Адамдардан, кеміргіштерден, экопаразиттерден алынған биологиялық материалдарды, қоршаған орта сынамаларын қабылдаумен және бастапқы өңдеумен байланысты барлық жұмыстар мен оларды зерттеу «жұқпалы» блокта жүргізілуі тиіс. Бактериологиялық зерттеу үшін зертхана жануарларының органдарының жұқтырылуын, оларды ашуды, себуді зертханашымен бірге дәрігер осы Санитариялық ережеге 9-қосымшаға сәйкес 1-2 типтегі қорғаныш костюмімен жүргізеді. Жұқпалы бөлімшеде жұмыс аяқталғаннан кейін қорғаныш костюмдері шешілуі және бокс кіреберісінде залалсыздандырылуы тиіс.
88. Қызметкердің зертхана үй-жайынан қорғаныш киімімен шығуға, оны залалды немесе заладануға күдікті материалмен жұмыс істеген кезеңде үй-жайдан шақыруға тыйым салынады.
89. Түнгі уақытта және жұмыс күні аяқталғаннан кейін зерттеу ауысымды жұмыс істеу жағдайы сақталынған және зертханада кемінде екі адам (дәрігер мен зертханашы) болған жағдайда, ұйым басшысының рұқсатымен жүргізіледі.
90. Патогендігі І топтағы қоздырғыштарды жұқтыруға күдікті материалмен жұмыс істейтін адамдардың дене қызуын жұмыс күнінің аяғында еркін нысандағы журналда тіркей отырып, өлшеу жүргізіледі.
91. Кептірілген микроорганизмдері бар ампулаларды ашу БҚБ-да дезинфекциялайтын ерітіндісі бар кюветтің үстінде жүргізіледі. Кесілетін ампуланың ұшы дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған үш қабатты дәке сулықпен жабылады және пинцетпен бөлінеді. Ашылған ампула кейіннен сулықты дезинфекциялайтын ерітіндіге батыра отырып, бір-екі минут бойы сол жабылған сулықта қалуы тиіс, содан кейін ампула стерильді тампонмен жабылады. Ішіндегісі толық ерігеннен кейін ампула бокстан алынуға тиіс.
92. Күйдіргі микроорганизмдерімен жұмыс жүргізетін зертханаларда зерттеу аяқталғаннан кейін зертхана үй-жайлары мен жабдықтары инфекцияның спорасының себілуіне тексеру жүргізілуі тиіс.
93. І-ІІ топтардағы микроорганизмдерді жұқтырған немесе жұқтыруға күдікті материалдан алынған жағындыларды қыздыру арқылы кептіруге және бекітуге тыйым салынады. Бекіту үшін 960 этил спирті, Никифоров қоспасы (960 этил спирті мен эфирге тең), метил спирті, құрамында күйдіргі микробы бар материалды зерттеу кезінде - 3% пергидроль ерітіндісі қосылған этил спирті қолданылады.
94. Жұмыс аяқталғаннан кейін зерттелетін материал салқын термостатқа (18-200С температура кезінде) жинап салынуы, үстел дезинфекциялау ерітіндісімен, қол - 700 спиртпен өңделуі және мұқият жуылуы тиіс. Қызметкер аз уақытқа бокстан шыққан кезде есіктер кілтпен жабылады, кілт зерттеу жүргізетін қызметкерде сақталады.
95. Жұқпалы немесе жұқтыруға күдікті материалды бір бокстан екінші боксқа немесе автоклавқа тасымалдау металл бикстарда жүргізіледі.
96. Өңделген материалды (кеміргіштердің өлекселері, зертханалық жануарлар, ұядан алынған материалдар) залалсыздандырылады, содан соң кремациялау пешінде өртеп жағылады. Кремациялау пеші болмаған кезде жұқтырылған материал автоклавтанады, кейіннен тұрмыстық қалдықтар полигонында көміледі.
97. Далалық жағдайларда материалды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6430 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың арнайы рұқсатымен және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бойынша химиялық залалсыздандыруға және шұңқырларға көмуге жол беріледі.
98. Зертхана үй-жайынан алынған қоқыс дезинфекциялайтын ерітіндіге батыру, автоклавтау немесе өртеу арқылы залалсыздандырылады. Залалсыздандырылмаған сұйықтарды кәріз жүйесіне төгуге тыйым салынады.
99. Зертханада тоқсан сайын патогенді микрофлораға ағын суларды зерттеу жүргізілуі тиіс.
100. Зерттеу нәтижелерін жазу жазбаның алғашқы түрінде жүргізіледі, бокстан әкету алдында дезинфекцияланады.

6. Bирустармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар


101. Зертхананың «жұқпалы» аймағындағы бокстарда (немесе БҚБ-да):
1) жануарларды жұқтыру және ашу;
2) жұқтырылған жануарларды ұстау;
3) центрифугалау, кептіру, дезинтеграциялау, аэрозольдердің ықтимал пайда болуына байланысты басқа да операциялар;
4) жасушалар мен тауық эмбриондарының өсірінділерін жұқтыру;
5) суспензияларды дайындау;
6) лиофилизирленген ПБА-мен жұмыс істеу;
7) коллекциялық штаммдарды жүргізу жұмысы жүргізіледі.
102. Тірі вирустармен серологиялық зерттеу, бастапқы және қайта егілетін тіндердің өсінділерінің сан алуан жүйелерін дайындау, клиникалық материалдарды бастапқы өңдеу БҚБ-нда жүргізілуі тиіс.
103. Персонал БҚБ-нда жұмыс істеген кезде мақта матадан тігілген пижамаларды, стерильді халаттарды, орамалдарды, маскаларды киюі тиіс. Жасуша жүйелерін культивациялау мен жұқпалы материалмен жұмыс істеу резеңке қолғаппен орындалуы тиіс.
104. ПБА бар ыдыс көп қабатты дәке сулықпен жабылған, дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған подносқа немесе табақшаға қойылады.
105. Адамдар сарысуларын антигендердің табылуына зерттеуде немесе патогендігі ІІ топтағы қоздырғыштарға антиденелерді анықтауда мынадай шарттар сақталуы тиіс:
1) жұмыс жекелеген үй-жайда (бөлме, бокс) жүргізіледі;
2) жұқпалы емес (құрамында тірі қоздырғыштар жоқ) антигендерді (диагностикум) пайдалану;
3) центрифугалау арқылы қаннан сарысу бөлуді бокс үй-жайларында немесе биологиялық қорғаныш бокстарында да жүргізу.
106. Патогендігі І-ІІ топтағы вирустармен жұмыс істеу барлық зерттеулер жұмысы өзара байланыстағы қауіпсіздік бокстар жүйесі қондырылған арнайы зертханаларда жүргізілуі тиіс. «Жұқпалы» аймақтың үй-жайларында есіктері автоматты түрде жабылатын өтпелі автоклав орнатылуы тиіс.
107. «Жұқпалы» аймаққа кіру қорғаныш киімі киілетін себезгі бөлмесі немесе шлюзі бар санитарлық өткізгіш арқылы жүзеге асырылады. Шлюзде жұмыс істеген уақытта бактерицидтік шам қосылуы тиіс.
108. Шлюздерге кіретін есіктер өзі жабылатын болуы және құлыптармен жабдықталуы тиіс. Жұмыс уақытында «жұқпалы» аймақ үй-жайларының есіктері жабық болуы тиіс. Бұл уақытта вирусологиялық боксқа кіруге және шығуға тыйым салынады. Басқа үй-жайлармен байланыс жасау үшін телефон немесе сөйлесу құрылғылары пайдаланылады.
109. Биологиялық материалды сақтау төменгі температураға төзімді, тұмшаланған, сынбайтын контейнерлерде жүзеге асырылуы тиіс, олар температурасы төмен шкафтарға немесе сұйық азоты бар ыдысқа салынады.
110. Биологиялық материалды технологиялық жүйелер мен қойма арасында тасымалдау тұмшаланып жабылатын, ылғал өтпейтін, залалсыздандыруға жатқызылатын контейнерлерде жүргізілуі тиіс.
111. Вирусология зертханасының барлық қалдықтары, пайдаланылған себезгі бөлмесінің суы зарарсыздануы тиіс.
112. Жұмыс кезінде қызметші 2-типтегі обаға қарсы костюмді пайдаланады, тауық эмбриондарын, жануарларды, экопаразиттерді жұқтыру, биологиялық материалды центрифугалау және вакуумды кептіру 1-типтегі қорғаныш костюмінде жүргізіледі. Жұмыс соңында гигиеналық себезгі қабылдайды.
113. Кептірілген риккетсиялар өсірінділері бар ампулаларды ашу, риккетсия биомассасын гмомгенизациялау БҚБ-нда 2-типтегі қорғаныш костюмімен жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет